Байлық пен ақыл

234

 

Пәні: Әдебиеттік оқу Сыныбы: 2-сынып Уақыты: 14.10.2014ж
Сабақтың тақырыбы Байлық пен ақыл (Ертегі)
Сілтеме «Әдебиеттік оқулық» оқулығы, «Атамұра»2013ж Авторы:Б.Т.Қабатай.С.Р.Рахметова. Әдебиеттік оқулық 2-сынып,ИТ.
Сабақтың мақсаты  «Байлық  пен  ақыл» мәтінінің  мазмұнын  ұғыну,түсіну,жан-жақты толық  мағлұмат  алу.
Күтілетін нәтиже Жаңа  тақырып  жөнінде  түсінік  қалыптасады,тақырыптың  мазмұнын  жетік  түсінеді.логикалық  ой-өрісі  дамиды.Топтағы өзара оқытуды ұйымдастыру арқылы диалогтік әдісті ендіру.Оқушылар  өз  пікірін  толық  жеткізіп,өз  ойларын  жүйелі айтуды үйрету.
Түйінді идеялар Байлықтың негізі-денсаулық.

 

Ресурстар Интерактивті тақта,үлестірмелі тапсырмалар, түрлі түсті стикерлер, А3 пішімдегі парақтар, маркерлер, смайликтер 
Қолданылатын модульдері 1-модуль. Оқыту  мен  оқудағы   жаңа  тәсіл (топтық  жұмыс) ,4- модуль  АКТ  пайдалану (электрондық  оқулық), 2-модуль.Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету(миға  шабуыл), 3-модуль.Бағалау(рефлексия),постер дайындату,кластер әдісі.
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
 

І.Ұйымдастыру кезеңі

 

Мұғалім сабаққа жақсы қатысу керектігі жайлы балаларға ой тастайды. Қиылған сөздерді құрастыру арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді,

1-топ:Жан –жануарлар ертегісі.

2-топ:Қиял-ғажайып ертегісі.

3-топ:Шыншыл ертегісі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау «Мозайка» әдісі  бойынша сыныпты топқа бөлу .Үй тапсырмасы бойынша топтарға тапсырмаларды бөліп беру

Кластер әдісі.

1-топ:Жан-жануарлар  туралы  ертегілер. Мәтіннің  мазмұнын  өз шеберліктерімен көрсету.

2-топ:Қиял-ғажайып   ертегілері. Арыстан  сөзін  жазып  постер  қорғату.

 

3-топ:Шыншыл  ертегілер. Кесте  бойынша  жұмыс.

 

 

 

Сергіту сәті

 Интернеттеге  «Қара жорға» бейнеролигін көрсету Бейнероликтеге кірпінің іс–қимылдарын әуенге сай қайталайды
 

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

Оқулықтағы материалдарды бөлімдерге бөлу Миға  шабуыл

 

А.  1-топқа: Жан-жануарлар  туралы  ертегілер.Байлық  деген  не ,қалай  түсінесіңдер?

2-топқа: Қиял-ғажайып   ертегілері. « Денсаулық-зор байлық» дегенді  қалай  түсінесіңдер?

3-топқа: Шыншыл  ертегілер. Байлық, денсаулық  туралы  мақал-мәтелдер  айту.

Ә.   1-топ:Жан-жануарлар  туралы  ертегілер. Рольге бөліп оқып сомдау.

    2-топ: Қиял-ғажайып   ертегілері.Ертегіні мазмұндау

    3-топ: Шыншыл  ертегілер. Сахналау.

 

V.Қорытындылау «Байлық пен ақыл»ертегісі бойынша сұрақтар беріледі. Балалар топпен ақылдаса отырып сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма Мазмұндау .

Аңдар туралы мағлұмат жинап келу .

Бағалау Жиынтық  баға .

Түстер  арқылы  бағалау.

Топтар  бір-бірлерін бағалайды.

 

 

Кері байланыс

Стикерлерді үйлестіру арқылы  Рефлекция. Сабақ туралы ойлары мен ұсыныстарын жазады.