Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер.

111

 

Сабақтың атауы Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер.
Сілтеме «Физика және астрономия» 8 сынып. /Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова,  – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2012.
Жалпы мақсаты

 

Денелер қалай электрленетінін біледі. Электр зарядының сақталу заңын біледі. Электроскоппен танысады.  Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндерді ажырата алады.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Денелерді электрлей алады. Электр зарядының сақталу заңын қолдана алады. Электроскоппен электр тогын өлшейді.  Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтін заттарды біледі.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Электр заряды. Электроскоп. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер.
Тапсырмалар

 

Тәжірибе жасау.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

1-тапсырма

Мұғалім немен айналысады Оқушылар немен айналысады
· Топқа  бөледі

· Тапсырма  береді

· бағыт-бағдар  береді

· бақылайды

· Топқа  бөлінеді

· Постер қорғайды.

· Талдайды, пікір  алмасады, ортақ  шешімге  келеді.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

 2-тапсырма

 

 

Топтың жұмысын бақылайды. Тәжірибелерін тексереді. Жұмыстарын бағалайды.

Топпен отырып   оқушылар ойларын  тұжырымдап, тәжірибе жасайды,  білімдерін  бағалайды, яғни жазған жұмыстарына қорытынды жазады.
Дерек көздер және жабдықтар: АКТ, интербелсенді тақта, электрондық оқулық, электроскоп, фольга шарлар, қағаз қиындылары, жүн, мата, эбонит, шыны таяқшалар.

 

Оқыту мен оқуды бағалау: Формативті, суммативті
Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері Оқулық  бойынша тақырып – §28, 29

108-113 бет

Кейінгі оқу. Ежелгі гректер
Сабақты талдау .  Екі тапсырмадан кейін қорытынды жазады.
Тәжірибелік сабақты бағалау Қауіпсіздік  ереженің  сақталуы

Тапсырма  реттілікпен  орындалады

Сабақ бойынша өзгертулер Оқушылардың  талдауынан  кейінгі  ұсыныстар, көрсетілімдер.

 

 

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәті

2 мин

Сыныпты электр құралдары бойынша         3 топқа бөлу.

І топ. «Электр шамдар»

ІІ топ. «Үтіктер»

ІІІ топ. «Электр шайнек»

Электр құралдары бойынша

3 топқа бөлінеді

Үй тапсырмасын тексеру. 1 мин Жабық сұрақтар қояды.

1.Термодинамиканың 1-ші заңы?

2.Егер жылу мөлшері 0-ге тең болса термодинамиканың 1-ші  заңы қандай болады?

3.Егер А=0 болса Т.1-ші з. ?

4.Изобаралық процесс?

5.Изтермиялық процесс?

6.Изохоралық процесс?

 

Оқушылар топта отырып жауап береді. Топ басшысы бағалау парағына белгілеп отырады.
І.Білу

1 мин

Мұғалім тақырыптар береді. Денелер қалай электрленетінін біледі. Электр зарядының сақталу заңын біледі. Электроскоппен танысады.  Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндерді ажырата алады.Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды оқып біледі.
ІІ.Түсіну

15 мин

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың түсінгендерін постерлер, жасаған тәжірибелері арқылы көреді.

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Әр топ  өздеріне берілген тапсырмаларының мағынасын ашады.Постерлер қорғайды және тақырыбына байланысты тәжірибелер орындайды.

Оқушылар сұраққа толық жауап береді.

Топ мүшелері жауаптарды өзара  бағалап отырады.

 

«Отшашу»  сергіту жаттығуын жасайды.

ІІІ. Қолдану

15 мин

Тәжірибенің орындалу  дұрыстығын тексереді. Оқушылар топпен тәжірибеде қолданып көрсетеді.
ІҮ. Талдау

2 мин

Топтар тақырыпты талдайды.

Әңгіме- дебат ұйымдастыру

Өз постерлері  бойынша ойларын дәлелдейді.
Ү.Жинақтау

5 мин

Электрондық оқулықтан бейне жазба көрсету. Оқушылар ЭО-тан бейнкежазба көреді.
 

V. Үйге тапсырмасын  беру

1 мин 

 

§28,29 Оқып келуге.

 

Оқушылар күнделіктеріне жазады.

Үйде №5 эксперименттік тапсырма

VII. Рефлексия

3 мин

Бүгінгі сабақ сендерге  ұнады ма?

Стикерлерге жазу. (өте қызық, ұнады, түсінбедім, ұнамады)

Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған критерийлер бойынша бағалау

Сабақтан алған әсерлерін  стикерлерге жазу.

 

Оқушы үні