Аққала. Шынықсын денеміз

Сабақтың тақырыбы: Аққала. Шынықсын денеміз

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өлеңді оқи отырып, қысқы

                                ойын түрлеріне тоқталу. Аққала соғуға

дайындыққа жетелеу. Салауатты өмір

салтын насихаттау және баулу.

Дамытушылық: Оқушыларға көркем

                                     сөздің мағынасын меңгерте отырып,

тілдік қорларын қолдана алу, әдеби

тілмен жүйелі жинақтап сөйлеу

дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға деген

сезімі артады.Еңбекшілдікке тәрбиелеу,

экологиялық және эстетикалық тәрбие

беру.

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік

Стратегиялар: Ой қозғау, Венн диаграммасы

 

Сабақтың  барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сабаққа әзірлігін тексеру

ә) оқушылардың назарын сабаққа аударуды ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сыңарыңды тап» ойынын ойнату.

ІІІ. Жаңа сабақ. Өздерің айтқандай қысқы кеш өте тамаша болады. Ал қар жауғаннан кейінгі көріністі айтсақ мүлде керемет. Қармен атысып ойнаса, шаңғы, шана тепсе қандай керемет!

Бүгін біз Мағжан Жұмабаевтың «Аққала» және Бердібек

 

 

 

 

Соқпақбаевтың  «Шынықсын денеміз» өлеңдерін оқимыз.

  • Автор туралы мағлұмат беру.

Мағжан Жұмабаев қазақтың аса көрнекті ақыны. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында туған.

Кішкентайынан зерек болған Мағжан 4 жасында ауыл мектебінің есігін ашқан. Өз ұлтын өте жақсы көрген. Өлеңдерінде туған елінің болашағына сенген. Жастарға үміт артқан.

Ол жалған жаламен ұсталып, жазықсыз құрбан болды.

  • Аққала өлеңін оқып, талдау.
  • Өлеңде не жайлы айтылған?
  • Қыста ойналатын ойын түрлерін ата.
  • «Шынықсын денеміз» өлеңін оқып талдау.
  • Өлеңде не жайлы айтылған?
  • Екі өлеңді салыстыра отырып Венн диаграммасын толтырайық

*Өлеңді мәнерлеп оқыту , бір шумақтан оқыту.

 

 

 

Қыста өте керемет өзгешеліктер болады. Қыс айларына желтоқсан, қаңтар, ақпан жатады. Қыста жер- дүниенің барлығын аппақ қар жабады. Қыста әртүрлі еңбектер жасалады, түрлі ойындар ойналады. Қысқы ауа – райы денсаулыққа өте пайдалы. Қыста адамдар қалың киімдерін яғни биялай, малақай, тон, пальто сияқты қалың киімдерін киеді. Қыс мезгілін әсіресе балалар жақсы көреді.

  • Тапсырмаларды орындау. М. Жұмабаевтың өлеңіндегі теңеу сөздерді тауып, тізіп жаз. Мысалы, көбіктей, сүліктей … Мағыналарына мән бер.
  • Осы өлеңдегі балалардың қуанышты кезін суреттейтін жолдарды тауып оқы.

ІУ. Сабақты бекіту

Аққала денелері шашылған, оған көмектесу үшін артындағы тапсырмаларды орындау.

  • Өлеңдерде қандай қысқы ойындар жөнінде сөз болды?
  • Ол ойындардың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
  • Аққала соғуға балалар қалай дайындалды?
  • Сырғанақ тебу үшін қандай дайындық керек?
  • Өзің қыста қандай ойындар ойнайсың?

У. Сабақты қорытындылау, бағалау.

 1.«Аққала» өлеңінен қысты суреттейтін сын есімдерді жаз.

 

2.Қар ұлпаларына қыс ойындарын жазып, толтыр.

  1. Қыс мезгілінің денсаулыққа пайдасын қар ұлпаларына жаз.

Үйде «Қысқы еңбек» тақырыбына әңгіме құрастыру.