«Физика- тұрмыста, өмірде»

 

«Физика- тұрмыста, өмірде»

Құрметті  оқушылар,ұстаздар!

Бүгін біз ИФМ апталығының төртінші  күнінде  9 және 10 сыныптар  арасында  «Физика тұрмыста,өмірде» деген  тақырыппен  кешімізді  бастағалы отырмыз.Кешке қош келдіңіздер.Бұл кеште тіл мамандары,музыка пәні ,физика және математика пән мұғалімдері қатысып отыр.Тақырыптын көріп отырғанымыздай кешіміз күнделікті өмірдегі физикаға арналады.Алдымен екі топты ортаға шақырып танысып алайық. Әділқазылар алқасымен таныстыру.Кеш  жоспарымен таныстыру

Физика-ол менің үйімде,

Физика-музыка елінде.

Физика-мақал мен мәтелде,

Физика тілімен дәлелде!

Физика-жұмбақ пен әзілде,

Физика-ақынның тілінде

Физика-жерімде,көгімде

Осының бәрін сен дәлелде!

дей  отыра  осы  кешіміз де  жоғарда  айтылған  өлең  жолдарының  бөлімдерімен аталады.

І бөлім «Физика-ол менің үйімде»

Тапсырма: Екі топқа тапсырма беріледі.

І топ : «Үйдегі  жылу құбылыстары мен  жарық  құбылыстарына негізделген мысалдар келтіру»

ІІ топ : «Үйдегі механикалық қозғалыстар мен электрлік құбылыстарға негізделген мысалдар келтіру»

Ойлануға 5 минут

Тыңдауға әр топқа 5 минуттан

Барлығы 15 минут

ІІ бөлім «Физика-музыка елінде»

«Миға шабуыл»

-Физикалық құбылыстарға негізделген қандай музыкалық аспаптарды  білесіңдер және осы екі пән арасындағы байланыс қандай?

Тапсырма:Үйден  дайындап  келген  физикалық  құбылыстарды сипатталған әндер айту сайысы.

Ән айтылып болғаннан кейін  түсіндіріледі.

 

ІІІ бөлім «Физика мақал мен мәтелде»

Тапсырма: Оқушылар өздерінің дайындап келген мақал-мәтелдерін  айтып,мағынасын ашып береді.

Мұғалім: «Тыңдамаса сөз жетім дегендей»  біздің шешен де дана ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер қалдырған екен біз  де солардың бірнешеуін сіздерге түсіндіріп өтейік.

  1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. /энергияның сақталу заңы/
    2. Терек қисайған жағына жығылады. /ішкі энергия/
    3. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /диффузия құбылысы/
    4. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. /ішкі энергияның өзгеруі/
    5. Ит жүгіріп тазы болмас. / жылдамдық/
    6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. /Күш/
    7. Таң атпайын десе де, күн қоймайды. /Жердің өз осінен айналуы/
    8. Көктеректің жапырағы, желсіз де сыбдырлайды. /Конвекция/
    9. Қол жұмылмай — жылынбайды. /Жылу берілу/
    10. Ас — адамның арқауы. /Энергия/
    11. «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: Жіберген қатенді екінші рет болдырмау керектігін, ал қатеңнен тиесілі қорытынды жасай білуге меңзейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұсынуға болады. Бұл физикада оқып үйренілген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.
  2. «Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: өмірдегі барлық құбылыстар өзара себеп-салдарлы байланыста болатындығынан болса, физикалық тұрғыдан – астында да, жер бетіндегі судың температурасының артуынан ол буланып (кебу) ал температура төмендегенде су тамшыларының суынып – конденсациялануынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсіндіреміз.
  3. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады» мақалының тәрбиелік мәнін ашамыз: егістіктің таңертең күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса температураның жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда температура төмендегендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.
  4. «Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады». Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек. Әр уақытта шыншыл, әділ болу керек, әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.
  5. «Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ». Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.
  6. 16. «Азықсыз адам алысқа бармайды». Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану қажет.
  7. «Тонның жылуы терісінен емес — жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамнң жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.
  8. «Нан піскенше күлше күйеді». Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек. (Меншікті жылу сыйымдылығы)
  9. «Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды». Ертеде біздің ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде, киіз үйлерде тұрған, киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп атаған.
  10. Көсеу ұзын болса, қол күймейді. (Жылу өткізгіштік)
  11. Қол жұмылмай, жылынбайды. (Жылу берілу)

23.Тасты тауға сүйрейді, ал төмен ол өзі құлайды (Үйкеліс күші).
24.Түзу жолда, қисық жүрме (қозғалыс).

   Ескерту:Пән мұғалімі уақытты тиімді пайдалану мақсатында өз қалауынша мақал-мәтелдерді ықшамдап алуы ұсынылады.

 IV бөлім «Физика тілімен дәлелде!»

Тапсырма:Топшамаларға жазылған тапсырмалар беріледі.Оқушылар физикалық заңдылықтарға сүйене отырып жауап береді.

1.Биология пәні мұғалімі:Қайбалиева Фаузия Гизатуллаевна Сұрақ: Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?
Жауап: Серпімділік құбылысы
2.Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді. Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қандай заңына негізделген
Жауап: Инерция заңы
3.Сұрақ: Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
Жауап: Өйткені балықтың денесі үйкелісті азайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған. Сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады
4. Қазақ тілі пәні мұғалімі Утегалиева Айгүл Жасұлановна
Cұрақ: «Басқан жерде із қалар
Айтқан жерде сөз қалар»-деген мақал физикалық тұрғыдан қандай заңға негізделген?
Жауап: Қысым заңдылығы
5.Еңбек пәнінің мұғалімі:Темесов Бауыржан
Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады?
Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы үйкеліс
6.Сұрақ: Адамның шашын, қасын мұртын қырау шалатыны неліктен?
Жауап: Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсаяцияланады.
7.Математика пәні мұғалімі:Бақытова Б.
Сұрақ: Сорпа ыстық екен, ағаш қасықтарының бар ма, ауыз күймеуге сол жақсы, неге?
Жауап: Ағаш жылуды нашар өткізеді.
8.Сұрақ: Балалар, жазды күні далада серуендеп келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр.Бұл не құбылыс?
Жауап: Диффузия.
9. Технология пәні мұғалімі:Улмесекова Ардақ Сұрақ:Саусақ бірікпей, ине бірікпейді
Жауап: Үйкеліс құбылысы
10.Сұрақ: Терлеп, ыстықтап кетіп едім, суу үшін қолымды бетімен желпіп едім, суынып қалдым ғой, неге?
Жауап: Бетімізді желпігенде ауаның қозғалысы терді кептіру процесін жылдамдатады да кебу үшін энергия бет терісінен алынатындықтан, беттің ішкі энергиясы азайып суынады.
VІ бөлім «Физика-жұмбақ пен әзілде»

Тапсырма:

1.Таңертең бар кешке жоқ

Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас

Мендей мөлдір таба алмас. (шық)

2.Түсі бар көрінбейтін

Бір тұтас білінбейтін

Тынысы бар тіршіліктен

Ешқашан жүрмейтін. (ауа)

3.Жай көзге көрінбейді
Қозғалуға ерінбейді (молекула)
4. Жоғарламайды ешқашан
Түрлендірсең егерде
Басқа күйге ауысса
Жұмыс істейді әрқашан (энергия)
5. Өзі затты құрайды
Теңелуге таразыны сұрайды (масса)

Әзіл сұрақтар
Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды?
Жауабы: Электр зарядының бірлігі — Кулонды
2. Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы?
Жауабы: Нобель сыйлығы
3. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды?
Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым
4. Қандай сақинаны тағуға болмайды?
Жауабы: Ньютон сақинасы
ІІ топ жұмбақтары мен әзіл сұрақтары:
1.Көтерілсе жоғары
Ерітер мұхит мұздарды
Төмен түссе шамалы
Сездірер суық ызғарды (температура)
2.Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
өлшем бірлігін қарасаң
Ньютонға келеді (күш)
3.Оңынан оқы тіршілік нәрі
Солынан оқы онсыз адам
өсімдік, аң, құс
әп — сәтте сөнер
тұншығып бәрі (ауа)

4.Мүлгіп тұрған бақ тыныш

Ораныпты ақ күміс.  (қырау) 

5.Етек-жеңі жиналмай

Дауыл тұрса дым қалмай

Түйдектеліп көшеді

Тоз-тоз болып өшеді. (бұлт)

  1. Қандай торға қамауға болмайды?
    Жауабы: Дифракциялық торға
    2. Қандай моль киімді жемейді?
    Жауабы: Моль — заттың мөлшерінің бірлігі
    3. Қандай өріске мал жаюға болмайды?
    Жауабы: Электрлік және магниттік өріс

4.Массасы 1кг мақта ауыр ма тұз ауыр ма?

Жауабы:Массалары тең.

VІІ  бөлім «Физика-ақынның тілінде»

Тапсырма:Үйден дайындап келген көркемсөздерін оқу

VІІІ  бөлім «Физика-көгімде,жерімде»

Тапсырма:І топ-Жер әлемі,ІІ топ-Аспан әлемі туралы түсініктерін айтып ой толғайды

«Физика. ..- тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» -деген екен неміс физик-теоретигі,1954 жылы кванттық физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Макс Борн
Мұғалім.  Бүгінгі сайысымызды  Тұрмағамбет ақынның

Ақыл – тон, алдағанға тозбайтұғын.

Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.- деген сөзімен қортындылағым келіп тұр.