Денелердің элекрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.

Сабақтың тақырыбы: Денелердің элекрленуі. Электр заряды.  Электр зарядының сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты:      1. Денелердің электрлену құбылысын түсіндіру, денелер мен материя бөлшектерінің ерекше қасиеті ретінде электр зарядына анықтама беру, электр зарядының сақталу заңының тұжырымдамасын беру.

  1. Оқушының ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, өз беттерімен, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру
  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, алған білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра білуге үйрету.

 

Сабақтың типі:                     Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың  түрі:                    Дәстүрлі, топтық.

Сабақтың әдісі:                    Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, тәжірибе көрсету, ойын

элементтері, сын тұрғысынан ойлау техниканың әлемдері.

Сабақтың барысы:                   1.Ұйымдастыру бөлімі

  • Сынып оқушыларын топқа бөлу.

-Тренинг:  Балаларды жыл мезгілдеріндегі туған күндеріне қарай топтастыру.

  • 3 топ: «Архимед», «Паскаль», «Кулон».

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  • «Физикалық лото» ойыны арқылы тарауды қорытындылау.

 

  1. Жаңа сабақ:
  • Әр топ өз іштерінде топ мүшелеріне:
  • «Физикалық ұғым»,
  • «Физикалық құбылыс»
  • «Физикалық шама» аттарын береді.
  • Осы атауларға сәйкес оқушыларды бөлек топтарға бөлу
  • Жаңа тақырыпты осы 3 топқа бөліп беру.
  1. «Электр» сөзінің шығу тарихы. (сызбамен түсіндіру)
  2. «Электрлену» құбылысының мәнін ашу. (тәжірибемен түсіндіру)
  3. «Электр заряды» туралы айту. (формуламен түсіндіру)
  • Әр оқушы осы берілген тақырыптарды оқиды.
  • Әр топ мүшелері өз тобына келіп, оқыған материалдарымен таныстырады

 

  1. «Қарапайым тәжірибе – білім негізі»
  2. «Жабысқыш шар»

Қажетті жабдықтар: шар, жүн, жиде

    Тәжірибе барысы: 1. Шарды үрлеп, оны өзіңнің жейдеңе 10 рет үйке.

Шарды жейдеңе тигізіп ұстап, біразден соң қоя бер. Не

байқалады? Себебін түсіндір.

  1. «Қолғалмалы түтікшелер».

Қажетті жабдықтар:  Сусын ішетін 4 түтікше, шыны таяқша, жүн матаның қиығы,

                                        үстел

   Тәжірибе барысы:   1. 5 см қашықтықта өзара //етіп екі түтікшені үстелге

                                           орналастыр.

  1. Қалған екі түтікшені жүн матаға үйкеп, біреуін алғашқы екеуінің үстіне көлденең сал. Екінші түтікшені кезек-кезек (тигізбей) үстіңгі түтікшенің біресе оң жағына, біресе сол жағына апар. Не байқадың? Себебін түсіндір
  2. «Тартылатын шарлар».

          Қажетті жабдықтар: Жіп, 2 шар, жүн мата немесе былғары.

              Тәжірибе барысы: Жіпке 2 кішкене үрленген шарларды бір-біріне жақын бірақ өзара жанаспай тындай етіп, іліңдер. Екі шарды былғарымен н/е жүн матамен үйкеңдер. Не байқалады? Неліктен?

  1. «Секірмелі қағаздар»

          Қажетті жабдықтар: Металл қалбыр, қағаз қиындылары, шыны, жібек шүберек.

  Тәжірибе барысы: Металл қалбырдың үстіне кішкене қағаз қиындыларын салыңдар.

Шыныны жідек шүберекпен сүртіп, оны қалбырдың үстіне абайлап қойыңдар. Не байқалады? Неліктен?

  1. «Жүзгіш мата»

         Қажетті жабдықтар: Пластмасса сызғыш, мақта, жүн мата:

             Тәжірибе барысы: Пластмасса сызғышты электрлеңде. Оның үстіне жақсы түтілген бір шымшым мақтаны қойып, ұшырып жіберіңдер де, сызғышты оның астына әкеліңдер. Егер сызғыш жақсы зарядталған болса, онда мақта үстінде «жүзіп» жүреді. Осы құбылысты түсіндір.

  1. «Секіргіш қағаз қиындылары».

                   Қажетті жабдықтар: Пластмасса сызғыш, құрғақ қағаз, қағаз бөліктері.

             Тәжірибе барысы:  Пластмасса сызғышты құрғақ қағазға үйкелеп, майда кесілген қағаз бөліктеріне жақындатса, олар тартылады. Неге? Себебін түсіндір.

 

  1. Суретті есеп. (Кітаппен жұмыс).

№1 есеп. Зарядталған таяқша мен қағаздан жасалған қауыз: 2 – суреттегі а және ә жағдайлары қалай әрекеттеседі? Егер таяқша теріс зарядталған болса, онда олардың өзара әрекеті қалай өзгереді?

№2 есеп. Жіпке ілінген қағаз қауыздары электрленген. Осы кезде олар 24 – суретте көрсетілгендей орналасады. Қауыздағы зарядтардың таңбалары жөнінде не айтасыңдар?

№3 есеп. Жіпке ілінген шарлардың (25 сурет) зарядтарының таңбасын анықтаңдар.

№4 есеп. Зарядталған денелердің (26 сурет) өзара әрекеті дұрыс кескінделген бе?

№5 есеп. Сурет бойынша әңгімелеңдер. Электрленген таяқша, жіңішке су ағыны.

№6 есеп. Сурет бойынша әңгімелеңдер. Резина мен шыны таяқша. Қағаз қиындылары.

 

  1. Бекіту. «Мәреге жет» ойыны
8

 

 

Электр зарядының сақталу заңы қалай оқылады? (формуласы)

7

 

 

6

Аттас н/се әраттас зарядтар деп қандай зарядты айтамыз?

                                     Электр зарядының неше тегі бар?

5

                                     

1
2
3
4

                                      Электр зарядының өлшем бірлігі.

                                             Электр зарядының белгіленуі

                                             Электр заряды дегеніміз не?

                                           Денелер қалай электрленеді?

                          «Электр» қандай сөзден алынған? Ол

                                             қандай мағына береді?

 

 

  1. Үйге тапсырма: § 28. 1-6 есептер.
  2. Бағалау.
  3. Қорытындылау. –Қазылар алқасының шешімдерін тыңдау.

                                  -Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.