«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойыны

44

 

Сабақ тақырыбы:  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  ойыны

Сабақ мақсаты: Әрбір оқушының физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасай білуге үйрету. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: плакаттар, суреттер, бағалау жетондары,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сайыс кзеңдері:

І. «Білім минуты» сұрақ-жауап сайысы

ІІ. «Кім жылдам?» сөзжұмбақ шешу

ІІІ. «Ойлан, тап!» есептер шығару

ІV. «Кім жүйрік?» физикалық жұмбақтар шешу.

  1. «Білімді мыңды жығар» мақал-мәтелдер сайысы

Сабақ барысы:

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Заңдылықты білмесең,

Өте алмайсың көпірден.

І. «Білім минуты» сұрақ-жауап сайысы

  1. Балқу температурасы жоғары металл (Вольфрам)
  2. Ток күшінің өлшем бірлігі (Ампер)
  3. Температураны өлшейтін құрал (Термометр)
  4. Балқу температурасы төмен металл (Сынап)
  5. Өткізгіштер тізбектей жалғанған, кедергілері 5 Ом, 15 Ом. Жалпы кедергісі неге тең? (20 Ом)
  6. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі қалай аталады? (Конвекция)
  7. Бір зат молекулаларының екінші заттың молекулаларымен араласуы (Диффузия)
  8. Молекулалары белгілі тәртіппен орналасқан зат күйі (қатты)
  9. Табиғи жарық көзіне не жатады? (Күн)
  10. Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап (Электроскоп)
  11. Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек (Электрон)
  12. Ядроның құрамына кіретін оң зарядталған бөлшек (Протон)
  13. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады)
  14. Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365 күн)
  15. Бірінші бу машинасын ойлап тапқан кім? (Папен)
  16. Электрсыйымдылығының өлшем бірлігі (Фарад)
  17. Кернеуді өлшейтін құрал (Вольтметр)
  18. Амперметрді тізбекке қалай жалғаймыз? (Тізбектей)
  19. Ең алғаш қыздыру шамын кім ойлап тапты? (Лодыгин)
  20. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар (Электрондар)

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын.

ІІ. «Кім жылдам?» сөзжұмбақ шешу

 

 

 

 

 

 

2

      1 Ж
Ы
3 Л
4

 

 

 

 

10

У
 

6

           5 М
Ө
            7 Л
8 ш
9 Е
Р
11 І

 

Сұрақтары:

  1. Жұмыстың өлшем бірлігі (Джоуль)
  2. Фарадпен өлшенетін физикалық шама (сыйымдылық)
  3. Зарядтың өлшем бірлігі (Кулон)
  4. Вольтметрмен өлшенетін физикалық шама (кернеу)
  5. Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)
  6. Металдар мен диэлектриктердің қасиеттерінен өзгеше, біршама электрлік қасиеттері бар және олардың арасында аралық орынға ие заттар қалай аталады? (шалаөткізгіштер)
  7. Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса тұздар мен металдардың қорытпалары қалай аталады? (Электролиттер)
  8. Көлемі және массасы бойынша бұл планета Жерден аз ғана кіші. (Шолпан)
  9. Будың сұйыққа айналу құбылысы (Конденсация)
  10. Газдың көлемі тұрақты, яғни V=const, ал температура (T) мен қысым (p) өзгеретін термодинамикалық процесс (Изохоралық)
  11. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын қандай шама болып табылады? (ток күші)

Салауатты мақсатың өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол білімі асқан, өнері асқан,

Өзіңе сүйсіндірер барлық жанды.

Сүйкімді, ақылды бол, иман жүзді,

Ғылымды үйрене біл, небір түрлі.

ІІІ. «Ойлан, тап!» есептер шығару.

1-топтың есебі.

Параллель қосылған тізбектің кедергісі 12 Ом, кернеуі 120В, 2 минут ішінде осы өткізгіште өндірілген токтың жұмысы?

Берілгені:
т/к:

2-топтың есебі:

Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Өткізгіштің жылпы кедергісі неге тең?

 

 

Берілгені:
т/к:

Сергіту сәті. «Суреттер сыр шертеді». Суретпен жұмыс.

Физиканың елінде

Физиканың тілінде

Жұмбақ шешіп ауысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Мақал-мәтел айтысып

Көңілді күй жасайық.

ІV. «Кім жүйрік?» физикалық жұмбақтар шешу.

Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр,

Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр.                   (Жаңбыр)

 

Самұрық құс самғады.

Көктен өтіп,

Айға жетіп,

Жеңілдеді салмағы.                          (Космос кемесі)

 

Жүйрік өзі тұлпардан,

Ұшқыр өзі сұңқардан.

Күні-түні жүйткиді,

Кең далада бір тарлан.                     (Жел)

 

Дарияның ортасында екі жайын,

Бірі кетсе бірі дайын.                                   (Күн мен Ай)

 

Қара атым қалтырауық,

Қабырғасы жалтырауық.                  (Көл суы)

 

Айнымайды шыныдан,

Қорқады тек жылыдан.                     (Мұз)

 

Бір емен, жеті терек, алты қайың,

Бұтағы толып жатыр дайым-дайым,

Ішінде шынар текер, үш қарағай,

Өңгесін айта беріп не қылайын.                   (Шолпан, Жетіқарақшы, Үркер, Үш таразы)

 

Жерде туып, көкте өледі.                             (Түтін)

 

  1. «Білімді мыңды жығар» мақал-мәтелдер сайысы
  2. Көсеу ұзын болса, қол күймес.
  3. Шапшың жүрсең шаң жұқпас.
  4. Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды.
  5. Аузы күйген үрлеп ішеді.
  6. Азықсыз адам алысқа бармайды.
  7. Найза салу ерліктен, ат жауыры терліктен.
  8. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
  9. Ескі мұз ерігіш, жаңа жос жерігіш

Отқа салса, темір де балқиды.

  1. Терек қисайған жағына жығылады,

Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.

  1. Жұпарды жасыра алмайсың.

 

2030-дың біз барысымыз,

Болашаққа бастайды әр ісіміз.

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу-парызымыз.

Қорытынды:  Кеш соңында жеңіске жеткен марапатталады. Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.