Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі.

160

 

Тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.Электр кедергісі. Өткізгіштің меншікті  кедергісі.

 

Мақсаты:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы  мен өткізгіштің меншікті  кедергісінің

формуласын қорытып шығару,өлшем бірліктері мен  заңдылық-

тарын  оқып үйрену.

а/білімділік:оқушылардың тұрақты ток заңдарын  меңгергендігі туралы

білімдерін тексеру,пысықтау.

б/дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін ,ізденісін,есте сақтау

және ой-өрісін  дамыту.

в/тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа,өз бетімен жұмыстануға ,шапшаң-

дыққа үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі : топтық,жеке жұмыс,сұрақ-жауап,салыстыру.

 

Сабақтың  жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.Графикалық диктант. «Қызығушылықты ояту»

3.Жаңа  тақырыпты  меңгерту. «Ой қозғау» (Т- кестесі арқылы  физикалық

шамаларды қайталау)

4.Бекіту .»мағынаны тану» есептер шығару.

5.Бағалау. оқушылардың әрбір тапсырма бойынша алған  бағаларын

қорытындылау.

6.Қорытындылау.Үйге тапсырма §38,39

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.»Қызығушылықты ояту»

графикалық  диктант.

1.Электр тогы зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.

2.Токтың жылулық әрекеті өткізгіштерді  химиялық ерітіндіге батырғанда

жүреді.

3.Токтың химиялық әрекеті химиялық ерітіндіге  батырылған металл

өткізгіш бойымен  ток өткенде заттар бөлінеді.

4.Магниттік әсер  өткізгіштерді  химиялық ерітіндіге  батырғанда жүреді.

5.Токтың физиологиялық әсері  жануардар бойымен ток өткенде  бұлшық

еттердің жиырылуынан болады.

 

6.Бөгде  күштердің әсерін сипаттайтын шама  жұмыс-А

7.Электр қозғаушы күш  Э.Қ.К бөгде күштің жұмысының  электр зарядына

қатынасы.

8.Электр тогын өлшейтін құрал-Вольтметр

9.Ток күші-өткізгіштің көлденең  қимасы арқылы тасымалданатын зарядтың уақытқа  қатынасы.

10.Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады..

Жауабы: ( ۸-۸-۸-۸-۸-)

3.Жаңа тақырыпты меңгерту.»Ой қозғау» (Т кестесі арқылы  физикалық

шамаларды қайталау.)

 

Физикалық

шама

Белгіленуі Өлшем

бірлігі

Формуласы Тізбекке

жалғануы

 

Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама

енгізіледі.Тізбектің берілген бөлігінде  заряд орын ауыстырғанда  электр

өрісінің  атқаратын жұмысының  осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.

Тізбек бөлігіндкгі ток күші  осы бөліктің ұштарындағы  кернеуге тура пропорционал.I=U/R  1 Ом=1В/1А

Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі  оның ұзындығына ĺ тура

пропорционал,Ѕ көлденең қимасының ауданына кері пропорционал  және

оның жасалған материалына  тәуелді болатыны тағайындалды.

R=ρĺ/Ѕ  ρ=RЅ/ĺ   ом*мм2

 

4.Бекіту.»Әлемді шарлау» стртегиясы бойынша .есептер шығару.

1.Электр үтігі  кернеуі 220В желіге қосылған.Үтіктің қыздыру элементінің

кедергісі 50 Ом болған жағдайда  ондағы ток күші неге тең.?

2.Кернеуі 220В желіге жалғанған жұмыс кезіндегі  кедергісі 55 Ом.

Электрқыздырғыштың спираліндегі ток күшін есептеңдер.

3.Ұзындығы 24,2 м,көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 константан сымы-

ның кедергісі қандай?( ρ=50*10-8 ом*м)

4.Кедергісі 24 Ом,ұзындығы  4,8 м нихром сымының  көлденең қимасының

ауданы қандай?(ρ=110*10-8 ом*м)

5 Ұзындығы 100 м ,қимасы 2мм2 мыс сымның кедергісі неге тең?(ρ=1,7*10-8

Ом*м).

6.Ұзындығы 1,2 м қимасының ауданы 0,4 мм2 және кедергісі 1,2 ом

өткізгіштің меншікті кедергісін анықтаңдар.

 

5.Қорытындылау.бағалау.Үйге тапсырма §38,39