Газдардың техникада қолданылуы

554

 

Сабақтың тақырыбы: Газдардың техникада қолданылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының жаңа білімді өзіндік ізденісі арқылы меңгеріп, практикалық қолданысын білуіне ықпал ету және газдардың техникалық қолданылысындағы қондырғылар туралы жан-жақты ақпарат беру.

Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен ізденуге, білімін практикалық тұрғыдан дамытуға, дәстүрлі емес әдістер арқылы талабын ұштап, шығармашылық қабілетін іскерлік белсенділігін шыңдауға жағдай жасау.

Тәрбиелік: өз бетімен білім алуға жетелей отырып, өзі мен өзгенің іс-әрекетін бақылай алатын, теориялық білімін практикамен еркін ұштастыруда ұйымшылдықпен жұмыс істей алатын азамат тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды назарда ұстау.

Сабақтың типі: интерактивті тақтаны пайдалана отырып аралас практикалық жұмыс элементі бар, қолдану сабағы.

Оқытудың әдіс-тәсілі: іздену, талдау, шығармашылық еңбегін қорғау.

Пайдаланған технология: Б.Блум таксономиясы. Оқу мақстын білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, практикалық мазмұнды есептер, сызбалар.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

ІІ. Үй тапсырмасы.

 

ІІІ.    Температура өзгеруіне байланысты зат үш күйде: қатты, сұйық, газ күйлерінде болады. Газ күйіндегі заттар дене молекулаларының арасының қашықтығының үлкен болуына байланысты кез келген көлемді жайлайтыны, оңай сығылатындығымен ерекшеленеді. Газ молекулалары қозғалыс кезінде өзі тұрған ыдыс қабырғасына қысым түсіреді. Тек газдарға тән ерекше қасиеттері оларды түрліше техникалық қондырғыларда пайдалануға мүмкіндік береді. Газдардың әр түрлі қысымдағы қасиеті әр түрлі болады. Газдың қысымын оның массасын, көлемін немесе температурасын өзгерте отырып басқаруға болады. Газдың жақсы сығылғыштығы арқылы қысымын басқара отырып техникада пайдаланамыз.

Міне, бүгінгі сабағымызда газдардың техникада қолданылуы туралы сөзді өздеріңе берейін.

Ортаға плакат, әртүрлі маркер беріледі. Оқушылар газдардың техникада қолданылуын қорғайды.

Практикалық мазмұнды есептер (екінші тапсырмаға көшу үшін сыныпты екі топқа бөлемін)

1т.1. Қалыпты атмосфераның қысымда және 200С температурадағы өздерің оқитын кластың ауа массасын табыңдар. Ауаның мольдік массасы 0,029 кг/моль.

2т.1. Қалыпты жағдайда t0=00С және атмосфералық қысым Р0=101375Па ауаның тығыздығы g=1,29 кг/м3-ге  тең. Ауаның мольдік массасын табыңдар.

1т.2. 1г көмірқышқыл газында (СО2) қанша молекула бар.

2т.2. Көлемі 5л болатын ыдыс оттегімен толтырылған, ондағы оттегінің массасы 20г. Ыдыс ішіндегі молекулалар концентрациясы қандай?

3т. Қалыпты жағдайда 1м3 көлемде оттегінің қанша молекуласы бар?

g0=1,43 кг/м3

Мо2=32*10-3кг/моль

N=g*N/Mo2

 

  1. Суретте қандай процесс өрнектелген?

Р

 

 

 

0                             Т

 

  1. Идеал газ 1 күйден 3 күйге өткен кезде газдың берілген массасының көлемі қалай өзгереді?

 

Р,Па

2

1

 

  • Т,к
  1. Р V диаграмма идеал газдың бірнеше изотермалары көрсетілген. Олардың қайсысы ең үлкен температураға сәйкес келеді?

Р    2    1

      3

4

 

 

 

V

 

  1. 1-2, 2-3, 3-1 графиктер қандай процестерге сәйкес келеді?

 

Р                 1

 

 

 

2                3

 

 

0                          V

 

 

  1. 1 күйден 2 күйге өткен кезде идеал газдың берілген массасының көлемі қалай өзгереді?

 

V  м3

2

 

1

0                               Т,к

 

  1. VТ диаграммадағы изобаралардың қайсысына ең үлкен қысым сәйкес келеді?

 

 

V

1

2     3

4

0                                 Т

 

ІҮ. Физикалық диктант

  1. Денелердің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама.
  2. Термодинамикалық параметрлер …
  3. Температураны өлшейтін құрал …
  4. Көлемін де, пішінін де сақтамайтын зат күйі ….
  5. Макроәлем мен микроәлемді байланыстыратын теңдеу …
  6. Қысым тұрақты болғандағы процесс …
  7. 00С= к
  8. Больцман тұрақтысы …
  9. Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу …
  10. Абсолют нөл температура …

 

Ү. Бағалау парағы.

ҮІ. Рефлексия. Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

ҮІІ. Сабақты қорыту. Ойларын ортаға салу. Алған әсермен бөлісу.

ҮІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма. Гей-Люссак заңы. Зертхана жұмысы.