Есептер шығару сабағы

81

 

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару сабағы

Білімділік міндеті: Механиканың «Алтын ережесі», рычагтың тепе-теңдік заңын оқушы ойында қалыптастыру, тірек білімдерін бекіту.

Дамыту міндеті: Күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіру арқылы есептер шығару, тірек білімдерін негіздеп дамыту.

Тәрбиелік   міндеті:   Еңбексүйгіштікке,   намысқойлыққа,   халық   дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.

Оқыту  әдістері:   Ой  туғызатын  сұрақтар  беру  арқылы  түрлі-түсті  оюлы карточкаларға жазылған есептер, суреттемелі түсіндіру, зерттеу әдістері.

Бұл сабақта қазақ халқының ұлттық «Көкпар» ойыны туралы түсінік беріліп, сабақ бастан аяқ «Көкпар» ойыны болып өтеді. «Көкпар» ойынын жүргізуші, ойын тәртібін бақылап, қадағалаушы — мұғалім. «Көкпар» — қазақ халқының аса ұнататын ежелгі ұлттық ойындарының бірі. Көкпар жігіттерді батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа үйретіп, денесін шынықтырады.

Кенет кездесетін қиыншылықтарды оңай жеңуге, ұжымшылдыққа тәрбиелейді. Көкпар — жігітке жағдайды тез аңғарып, қысылтаяңда жол таба білуге, ал ат ойынына бейімделіп, ұшқыр, төзімді болуға дағдыландырады. Ойынға қатынасушылар тартуға әзірленген тұлыпты (серкені немесе лақты) төрешінің берген белгісі бойынша бір көкпаршы көкпарды жерден іліп алып, ерте кезде өз ауылына тартып отырған. Ал, екінші ауыл жігіттері көкпарды жібермей, өздері алып, өз ауылына апаруға тырысады.

Оқушы білімін жан-жақты тексеру үшін, алдын-ала сабақтың жоспары

тақтаға ілініп қойылады.

Сабақтың жоспары:  

  1.   Ауызша көкпар.
  2.   Жаяу көкпар.
  3.   Көкпар – тәжірибе.
  4.   Сыйлық беру.

Ауызша көкпар да көкпарға түскен сұрақтар бойынша екі топ (екі ауыл — Атамекен ауылы, Майбасар ауылы) көкпар ойынына қатысып, олжадан үлес алуға дәмеленеді.

Ауызша көкпардың сұрақтары:

  1.   Рычагтың екі жағына ілінген табақшаларға дейінгі әсер ететін күштердің иіндерін көрсетіңдер.
  2.   Май тамызғыштың әрекетін түсіндіріңдер.
  3.   Механиканың «Алтын ережесін» өмірде қолданудан мысал келтір.

4.«Көкпар» ойыны Ньютонның қай заңына сәйкес келетінін түсіндіріңдер.

Жаяу көкпарда – жәй механизм түрлері: көлбеу жазықтық, рычагтың тепе-теңдікте болу шартына, жылжымалы және жылжымайтын блокқа берілген есептерді шығару тапсырылады.

Көкпар — бөлімінде, рычагтың түскен күштің әсерінен тепе-теңдікте болу шартына, дененің жүзуіне, атмосфералық қысымға тәжірибелер көрсету жұмыстары көкпарға түседі.

Сыйлық беру бөлімінде көкпардан жеңіске жетіп, олжамен оралған ауыл жігіттеріне сыйлық беру рәсімі болады. Сыйлыққа кітап, фотоальбом, рамка, т.б.беруге болады.

Берілген сұрақтарда сұрақтар бар, оны оқушылар сабақтың бекіту

бөліміндегі сұрақтарға жауап беру арқылы сыйлықтарын алады.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы

Білімділік міндеті: Кинематиканың негізгі заңдары, үдеу. Орын ауыстыру, жол,   жылдамдық,   орташа   жылдамдық,   лездік   жылдамдық   және   үдеу ұғымдарын оқушы ойында қалыптастыру, тірек білімдерін бекіту.

Дамыту   міндеті:   Күнделікті   өмірден,   табиғаттан,   техникадан   мысалдар  келтіре отырып оқушының ойын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Оқыту әдістері: Әртүрлі плакаттар, көрсеткіш тақталар арқылы түсіндіру, жан-жақты зерттеу, оқыту технологияларының түрлері, мақсат қоя отырып,          түсіндіру әдістері.

Оқушы білімін жан-жақты тексеру барысында сабақ жоспары тақтаға

ілініп, онымен таныстырып өтеді.

Сабақтың жоспары:

  1.   Көзбояушылар (сиқыршылар).
  2.   Физика кереметтері.
  3.   Викториналық сұрақтар.

Сынып оқушылары үш топқа бөлініп (сабақ жоспарында көрсетілгендей) жұмыс жасайды. Оларға тапсырма 10-15 күн бұрын беріледі. Көзбояушылар судан құрғақтай шығу, стақан жиегіне жабысқан суды төкпейтін қағаз, суда жүзетін жұмыртқа, сүңгуір денелер т.б. (оқушылардың өздігінен ізденуіне тәуелділігі арта береді) тәжірибелерді жасап, екінші және үшінші топтан неліктен осылай болғанын сұрап, жауабын алады. Егер олар жауап бере алмаса, ойланып келіп, келесі сағатта жауаптарын дәлелдеулері тапсырылады.

Физика кереметтері тобынан оқушылар өздері ізденіп қызықты таңғажайып, кереметтерді әңгімелейді. Мәселен, аяғымыздың астында жылдың қай мезгілі, біз қалай тез қозғаламыз, секундтың мыңдық үлесі, өзіңнен-өзің күштірексің, айыпсыз ұрлық, қалай біз ұрттаймыз? Не ауыр, дене түсіп келе жатқанда қандай үдеумен қозғалады т.б.

Үшінші викториналық сұрақтар тобы бір-екі оқушыдан ғана тұрады. Бұл оқушылар өтілген материалдардан викториналық сұрақтар әзірлеп, оған жауаптар алады. Бұл оқушылардың білімін бекіту бөлімінде орындалады.

 

 

№ 3 САБАҚ.

Өтесінова Қ.Ш.

физика пәні мұғалімі

 А.С. Пушкин атындағы орта мектеп

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы

Алтай батыр ауылы.

 

Сабақтың түрі: «Атом — алғырлар, тапқырлар, ойшылдар мектебі» сабағы.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару сабағы

Білімділік    міндеті:     Энергия,     жұмыс,     қуат.     Механиканың     «Алтын ережесі»,рычагтың тепе-теңдік заңы ұғымдарын қайта жаңғыртып, нақтылау, бекіту.

Дамыту міндеті: Күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы алған білімді күнделікті тіршілікте пайдаға асыра білу, дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Ұқыпты, жинақы, зерделі, алғыр болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Халық дәстүрлерін дәріптеуге тәрбиелеу.

Оқыту әдістері: Жан-жақты шығармашылықпен, халықтық технологиялар арқылы алдына мақсат қоя отырып, оқыту, зерттеу әдістері.

Сынып оқушылары үш топқа:

  1. Алғырлар, 2. Ойшылдар, 3. Тапқырлар болып бөлініп жұмыс істейді. Алғырлар тобына берілген тапсырмалар:
  2.   Массасы 20 т. бу балғаны 120 см биіктікке он қайтара көтеру үшін

қандай жұмыс істелінуі қажет?

  1. Велосипедтің қай бөліктері рычаг болып табылады? Тіреу нүктесін

күш түсетін нүктелерді және осы рычагтың иіндерін көрсетіңдер?

28

  1. Ат массасы 200 кг жүкті теріс горизонталь жолмен тартып келеді,

тарту күші 950 Н-ға тең. Аттың 840 м жолдағы істеген жұмысын анықта.

  1.   Алмақ-салмаққа жайғасқан балалардың массалары 30 кг және 60 кг.

Біріншінің күш иіні 2 м, екіншінің күш иінін тап.

Қорытынды жаса.

Ойшылдар тобына берілген тапсырма:

  1.   Садақты атқанда пайда болатын энергияның айналуын түсіндіріңдер.
  2.   Алтыбақанның тербелісін бақыла. Алтыбақан тербелгенде энергияның

қандай түрлерін байқауға болады? Осыған ұқсас күнделікті өмірде

қандай нәрселерді көріп жүрміз?

  1.   Есік өзінен-өзі жабылуы үшін оған арнайы есік пружинасы бекітіледі.

Осы есікті ашқанда және жапқанда жұмыс қандай энергияның есебінен

істеледі?

Оқушы    білімін    бекіту    бөлімінде    «Тапқырлар    тобына»    берілген сөзжұмбақ сұрақтары:

  1.   Жай механизм.
  2.   Жай механизм түрі.
  3.   Жұмыстың өлшем бірлігі.
  4.   Дененің өз қозғалысы салдарынан болатын энергия.
  5.   Жұмыстың сол жұмысты істелуге кеткен уақытқа қатынасын не дейміз?

Тігінен көк сызықтың ішіндегі шыққан сөзді оқы, қандай физикалық құбылыстармен, заңдылықтарды қалай пайдаланған?