Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары

 

Сабақ тақырыбы: Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары туралы оқушыларға алғашқы түсініктер беру, жаңа білімді қалыптастыру.
  2. Дамытушылық. Оқушылардың табиғат танушылығын, табиғатқа қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік. Оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, формулалар түрлендіріп, есептер шығару.

Көрнекіліктер: Кітап, физика мен астрономиядан тестік тапсырмалар жинағы.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  • Нақты және орташа күн тәуліктерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?
  • Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді?
  • Өліаралық және жұлдыздық ай строномиялық жолмен қалай аныұқталады?
  • Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт аралығында қандай айырмашылық бар?
  • Тропиктік жыл ұзақтығы қалай анықталады? Оның ұзақтығы қандай?

 

Жаңа сабақ

             Иоганн Кеплер (1571-1630) заңдары:

  1. Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.

            Элипстің симметрия центрі – О, үлкен АА1 = 2 a және кіші ВВ1 = 2 b екі симметрия осі бар, мұндағы а – үлкен жарты ось,  b – кіші жарты ось деп аталады. Оның фокусы центрден OF1 = OF2 = C = a2 – b2 қашықтықта орналасқан.

Эллипстің негізгі қасиеті: эллипстің кез келген нүктесінің фокустардан қашықтықтарының қосындысы үлкен ось ұзындығына тең болатын тұрақты шама:

MF1 + MF1 = 2 a .

e = c/a  қатынасы эллипстің эксцентрисиенті деп аталады.

Астрономияда Жердің күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі ретінде қабылданған. Ол астрономиялық бірлік (а.б.) деп аталады: 1 а.б. = 149 600 000 км.

  1. Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.

 

  1. Кеплердің үшінші заңы планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жартыосьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.

 

Сабақты қорыту:

            Есеп. Марс орбитасының үлкен жарты осі 1,5 а.б. оның Күнді айналу периодын есептеп шығарыңдар.

Шешуі:

  жыл

ж/ы: T1 =1,9 жыл

Берілгені:

a1=1.5 а.б.

a2=1 а.б.

T2 = 1 жыл

 

т/к: T1 — ?

 

 

Үйге тапсырма: §45 оқу. 35- жаттығу есептерін шығару.

 

Бағалау: Оқушыларды бағалап, журналға, күнделікке баға қою.