Толқындар мен тербелістер.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияны, интернет жүйесін қолдану, олардың өй-өрісін дамытып қана қоймай, басқа қырларының ашылуына себеп болады. Осы мақсатта «Толқындар мен тербелістер» тарауына өткізген бір сабағымның жоспарын беріп отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Толқындар мен тербелістер.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың тербелістер мен толқындар тарауы бойынша алған білімдерін байқау, тексеру, тұрмыста күнделікті қажетке қолдана алу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өздігінен ойланып, жұмыс істеу қабілетін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, физикалық есептерді шығара білуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ үстінде ұқыптылыққа, өзін – өзі бағалай білуге, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтын түрі: оқушылардың тарау бойынша білімдерін тексеру, бағалау.
Сабақ әдісі: жаңа технологиялық әдісті пайдалану, шығармашылыққа баулау.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, тірек – сызбалар, флипчаврт, тест тапсырмалары, деңгейлік есептер.
Пән аралық байланыс: биология, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қайталау сұрақтары
ІІІ. Есептер шығару (деңгейлік тапсырмалар)
- Қорытынды тест жұмысы
- Оқушыларды бағалау
- Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын, кабинеттің және олардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Қайталау сұрақтары
1-тобқа:
- Тербелістер дегеніміз не?
- Трек-сызба бойынша жауап беріңдер
- Математикалық маятник дегеніміз…
- Серіппелі маятник дегеніміз…
- Электромагниттік тербелістер дегеніміз…
- Электромагниттік тербелістерді қандай құралмен аламыз?
- Электромагниттік тербелістерді бақылайтын құрал…
- Тербелмелі контурдың тербеліс периоды немесе Томсон формуласы…
- Өшетін тербелістер дегеніміз не?
2-тобқа:
- Механикалық толқын дегеніміз не?
- Электромагниттік толқын дегеніміз не?
- Дыбыстың кедергіден шағылуы
- Дыбыс қаттылығынын өлшем бірлігі
- Тербеліс жиілігі қандай механикалық толқындар адамдар дыбыс әсерін тудырады?
- Инфрадыбыстар дегеніміз…
- Ультрадыбыстар дегеніміз…
ІІІ. Есеп шығрау (деңгейлік тапсырмалар)
І – топ.
1-деңгей.
- Серіппеде тербеліп тұрған жүк, 7с ішінде 28 тербеліс жасайды. Тербелістің периодын анықта.
- Маятник жібінен ұзындығын екі есе ұзартса, оның тербеліс периоды неге тең?
2-деңгей.
- Ұзындығы 99,5 см математикалық мятник 1 минутта 30 тербеліс жасайды. Еркін түсу үдеуін тап.
- Серіппеде тербеліп түрған жүк 5с ішінде 20 тербеліс жасайды. Тербелістің жиілігін анықта.
- Егер тербеліс периоды 0,5с болса, маятник 20 тербелісті қанша уақытта жасайды?
3-деңгей.
- Егер периоды 0,005с тербеліс суда ұзындығы 7,175м дыбыс толқыны тудырса, онда осы дыбыстың жылдамдығы қандай болады?
- Ауадағы дыбыстың тербеліс жиілігі 2000Гц жылдамдығы 340 м/с. Толқын ұзындығын тап.
- Серіппе ілінген массасы 3кг жүктің әсерінен 1 минутта 45 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығын анықта.
ІІ – топ.
1-деңгей.
- Дыбыстың судағы жылдамдығы 1450 м/с. Жиілігі 200Гц тербеліс көзі тудыратын судағы дыбыстардың толқын ұзындығын анықта.
- Бойлық немесе көлденең толқындардың қайсысы: 1) Газда; 2) Сұйықта; 3) Қатты денелерде таралады?
2-деңгей.
- 2 минутта 60 тербеліс жасайтын маятниктің тербеліс жиілігі неге тең?
- Массасы 40г дене қатаңдығы 100 к/м серіппеге ілінген. Осы дене тербелісінің периоды мен жиілігін анықта.
- Серіппеде тербеліп тұрған жүк, 1 минутта 75 тербеліс жасайды. Тербеліс периодын анықта.
3-деңгей.
- Жібінің ұзындығы 0,141м математикалық маятниктің периоды мен жиілігін анықта.
- Көл суының бетінде толқын 6м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқын ұзындығы 3м болса, жиілікті анықта.
- Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5с өткен соң естейді. Мылтық даусын шаығлдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстың таралу жылдамдығын 340м/с деп есептеңдер.
- Қорытынды тест жұмысы
1 – топ.
- Мылтық атылған кезде оғы жылдам қозғала ма, әлде дыбысы жылдам естіле ме?
А) дыбыс жылдам
Б) оқ жылдам
В) екеуі де бірдей
Г) ешқайсы да емес
- Егер толқын 400 м/с таралса, ол жиілігі 200 Гц тең болса, онда толқын ұзындығы неге тең?
А) 10000м
Б) 400м
В) 200м
Г) 2м
- Тербеліс периоды 0,005с, дыбыс толқынының ұзындығы, судағы дыбыс жылдамдығы неге тең?
А) 1,14м
Б) 1440м/с
В) 120 м/с
Г) 2280 м/с
- Қандай дыбыстар ультрадыбыстра деп аталады?
А) Жиілігі 20000 Гц-тен артық дыбыс
Б) Жиілігі 20 Гц-тен төмен
В) Жиілігі 20-дан 20000 Гц аралығындағы
Г) Естілу табалдырығынан артық интенсивті дыбыстар.
- Ұзындығы 160 м математикалық маятниктің тербеліс периоды қанша?
А) 1,2с
Б) 24с
В) 1,4с
Г) 4с
- Егер математикалық маятник жібінің ұзындығы 4 есе артса, оның периоды қалай өзгереді?
А) 4 есе артады
Б) 2 есе артады
В) 4 есе кемиді
Г) 2 есе кемиді
- 4 Н күшінің әсерінен 0,02 м-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы неге тең?
А) 2 Н/м
Б) 0,5 Н/м
В) 200 Н/м
Г) 500 Н/м
- Тербелмелі контурда тербелістер туғызады…
А) Индуктивтік
Б) Сиымдылық
В) Кедергі
Г) Заряд
- Бойлық толқындар қандай ортада таралады?
А) қатты, сұйық, газдар
Б) тек газдарда
В) тек сұйықтарда
Г) тек қатты денелерде
- Көлденең толқындар қандай ортада таралады?
А) қатты, сұйық, газдар
Б) тек газдарда
В) тек сұйықтарда
Г) тек қатты денелерде
Қорытынды тест жұмысы
2 – топ.
- Уақыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер…
А) өшетін тербелістер
Б) гармоникалық тербелістер
В) өшпейтін тербелістер
Г) механикалық тербелістер
- Дененің тепе – теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні…
А) тербеліс периоды
Б) тербеліс амплитудасы
В) тербеліс жиілігі
Г) тербеліс жылдамдығы
- 10 секундта 5 рет тербеліс жасайтын механикалық тербелістің периоды қандай?
А) 5с
Б) 0,2с
В) 2с
Г) 4с
- Электромагниттік толқындар қандай толқындар болады?
А) көлденең
Б) бойлық
В) ортаға байланысты қума және көлденең
Г) бір мезгілде бойлық, көлденең
- Тербелмелі контурдағы катушканың индуктивтілігін 4 есе арттырды, радиоқабылдағыш қабылдайтын толқынның ұзындығы қалай өзгереді?
А) 2 есе артты
Б) 4 есе артты
В) 2 есе азайды
Г) 4 есе азайды
- Тербеліс жиілігі 1МГц болатын электромагниттік толқынның ұзындығы қандай?
А) 0,33*102м
Б) 3*10м
В) 3*10
Г) 33*10-6м
- Төменде көрсетілген қасиеттердің қайсы электромагниттік толқындардың көлденең екенін дәлелдейді?
А) Интерференция
Б) Дифракция
В) сыну
Г) Поляризация
- Механикалық тербеліс кезінде энергияның жалпы мөлшері –
А) артады
Б) өзгермей сақталады
В) кемиді
Г) өзгереді
- Сәулелердің қайсысының толқын ұзындығы ең қысқа?
А) Радиотолқындар
Б) көрінетін жарық
В) Инфрақызыл жарық
Г) Рентген сәулелері
- Электромагниттік тербелістер дегеніміз…
А) Зарядтың, тоқ күшінің және кернеудің периодты өзгеру
Б) Сыртқы периодты электр қозғаушы күштің әсерінен болатын тербелістер
В) Жүйені тепе-теңдік қалыптан шығарғаннан кейін пайда болатын тербелістер
Г) Гармоникалық тербелістің әсерінен
- Оқушыларды бағалау
Сабақты қорыту: сабақ басталмас бұрын топ ұпайын есептеп отыратын 1 оқушы топ басшысы болып тағайныдалды. Оған арнайы дайындалған оқушының біліміне қойылатын ұпайларды белгілеп отыратын мынадай кесте берілді. Сол кесте бүгін бізде қандай базарлығын көрсетеді екен қане…
№ | Оқушының аты-жөні | Қайталау сұрақтары | Трек-схема | Деңгейлік тапсырма | Тест | Ұпай саны | Бағасы | |
Өткен тақырып бойынша ойында қалғандардан 3 сөйлеммен айт.
- Үйге тапсырма
Үйге тапсырма: қайталау, тесттік жұмысқа дайындалу.