Сұйықтар мен газдардың қысымы

40

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:  Сұйықтар мен газдардың қысымы

Сілтеме:

Мақсаттары: логикалық ойлау қабілетін шыңдайды, алғырлық , есте сақтау сияқты қабілетті артып, өздігінен ізденуге  қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі: топтық жұмысқа дағдыландыру, физика пәніне деген  қызығушылықтарын тудыру.

Түйінді идеялар:  Ресурстар дайындау.  Тәжірибелік  жұмыстар. Сұрақ-жауап

 

Уақыты Стратегиялар Ресурстар Мұғалімнін іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 

 

 

 

 

Топқа бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап

1)      Сыныппен амандасу, түгелдеу, тазалығын тексеру

 

 

2)      Фигуралар арқылы топқа бөлу

 

 

 

 

 

 

3)      Мұғалім оқушылардың дұрыс жауаптарын есептеп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4)      Мұғалім топ басшылар сайысын өткізеді.

 

1-тәжірибе:Май шамның қысқа бөлігін алып, оны суда жүзетіндей етіп, астыңғы жағынан жүк байланады. Мұны  тәжірибе жүзінде көрсетеді. Май шамды тұтатқанда, оның қандай деңгейге дейін жанып барып сөнетіндігін анықтау керек.

2-тәжірибе: Таңғажайып жұмыртқа деген тәжірибе жасалады. Жартылай су құйылған шыны ыдысқа саламыз. Ол сұйық бетінде жүзіп жүреді. Егер ыдысқа тағы да су құйсақ жұмыртқаның бату тереңдігінде өзгерістер бола ма?

1)      Мұғаліммен амандасу, кезекшілер жоқ оқушыларды түгендейді.

 

 

2)      Оқушылар топқа бөлініп алып, бір-біріне сұрақтар дайындайды.

 

 

 

 

 

3)      1-сұрақ. Неліктен үрленген қайық су түбіне батпайды?

 

Жауабы: үрленген қайықтағы ауа тығыздығы судікіне қарағанда кем.  Сонымен бірге қайық қабырғаларының салмағы аз.

 

 

2-сұрақ. Неліктен шалқалақтап жүзген оңай?

 

Жауабы: шалқалап жүзген кезде дененің көп бөлігі су ішінде болуына байланысты кері итеруші Архимед күшін көбейтеді.

 

3-сұрақ. Суға көлемдері бірдей конус немесе цилиндр батырылған. Конус төбесі мен цилиндірдің жоғарғы бетінің бірдей деңгейінде екендігі экранда кодоскоп көмегімен көрсетіледі. Осыларға әсер етуші кері итеруші күштер қандай?

 

Жауабы: конусқа немесе цилиндірге бірдей кері итеруші күш  сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелді.

 

4- сұрақ. Көлемдері бірдей екі шелекке су толтырылған. Бір шелектегі суға ағаштың бөлігі салынған. Қай шелектің салмағы көп?

 

Жауабы: екі шелектегі судың салмағы бірдей. Себебі Архимед күшіне байланысты ағаш өзінің көлеміндей суды ығыстырып шығарады..

 

5-сұрақ. Ауыр кеме суда жүзіп жүре алады. Суға батырылған шеге батып кетеді. Мұның себебі неде?

 

Жауабы:  тұтас қатты дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық. Сондықтан шеге суға батып кетеді. Яғни шегенің тығыздығы судан артық.

 

6-сұрақ. Кесек мұз бензинде жүзіп жүре ала ма? Кералинде ше?

Жауабы:  кесек мұз бензинде де, кералинде де батады. Себебі мұз тығыздығы бензин мен кералин тығыздығынан артық.

4)Топ басшылары тапсырмаларға жауап береді.

 

 

Топ басшысының жауабы: Май шам жанған сайын оның салмағы азаяды да, ол жоғары көтеріле береді. Нәтижесінде жалын майдың ең төменгі қабатында сөнеді. Май шам жанып таусылар шамасында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ басшысының жауабы:

Бастапқысы тұзды, соңғысы таза су. Жұмыртқа бастапқы қалпында сол биіктігінде қалады. Өйткені тұздалған судың тығыздығы жұмыртқанікінен артық болуына байланысты, ол су бетінде жүзіп жүреді. Ал жұмыртқаның өз тығыздығы таза судікінен артық. Сондықтан ол оның бетіне шыға алмайды.

5)мұғалім топтардың жалпы ұпай санын анықтайды 5)оқушылар бағалау парағына түсіреді
6)қорытынды