Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат.

72

 

Сабақтың атауы Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы.

Қуат.

Сілтеме  Физика және астрономия оқулығы.Алматы кітап 2009.Р.Презентация.
Жалпы мақсаты

 

Оқушыларға механикалық жұмыс, қуат, формуласы, өлшем бірлігі туралы жалпы мағлұматтар бере отыра, жаңа ұғымды меңгерту.
 Міндеттер:

 

1. Оқушыларға  механикалық жұмыс, қуат  туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының қауіпсіздік шараларын қаншалықты білетініне сүйену.

2.АКТ – ға сүйене отырып, жаңа ой дағдыларын жетілдіру.

 

Күтілетін нәтиже Механикалық жұмыс, қуат  туралы  толық меңгеріп шығу.

Механикалық жұмыс, қуаттың  арасындағы айырмашылығын ажырата білу.

Оқушылардың  бірін — бірі  бағалау білуге мүмкіндіктерін жасау

Тапсырмалар

 

 

Флипчартқа салған  өз ойларын ортаға салу, слайдта берілген сұрақтар, есептер шығару, өзін-өзі тексеру тест.

 

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Сәлемдесу  1мин.  Қызығушылығын ояту   1 слайд 

СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

 

І. Қызығушылығын ояту   

— әрі қарай  не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

Мұғалім:

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін молекула мен атомдар ойыны өткізіп оқушыларды 3 топқа бөлу  /3мин/ 2 слайд

3 слайд  критерийді таныстыру (бағалау парағын тарату)

 

 

 

Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

-білімін, алған ақпаратты жүйелеуге үйрету

Өткен тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау үшін, тапсырманың шешу   жолдарын табу.

1тапсырма. «Шатастырылған логикалық баулар» (4,5 слайд)

Өткен сабақта  алған білімдерін  тиянақтап өздерін критерий бойынша  бағалайды

-топ басшылары бақылап бағалап отырады/1мин/

 

 

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

 

—          оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

—          «Білімділер қалашығы»  ән ұранымыз

Ой қозғау: Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте,- деген бұрынғы ән ұранымыздағы сөзді қалай түсінеміз?

Халқымызда : Аман-есен, қуаттысың ба? Жұмысын қалай?- деп сұрап жатады. Сонда, жұмыс, қуат,деген ұғымдар физикада нені білдіреді?

-Тақырыппен таныстыру 7 слайд

Сабақтың мақсаты          8 слайд

-«Зерттеу аялдамасы»      9 слайд

Мағынаны тану

Топтық жұмыс

2 тапсырма. «Джиксо» әдісі бойынша мынадай тапсырмалар әр бір топқа беріледі. Мақсаты:Алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу.

Мұғалім балалардың назарын слайдқа аударып,

1-ші топ: Жұмыс туралы өз ойларын флипчартқа өз көргендерін, оқығандарын  жинақтап ортаға салу тиіс.

2-ші топ:  Қуат туралы өз ойларын флипчартқа түсіру

3-ші  топ: Жұмыстың пайдасы және қуаттың зиянды жақтары өз ойларын флипчартқа түсіру

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Жинақтау аялдамасы»10 ,11,12слайд

1.Тұрмыста жеке адамдардың жасаған еңбегін  не деп  атайды?

 Жауабы: Жұмыс

2. Механикалық жұмыс дегеніміз не?

Жауабы: Дененің  бір орынынан  екінші  орынға  қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс  деп аталады. А — жұмыс

3. Жұмыстың орындалу тездігін сиппаттайтын шаманы қалай атайды?

Жауабы: Бұл физикалық шама қуат деп аталады?

4.Механикалық  жұмыс кезінде дененің орын ауыстырудың жүрілген жолға тең болу себебі неде?

Жауабы: Түсірілген күштің бағыты дененің қозғалу бағытына сәйкес болуына байланысты.

5.Жұмыстың формуласын көрсет

Жауабы:    А = F*S ;       жұмыс =күш*жол

6.Қуатты табу  үшін  істелген  жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек, оның себебі неде?

Жауабы:  Бір жұмысты орындау үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды.

Қуат =         N =

7. Екі бала бірін-бірі шанамен сүйреді. Бұл жағдайда  олар механикалық  жұмыс  істеді ме?

Жауабы: Олар механикалық жұмыс жасады, өйткені  олар  күш  жұмсап, орын ауыстырады.

8.Массалары әр  түрлі екі қыз  бала  баспалдақпен  жарыса жүгіріп, үйдің  үшінші қабатына  бір мезгілде көтерілді. Бұл  жағдайда  олар бірдей  қуат өндірді  ме?

Жауабы: Екі қыз баланың өндірген қуаты  бірдей емес,себебі қуат  уақытқа және жасалынған жұмысқа  тәуелді .

/5мин/ (әр топқа 2 мин уақыт беріледі/

-топ басшылары бағалап отырады

Үй тапсырмасы: пар 51,52. Есеп  21 слайд

Бөлме желдеткіші қозғалтқышының қуаты 30Вт болады. Ол 10 минутта қанша жұмыс істейді?

Берілгені:                  SI            Формуласы:           Шешуі:

N = 35Вт

t = 10мин            = 600с

A = ?                                             

Сергіту сәті көзге жаттығу. 13 слайд

3 тапсырма. «Қолдану аялдамасы»Есептер шығару 14слайд,15 слайд

1.Машина 72 км/сағ жылдамдықпен  бірқалыпты қозғалып  келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.

 

Берілгені:                       Шешуі:             Есептелуі:

=72 км/сағ= 20м/с     А= F*S              А=2000Н*20м/с*10с= 400000 Дж=400кДж

F= 2000 Н

t =10 c                             S= * t

А= F* * t

Т/к; А=?                                                                 Жауабы:400 кДж

 

2. Қуаты  30 Вт  желдеткіш 10 минутта  қанша  жұмыс істейді?

Берілгені:                    шешуі:                          Есептелуі:

N = 30Bт                 N=  ; А=N·t         А= 30Вт·600с=18000Дж=18кДж

t=10 мин=600с

Жауабы:18 кДж

Т/к: А-?

3.Салмағы  4 кг  жәшікті  2,5 ке биіктікке көтергенде  істелген   жұмыс неге тең?

Бер:                              Шешуі:                       Есептелуі:

m=4 кг                          А=F·S                              А=4 кг·9,8Н/кг·2,5 м=100Дж

Һ=2,5 м                        F= mg;  S=Һ

Т/к:   А-?                      A= mg·Һ

Жауабы: 100 Дж

4.»Волга»автомобилі 2 сағатта 110 кДж  жұмыс атқарса  , оның  қуаты неге тең?

Бер:                                          Шешуі:              Есептелуі :                                                           t=2 сағ=7200 с

А=110 кДж=110000 Дж                        N= =15Вт

Т/к: N=?                                                               Жауабы:15 Вт

5.Массасы  0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің  жұмысын   анықтаңдар?

Бер:                      Шешуі:             Есептелуі:

А=F· S                       А=0,5 кг·10н/кг·60 м=300Дж

m= 0,5 кг                 F=mg;S=Һ

Һ= 60м                    A=mg·h

Т/к: А=?                                             Жауабы:300Дж

6.Салмағы 120 Н бір  шелек суды тереңдігі 20 м  құдықтан 15 секунд   ішінде көтеріп   шығару   үшін  адамның    өндіретін   орташа   қуаты   қандай?                            Бер:                           Шешуі:                   Есептелуі:                                                   Р=120 Н                 N=               N=  =  =160 Вт

һ=20 м                  А= Р·Һ

t=15 с                   N=              Жауабы:160 Вт

Т/к:  Nорт -?

Уақыт жеткілікті болса , оқулықтағы 36 жаттығу 1,2,4

4 тапсырма. «Дұрыс жауапты таңда» /тест/./5мин/ 16,17,18 слайд

1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.

А)   А =        В)     А =  F · S       С)    А=       Д)   А= F·t

2. Қуаттың  анықтамасына сәйкес  формуланы көрсет?

А)   N=          В) N=          С)     N=          Д)    N=

3.  ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады?

А) Па       В) м/с    С) Дж     Д) Вт

4. Қуаттыі ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

А) Па       В) м/с    С) Дж     Д) Вт

5. 5 мВт-та  қанша   ватт  бар ?

А)     5·10-3 В        В) 10-3 Вт     С) 5·10-3 Вт      Д) 5·10-6   Вт

 

6.   1 мк Дж –да қанша джоуль бар?

    А)    0,000001 Дж        В)   0,001 Дж       С)   1000000 Дж

-топ басшылары бағалап отырады (Келесі слайд «Өздерін тексеру»)

 

 

Жаңа тақырып бойынша мұғалімнің қорытындысы. Сұрақ қою арқылы оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін анықтайды. 19 слайд

скаляр шама     скаляр шама

N                                         N =                     А=F*S                                  А

1Вт = 1           1Дж=1Н*м

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Сабақты аяқтау түрлері

Бағалау: 20 слайд

 -топ басшылары бағалауы/6мин/

-Мұғалімнің бағалауы /2 мин/

                                               Өзін-өзі бағалау парағы

Оқушының аты жөні 

Оқушының

аты — жөні

Шатастырылған  логикалық баулар Флипчарты қорғау Есептер шығару Тест «Дұрыс жауапты таңда»

 

Сұрақ жауаптар Қорытында баға

 

Сұрақ-жауап және жеке ой-пікірі.  (Оқушылармен сабақтан алған әсері туралы) Смайликтер тарату. 22 слайд