Оптикалық құралдар.

 

І. Сабақтың тақырыбы: Оптикалық құралдар.

ІІ. Сабақтың    мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға оптикалық құралдар туралы түсінік беру,олардың маңызын ашу,оптикалық аспаптардың түрлерімен таныстыру,құрылысын түсіну

б) ой-өрісін дамытушылық: Жаңа білімді өздігінен меңгерту.Оқушылардың өзіндік ізденіспен жұмыс істеу қабілетін дамыту,өз көзқарасын дәлелдей алатын іскерлік дағдыларын, шығармашылық ойлау қабілетін арттыру.

в) тәрбиелік:  Жауапкершілікті сезіне  отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру,оптикалық құралдарды дұрыс ұғымды пайдалануға, пайдалану барысында қауіпсіздік-техникасын сақтауға, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.

 

ІІІ. Сабақтың түрі:  теориялық және тәжірибе

 

ІV. Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, тест жұмысы

 

V.

 

VІ. Сабақтың   көрнекілігі: телескоп,фотоаппарат, көзілдірік,лупа, интерактивті тақта, плакаттар

                                                 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.Оқушыларды оптикалық құралдардың суреті бойынша топқа бөлу.

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру

Жауабын сәйкестендір.

Жауабын сәйкестендір

 

1Жұқа линзаның формуласытdsina = kl
2Линзаның оптикалық күшіиБіртекті ортада жарық түзу сызықпен таралады
3Дифракциялық тордың формуласыО
4Жарықтың түзусызықты таралу заңыкa түсу бұрышы g шағылу бұрышына тең
5Жарықтың шағылу заңыаD = 2 k
6Интерференцияның максимум шартыпD =

 

  1. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

 

  1. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
  • Оптикалық аспаптар.
  • Проекциялық оптикалық аспаптар
  • Фотоаппарат
  • Көз.Көзілдірік
  • Микроскоп
  • Телескоп
  1. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі Физиканың жарықтың электромагниттік толқындарының шығарылуына, таралуына және затпен өзара әсерлесуіне байланысты құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтін бөлімі оптика деп аталады. Негізгі бөлігі нәрсенің кескінін беретін қандай да бір оптикалық жүйе болып табылатын сан алуан оптикалық аспаптардың жұмыс істеу әрекеті геометриялық оптика заңдарына негізделген.Атқаратын қызметтеріне қарай оптикалық аспаптар проекциялық аппараттар, микроскоптар, телескоптар, фотоаппараттар болып бөлінеді.

1 Оптикалық аспаптар туралы түсінік

Оптикалық аспаптар — құрамында оптикалық үлкейткіш линзалар бар аспаптар. Оптикалық аспаптарға оптиметрлер, өлшеуіш микроскоптар,оптикаторлар және т.б. жатады.

Оптикалық күш — оптикалық жүйенің сындыру әсерін сипаттайтын шама. Ауадағы оптикалық жүйе үшін Оптикалық күш Д =1дптр мүнда Ғ— жүйенің фокустық қашықтығы, м, ал Д диоптриямен көрсетіледі. Жинақтау линзаларының Оптикалық күш — оң, ал шашырату линзаларының Оптикалық күш — теріс болады.

Оптика-механикалық өлшеу аспаптары — әртүрлі бүйымдарды жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған аспаптар. Сондықтан олар өнеркәсіпте кеңінен таралған. Оптика-механикалық өлшеу аспаптары механикалық бастиектерге қарағанда өлшеу шегі кең, цифрлық есептеуі бар көрсеткіш

қалқаны да болуы мүмкін. Қажетіне қарай оларды өндіріс процестерін автоматты түрде басқаруда қолдануға болады. Оптика -механикалық өлшеу аспаптары түйіспелі (оптиметрлер, үзындықөлшер, өлшеу машиналары) және түйіспесіз (микроскоптар, проекторлар) түрлері болады.

Проекциялық аппарат линза арқылы нәрселердің шын кескінін алу оптика техникасында кең қолданылады. Экранда нәрсенің үлкейтілген шын кескінін алуға арналған опткиалық аспаптарды проекциялық аспаптар немесе аппараттар дейді. Құрылысы бірдей покециялық аппараттар бар

(диапроектор, кинопроектор, фотоүлкейткіш және т.б.). Оларда кескіні алынатын нәрсені фокус пен екі еселенген фокустық қашықтыққа қойын

жарық түсіреді. Сонда экранда нәрсенің үлкейтілген, шын кескіні пайда болады.

  1. Бекіту сұрақтары:
  2. Тест.

Оптикалық аспаптар тақырыбына тест

  1. Оптикалық аспаптарға жатады:

А. Телевизор, фотоаппарат   В. Проекциялық аппарат, лупа   С. Компьютер, микроскоп

Д. Телескоп, радио

  1. Микроскоп неше есе үлкейтуге көмектеседі?

А. 200-300         В. 350-400         С. 700-800         Д. 500-600

  1. Құрылысы бірдей проекциялық аппараттар:

А. диапроектор, телевизор   В. Диапроектор, кинопроектор, фотоүлкейткіш

С. Фотоаппарат, лупа   Д. Фотоаппарат, лупа, диапроектор

  1. Фотоаппараттың негізгі бөлшегі:

А. Объектив   В. Линза   С. Диафрагма    Д. Фотокамера

  1. Лупа қандай линзадан жасалған?

А. Қосойыс   В. Жазықойыс   С. Жазықдөңес    Д. Қосдөңес

  1. Бірінші рефлектор-телескопты тауып шығарған қай ғалым?

А. Паскаль   В. Ньютон  С. Эйнштейн   Д. Фарадей   Е. Ампер

  1. Телескоптың басты және негізгі бөліктері:

А. Объектив  В. Окуляр   С. Объектив, окуляр   Д. Линза

8.Көздің диаметрі

А) 20-23 мм          В) 23-25мм            С) 18-20мм          Д) 25-27 мм

  1. Көз бұршағының диаметрі

А) 8 -10 мм          В) 10-12мм            С) 18-20мм          Д) 6 -7 мм

10.Әлемдегі ең үлкен телескоп-рефлектордың айнасының диаметрі

А) 8м           В) 7м           С)  6м         Д) 9м

Жауабы: 1.В, 2.Д, 3.В, 4.А, 5. Д, 6.В, 7. А, 8.В, 9.А, 10. С

Семантикалық карта.

Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз.

СұрақДисперсияСклераШын, кішірейтілген  0,5 м25 см
1Көз алмасының сыртқы қабықшасы      +
2Ең жақсы көру қашықтығы      +
3Жауыннан кейін аспанда пайда болатын кемпірқосақ қандай құбылысқа жатады? 

+

4Көз бұршағы көмегімен көз торында алынатын кескін қандай болады? 

+

5Линзаның оптикалық күші 2 дптр.Фокус аралығы неге тең? 

+

 

  1. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

  1. Үй тапсырмасы-5 минут:
  2. Өзіндік ізденіс жұмысы «Көз-оптикалық жүйе»
  3. 4.12 тақырып.
  4. Бағалау. Бағалау парағы

 

 

Топ мүшесі
Жауабын сәйкестендір      0-3 балл
Тақырыппен жұмыс.     стикермен пікірлерін білдіру    
Бекіту. Тест            1 -10 балл
(Семантикалық карта)                                  0-3 балл
                 Барлығы
                    Бағасы

 12-13  балл        «5»

9 – 11 балл       «4»

6-8  балл           «3»

 

 

  1. Видеоролик . Оптикалық аспаптар.