Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

40

 

Сабақ тақырыбы:  Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

Сабақ мақсаты:  Импульстің салыстырмалы шама екені, ал импульстің сақталу заңы барлық инерциялық санақ жүйелерінде орындалатындығы жайлы мәліметтер беру.

Міндеттері:

  1. Оқу мақсаты: Тың мәліметтер бере отырып, теорияны практикамен ұштастыра білу.
  2. Тәрбиелік мақсат: Жауапкершілікке, еңбектенуге тәрбиелеу, мамандаққа баулу.
  3. Дамыту мақсаты: Формулаларды қорыта білу, формулаларды тиімді пайдалану қабілеттерін дамыту.

Сабақ түрі:  Жаңа білім беру сабағы.

Әдіс-тәсілі: Ауызша, практикалық, иллюстративті.

Көрнекілік:  Әртүрлі шарлар.

Пәнаралық байланыс:  Математика,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сынып дайындығы, оқушы бейнесі.

ІІ. Қайталау.

  1. Күш дегеніміз не және қандай шама?
  2. Қандай күштерді білесің?
  3. Ньютонның І, ІІ, ІІІ заңдарының мәні неде?
  4. Дененің массасы нені сипаттайды?
  5. Жылдамдық нені сипаттайтын шама?
  6. Қозғалысты қалай түсінесің?
  7. Пысықтау.

ІІІ. Түсіндіру.

Қозғалыстың масса m және жылдамдыққа υ тәуелділігін сипаттайтын шама дене импульсі немесе қозғалыс мөлшері деп аталады.

 

(1)             []

 

Мысал,  жылдамдықпен қозғалып келе жатқан денеге  күш әсер етсе, оның жылдамдығы  өзгереді (1-сурет).

 

ескерсек Ньютонның ІІІ заңы келесі түрде жазылады:

 

 

 

 

 

 

       1-сурет

 


егер                                және

онда                         немесе                  (2)    [Н·с]

(2)-формула күш импульсін анықтайтын формула.

Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

  • Тұйық жүйе дегеніміз сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйе.

 

Мысал:  және  жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан массалары m1 және m2 екі шардың өзара әрекеттесуін қарастырайық. Ньютонның ІІІ заңы бойынша олар былай байланысады:

 

немесе

 

 

 

 

Шарлардың әректтесуге дейінгі және әректтесуден кейінгі импульстерін теңдіктің екі жағына біріктіргенде:

 

(3)

(3) формуладан келесі шығады:

Тұйық жүйедегі өзара әректтесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгеріссіз қалады, яғни

 

(4)

(4)-формула импульстің сақталу заңы.

 

Есептер шығару:

17-жаттығу.

  1. Берілгені:   Шешуі:

υ=6 км/сағ        р=mυ=60кг*1,7 м/с=102

m=60 кг

т/к: р-?

 

  1. Берілгені: υ1=20 м/с; υ2=0;        m1=2 кг;            m2=3 кг.

т/к: рж, рж, υ

Жауабы:   ;

pж=pж1

ІV. Бекіту.

  1. Дене импульсі дегеніміз не? Ол қандай шама?
  2. Импульс қалай бағытталған?
  3. Дене импульсінің өзгерісі қандай шамаға байланысты?
  4. Тұйық жүйені қалай түсінесің?
  5. Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
  6. Пысықтау.
  1. Үй тапсырмасы.
  • 19, § 20 (сұрақтарға жауап беру)

17-жаттығудың қалған есептері.

Рымкевич, Есептер жинағы,    №314,  №315.

  1. VI. Бағалау.