Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

199

 

Сабақтың тақырыбы: §24. Бір қалыпты  және бірқалыпты емес қозғалыстар.

Сабақтың мақсаты: §25. Жылдамдық.

б) Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар туралы түсіндіру.

д) Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

т) Күнделікті тұрмыспен байланыстыру, еңбекпен ұштастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Кадаскоп кеспелер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

ІV. Сабақты пысықтау.

  1. Сабақты қорту, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

І. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығын шолып шығу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Бірнеше оқушыларға кеспе материалдар тарату.
  2. Материялық нүкте деген не?
  3. Қозғалыс троекториясы деп нені айтамыз?
  4. Орын ауыстыру деп нені айтамыз?
  5. Жүрілген жолдың орын ауыстырудан айырмашылығы неде? (мысал келтір)

 

Жаңа сабақты баяндау.

 

ІІІ. Біз тақырыпта  материялық нүкте қозғалыс траекториясына,  жол және орын ауыстыру деген тақырыптарымен  таныс болдық.

Бүгін сіздермен «Бір қалыпты және бірқалыпты емес  қозғалыстар» Жыл-дамдық және оның бірліктері» — деген тақырыптармен танысамыз.

Алуан түрлі қозғалыстардың  арасында кез-келген уақыт аралығында, бірдей жол кесінділерін  жүріп өтетіндей қозғалыстар кездеседі.

* Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

Мыс: поезд темір жолдың тегіс  бөлігінде  бір қалыпты қозғалады; бұл кезде доңғалақтары  рельстің  түйіскен жерінде  сығылғанда шығатын дыбыс-та бірдей уақыт  аралығында естіледі. Терезеден қарағанда бағандарда бірдей аралықта тұсымыздан өтіп артта қалып жатады.

Сол сияқты моторы өзгеріссіз жұмыс істейтін автомобиль жолдың түзу бөлігінде, конькиші немесе жаяу жарысқа түскен спортшы жүргізу  аралығы-ның орта  тұсында бірқалыпты қозғала алады.

Бірқалыпты  қозғалысқа  тағы да толып жатқан  мысалдар келтіруге бола-ды. Стакандағы судан шыққан газ түйіршігі, жаңбыр тамшысы, т.б

Бірқалыпты қозғалыс  табиғатта өте сирек кездеседі, көпшілігі  бірқалып-сыз болады.

Мысалы: поезд орнынан қозғалғанда өзара тең уақыт арлығында барған сайын ұзағырақ жол жүреді.

* Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол  жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Мысалы, мынадай тәжірибені қарастыруға болады. Тамызғыштан арбаның үстіне орнатылған өзара тең уақыт аралығы өткен сайын, су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың ара қашықтықтары бірдей, демек арбаша бірдей уақыт аралығында  ұзындықтары бірдей жол жүреді,  яғни бірқалыпты қозғалады.

Енді бірқалыпты емес қозғалысты қарастырайық, бұл жағдайда тамшы іздерінен қозғалыстың бірқалыпты емес екендігін байқауға болады.

Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыс-тырулары түрліше  болуы мүмкін. Олар бірдей орын ауыстыруы үшін әр түрлі уақыт жұмсайды.

Мыс: Жаяу адам  1минутта 100 метр  жол жүреді. Жердің жасанды серігі бір минутта 500 км жол жүреді, ал радиодабыл немесе  жарық дабылы 1 минутта 18 млн км жол жүреді.

Әр түрі қозғалыстар аралығындағы  айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс  жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық  шама енгізіледі. Айырмашылық –Олардың жылдамдықтарында.

* Бірқалыпты қозғалыстан дененің жылдамдығын анықтау үшін оның бірлігін уақыт ішіндегі  орын ауыстыруын сол уақыт  аралығына бөлу керек:

 

 

Жылдамдық =

 

Бірқалыпты қозғалыстың анықтамасына жүгінсек мұндай қозғалыстың  жылдамдығы тұрақты шама.

Айталық t1  уақыт мезетінде кординатасы Х1

t2 уақыт мезетінде уақыт кординатасы Х2

болсын. Демек t2 – t1 аралығында дененің орын ауыстыруы Х21 шамаға өзгереді.

 

Сонда,                             формуласымен өрнектеледі.

 

 

t2 – t1= t. ал   = L деп алсақ, онда

 

 

Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің L — орын ауыстыруы, оның S- жүрген жолына тең.

 

 

Сондықтан                            алуға болады.

 

 

Бірліктердің халқаралық жүйесінде (Sl)

жылдамдықтың бірлігіне секундына метр (м/с) алынады. Бұл жылдамдық бір-қалыпты түзу сызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1м орын ауыстыратынын білдіреді.

Егер,  Х21 және L >0 болса, жылдамдық оң болады.

Х21 және L <0 болса, жылдамдық теріс болады.

 

  1.                            2.                           3.

 

 

№1 мысал.

 

Бер:  180 км        формула     шешуі:

t =  2,5 сағ.

т/к:  — ?

 

жауабы:

72 км = 72000м;

1 сағ = 3600 с.

 

№2 мысал.

Бер:180 км/с.        формула     шешуі:

t =  45 мин.                        30 км/с =

т/к:  — ?                           45 мин = 45 · 60 с = 2700 с.

S = 30000 м/с · 2700 с = 81000 000 м = 81 000 км

жауабы: S =  81 000 км

 

№3 мысал.

Бер:1500 м        формула     шешуі:

 =  36км/сағ                      36 км/сағ =

т/к:  — ?                            t =

жауабы: t =  2 мин 30 с.

 

  1. Сабақты пысықтау үшін тақырыпқа төмендегідей есептер шыға-рамыз.

7-жаттығу. (1)

Бер:1,3 м/с.        формула     шешуі:

t =  10 с.                              S = 1,3 м/с · 10 с = 13 м

т/к:  — ?

жауабы: S =  13 м

 

  1. Сабақты қорыту.
  2. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
  3. Бірқалыпсыз қозғалыс деп нені айтамыз?
  4. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не?
  5. Ол нені көрсетеді? Формуласы қандай?
  6. Жылдамдық қандай жағдайда оң, қандай жағдайда теріс болады?
  7. Км/сағ –пен берілген жылдамдықты м/с-қа қалай өрнектейміз.

 

VІ. Үйге тапсырма:

  • 24. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс.
  • 25.Жылдамдық бірліктері.

№7-жаттығу (2-4) есептер.