Қысым

Сабақ тақырыбы: Қысым.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қысым,оның неге тәуелді екенін түсіндіру

Дамытушылық: Оқушының ойлау,тұжырым жасау қабілетін дамыту.Пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды табандылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: мысал, сұрақ-жауап,есеп.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер, слайд, оқулық,ЭО.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.Сабаққа дайындау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

а) Сұрақ-жауап.

1.Үйкеліс күші деген не? (1бал)

  1. Үйкеліс түрлері?Мысал.(3 бал)

3.Үйкеліс күші неге тәуелді? (5 бал)

  1. Пайдалы үйкелісті арттыру,зиянды үйкелісті азайту тәсілдері? (8 бал)

Ә) Үйге берілген есептерді тексеру.

ІІI.Жаңа сабақ

Оқушылардың  қысым туралы ойын білу үшін ББҮ кестесінің білемін,білгім келеді бөлігін толтыру.

 

БілемінБілгім келедіҮйрендім

 

Қызығушылықты ояту

 

 

Қысым-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы.

Қысым әрқашан төмен қарай бағытталады.

 

                                      

Мұндағы, р-қысым;

Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S-күш түсетін дене бетінің ауданы.

 

ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді-Паскаль.  .

Өлшем бірліктер:

 

                                     Тарихи мәлімет:

 

XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі.

Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында Паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газбен сұйықтардың қасиетін көп зертттеп, заңдылығын тағайындаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген.Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын ашқан алғашқы адам болып есептеледі.

                                     Есеп шығару мысалы.

Шаңғышының шаңғымен қосқандағы массасы 70 кг. Екі шаңғы тіректерінің ауданы 2300см 2 тең. Шаңғышының қар үстіне түсіретін қысымын есептеңдер.

 

Берілгені:     ХБЖ      Шешуі:      F=70кг.9,8 н/кг=686н

m=70кг                                        P= 700н/ 0,23=2982 Па

S=2300см 2    =0.23 м 2    P=F=mg              Жауабы:P=2982 Па

P=F/S

p-?

IV.Бекіту

1.Өлшем бірліктермен жұмыс

1мПа      =__________Па                     0,01Н/см2 =____________Па

1МПа     =__________Па                     15000Па  =____________Па

0,1кПа   = __________Па                     1Н/мм2    =____________Па

0,001Па =__________Па                      15Н/см2   = ___________Па

 

2.Неліктен шаңғысы жоқ балаға қарағанда шаңғы байлаған бала қар үстімен жеңіл жүреді?

 

3.Синквейн.

  1. Қысым
  2. Блез Паскаль
  3. Аудан

4.Өлшем бірліктер

4.ББү кестесінің білдім бөлігін толтырып, сабақты қорытындылау.

 

V.Үйге тапсырма.

  • 43 ,жаттығу есептері. «Сұйықтықтардағы қысым туралы мәлімет»