Тарихқа саяхат Тарихи-танымдық сайысы

81

Алматы облысы Көксу ауданы

Көксу политехникалық колледжінің

Тарих пән оқытушысы

Мырзағұлова Мейраш Сіргебайқызы

Сыныптан тыс іс-шара жоспары

Тарихқа саяхат Тарихи-танымдық сайысы

Мақсаты:

Оқушылар бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, өз халқының, елінің тарихына терең бойлай отырып, дүниетанымын кеңейту. Қоғамға дұрыс көзқарасын қалыптастырып, сыншыл көзқарас жетілдіру.Тарихты зерттей алу қасиеттерін ашу.

Келді көктем жадырайды жанымыз!

Келді көктем күн ұзарды қараңыз!

Алыс емес аналардың мейрамы,

Жанталаса құттықтайық бәріміз!

 

Бүгінгі  күн сайыста,

Сен  ешкімнен  қалыспа.

Біліміңді шыңдай біл

Бағыңды  сынар  жарыста.

Сұрақтары  әр түрлі,

Тақырыпта қойылар

Бәйгеде озар жүйрік  ой,

Шығуға  кімнің  ойы  бар.

сайыс кезеңдері

  1. Тарихты жақсы білеміз бе?
  2. Жылдар өтті
  3. Менің елім – Қазақстан
  4. Жұмбақ қорап
  5. Орта ғасырлар әлемі
  6. Олжа

7.Тарих із кесушісі

Тарихты жақсы білеміз бе?

1.Көшпелі қазақ халқы үшін түнде сағат орнына пайдаланылған жұлдыз (Үркер, Темірқазық)

2.Қазақтың ең алғаш көркемсуретті фильмі (Амангелді 1938ж)

3.ҰОС кейін ақша реформасы жасалған жыл?(1947ж)

  1. Қазақстанның Ресейге қосылуы қашан аяқталды?(1868ж)

5.Түрік этнонимінің алғаш аталуы (542ж)

6.”Сібір қазақтары туралы Жарғы”(1822ж)

Екі топ ойыншылары жинақталды:

“Алғырлар” тобы

“Тапқырлар” тобы

Жылдар өтті…

“Алғырлар” тобына:

  • 1731 жыл (Кіші жүздің Ресейге қосылуы)
  • 1836-1838 жж (Исаптай Тайманов пен Махамбет Өтемісав бастаған ұлт-азаттық көтеріліс)
  • 1916 (Ұлт-азаттық көтеріліс)
  • 1939-1945жж (Екінші дүниежүзілік соғыс)
  • 1954-1956жж (Тың және тыңайған жерлерді игеру)

“Тапқырлар” тобына

  • 1227 жыл (Шыңғысхан өлген жыл)
  • 1723-1727жж (Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама)
  • 1773-1775 жж (Пугачев бастаған шаруалар күресі)
  • 1837-1847 жж (Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күресі)
  • 1937-1938 жж (Қуғын сүргін)

Менің елім – Қазақстан 

Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялады. Жақында тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойладық. 1992 жылы Мемлекеттік рәміздерімізді, 1993

жылы теңгемізді, 1995 жылы Ата заңымызды қабылдадық. 1997 жылы қазан айынан бастап  Елбасымыз “Қазақстан — 2030” атты ел экономикасы мен әл ауқатының жақсаруын жүзеге асыратын бағдарламасын жарыққа шығарды. Міне осыдан бастап сол бағдарлама аясында еліміз өркениетті елдер қатарына қосылу үстінде …, т.б. суретпен, көрініспен, қимылмен.

Жұмбақ қорап

  • Бұл заттың формасы әр-түрлі және ақ болады
  • Ұлтымыздың қолдануындағы ……
  • Сүттен жасалған тағамдарының бірі

Орта ғасырлар әлемі

Алғырлар  тобына

  • Алтын Орда халқы негізінен қай тілде сөйлеген?
  • Ертеректе түркілер, монғолдар, қазақ жеріндегі тайпалар қай аңның басын тумен қатар ұстаған?
  • Шыңғыс хан ұлдарына бөліп берген жерлер.
  • Малдың жаппай қырылуы
  • Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада орналасқан

“Тапқырлар” тобына

  • Әйгілі Майқы би қай күйі арқылы Жошының өлімін әкесі Шыңғысханға жеткізе білді?
  • Дамыған орта ғасырда қай қаланы мақтанышпен “көпестер қаласы”деп атаған
  • Ұлы Жібек жолы пайдаланыла бастаған кезең
  • Екінші ұстаз атанған шығыстың ғұламасы
  • Жоңғар мемлекетінің билеушісі

Олжа (сұрақ топ жанашырларына беріледі)

Суреттің аталуы мен авторын атаңыздар және қай жылы салынған?

 

Тарихты зерттей аламын ба?

  • От жанған орын.

Сіздерге белгілі болғандай біздер ежелгі адамдар жайлы археологтардың зерттеулерінің арқасында көптеген құпиялардың сырын білеміз. Ал сондай сырлардың ашылуына оттың жанған орыны не айта алады.

  • Түстер сиқыры.

Түске және тағамға жолдас жоқ дегендей… Ежелгі Мысыр елінде ең жаман түс сары болған, ал ең сүйікті түстері қара мен жасыл түстер болған. Осы жұмбаққа қандай жауаптарыңыз бар

  • Ежелгі аңшылардың ай туралы аңызы

 Ежелгі аңшылардың аңызы бойынша күн айдың артынан ілесе жүріп айдың етінен біртіндеп жейтін көрінеді. Ал ай одан құтылған уақыттан бастап, желінген еттері біртіндеп орынына келетін көрінеді. Мұндағы аңызды қалай түсіндіруге болады.

  • Бұл жазу рас па әлде…

Көне дәуірлер кезеңінің музейіне көне қылыш әкелінеді. Ол қылышта «Бұл қылышпен Спартак өз жауларын өлтірген»деген жазу бар көрінеді.Бұл жазу Спартактың өлімінен кейін екі күннен кейін достары Христостың тууынан бұрын 71 жылы жазған көрінеді. Қылышты зерттеген ғалымдар көтеріліске шыққан құлдардың көсемі Спартактың б.з.д.71 жылы өлгендігін білетін,осыған қарамастан олар олқарудағы  жазуды жалған деп тапты…

Өткенім бар, өкініш жасыра алман,
Тарихым бар, жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгілейік,
Орындалсын аңсаған асыл арман