«Динамика негіздері» тарауын қайталау сабағы

821

 

Сабақтың тақырыбы: «Динамика негіздері» тарауын қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушылардың денелердің бір-бірімен әсерлесуін зерттейтін динамика тарауы бойынша білімдерін жүйелеу,қорытындылау.
  • Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
  • Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жүйелеу сабағы

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: сын тұрғынан ойлау технологиясы

Көрнекіліктер: слайд,оқулықтар,плакат, топшамалар, стикерлердегі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

-оқушылармен амандасу;

-«жоқ» оқушыларды түгендеу;

-сыныптың зейінін сабаққа аудару;

-сыныпты 3 топқа бөлу;

-бағалау парағын толтыру;

ІІ. Тарауға шолу

(лездемелерге  жауап беру)

 

  1. Инерциялық санақ жүйесі— денеге басқа даналар әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүйесі.
  2. Динамика – денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.
  3. Күш— денелердің әсерлесу мөлшері.
  4. Ауырлық күші-F=ma
  5. Серпімділік күші— дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.
  6. Үйкеліс күші— денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
  7. Тіректің реакция күші— тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.
  8. Теңәрекетті күш— денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
  9. Инерттілік— дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті
  10. Дененің массасы— оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады.
  11. Ньютонның ІІ заңы— а=F/m
  12. Ньютонның ІІІ заңы— F=-F
  13. Галилейдің салыстырмалық принципі— барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстар бірдей жүреді. Басқаша айтқанда, барлық инерциялық санақ жүйелері бірдей құқылы.
  14. Бүкіләлемдік тартылыс заңы— екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.
  15. 6,67*10-11 Н*м2/кг2гравитациялық тұрақты.

ІІ Қапшықтағы есептер

(есептер шығару)

  • 90Н күш денеге 1,2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу береді? (Жауабы: m= F1/a1=90/1.2=75кг F2=m*a2= 75*3=225H)
  • Массасы 60т, ал моторларының тарту күші 90кН болатын реактивті ұшақ ұшар кезінде қандай үдеумен қозғалады? (Жауабы: a=F/m=90000/60000=1.5м/с2)
  • Массасы 4т жүгі жоқ автомобиль 0,3м/с2 үдеумен қозғала бастады. Егер тарту күші сондай болғанда орнынан 0,2 м/с2 үдеумен қозғалатын автомобильдің жүгі қандай? (жауабы: F=m1*a1=4000*0.3=1200 Н m2=F/a2=1200/0.2=6000кг m=m2-m1=6000-4000=2000кг=2т)

4). Әрқайсысының массасы 80 т екі вагон бір-бірінен 1 м қашықтықта тұрғанда қандай күшпен      тартылады? (жауабы: F=800002*6.67*10-11/12=426.88*10-3=0.43H)

5) Әрқайсысының массасы 1000 кг.  Тартылу күші 6,67*10-9 Н болатын екі дененің  арақашықтығы қандай? (жауабы: r2= g*m1*m2/F=6.67*10-11106/6.67*10-9=104 м2  r=100м)

6) Ғарышкер Айға қонды. Оны Ай да, Жер де тартады Ғарышкердің Айға тартылу күшіне , Жерге тартылу күшіне қарағанда  неше есе артық?Айдың радиусы 1730 км-ге тең.

 

ІІІ Стикердегі сұрақтар

(3 топқа стикер лактыру, топ болып қорғау)

І топ- Ньютон заңдары

1.Инерциялық санақ жүйесі-салыстырмалы тыныштығын немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтайтын жүйе.

  1. Инерциялық емес санақ жүйесі –үдеумен қозғалып келе жатқан жүйе.
  2. Проблемалық эксперимент:

А) Жазық әйнектің үстіне кішкентай болат шар қоямыз. Неге ол тыныштықта болады?

Ә) Ақырын түрту арқылы шарикті бірқалыпты түзусызықты қозғалысқа келтіреміз. Шариктің бірқалыпты  және түзусызықты қозғалысы басқа денелердің әрекеті теңгерілгенде болады.

  1. Тарихи деректер. (Аристотель, Галилей және Ньютонның қозғалыс жөніндегі еңбектері)
  2. Ньютонның бірінші заңы, оны дәлелдейтін мысалдар.
  3. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні.

2 Дененің массасы.

  1. Ньютонның екінші заңы, оның формуласы.
  2. SI жүйесіндегі күш бірлігі.

Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты.

  1. Ньютонның үшінші заңы, анықтамасы, формуласы.
  2. Ньютонның үшінші заңының ерекшеліктері.

4.Галилейдің салыстырмалық принципінің мәнісі.

  1. Эксперимент жасау арқылы Ньютонның ІІІ заңын тексеру

ІІ топ- Күш

  1. Күш-физикалық денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама.
  2. Күштердің түрлері: ауырлық күші; серпімділік күші; үйкеліс күші; тіректің реакция күші.
  3. Күштің өзі туғызатын үдеумен қандай байланыста болатынын байқауға мүмкіндік беретін тәжірибе.
  4. Теңәрекетті күш.

ІІІ топ- Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Б‰кілєлемдік тартылыс заңы . Ньютон алғашында еркін құлау үдеуінің ара қашықтыққа тєуелділігін анықтады. Ол Жер бетінде, демек оның ортасынан 6400 км қашықтықта еркін түсу үдеуі 9,8 м/с2, ал 60 есе үлкен қашықтықтағы Айда: 3600 = 602. Демек, еркін түсу үдеуі Жер ортасынан ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал азаяды. Ньютонның екінші заңына сєйкес үдеу күшке пропорционал. үдеудің осылай азаюы тартылу күшінің ара қашықтықтан тура сондай тєуелділігінен. Тарту күшінің толық формуласын, бұл күштің әсерлесуші денелердің гравитациялық зарядтарына, демек олардың m1 жєне m2 массаларына пропорционал екендігін ескергенде анықтауға болады. Сонымен, Ньютон Жердің оған тартылатын денелермен гравитациялық әсерлесу күшін анықтайтын өрнекті тапты. өз интуициясына сенген ол анықталған формуламен өзара ара қашықтығымен r салыстырғанда өлшемі аз болатын әлемдегі кез-келген денелер арасындағы тартылу күшін есептеуге болады деп ойлады. Сондықтан ол өзі анықтаған өрнекті аспан денелеріне де, Жер бетіндегі денелер үшін де дұрыс болатын бүкіләлемдік тартылыс заңы ретінде қарастырды. Ғылымның әрі қарай дамуы Ньютон заңының дұрыстығын, бұл заңды атомдар мен молекулалардан бастап керемет үлкен жұлдыздар шоғына да қолдануға болатындығын кµрсетті.  Сонымен, Ньютон ашқан бүкіләлемдік тартылыс заңы былай тұжырымдалады: Кез-келген екі бөлшектің гравитациялық тартылу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал.  Бұл заң математикалық түрде (40.1) формуламен өрнектеледі. Бұл формуладағы G – пропорционалдық коэфициенті гравитациялық тұрақты деп аталады.  Бұл жерде бүкілєлемдік тартылыс заңы бөлшектер үшін, демек, өлшемдері r ара қашықтығынан әлдеқайда аз денелер үшін тұжырымдалған. Алайда бұл заңның керемет бір ерекшілігі оны басқа да жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді. Тартылу күшінің бөлшектерден ара қашықтығының үшінші немесе төртінші дєрежесіне емес, тек квадратына тєуелділігі бұл заңның аталған ерекшілігі. Есептеулер көрсеткеніндей тура осыған байланысты (40.1) — формуланы ішіндегі заты сфералық- симметриялы таралған шар тәрізді дєнелердің арасындағы ара қашықтықтың кез-келген мєні үшін қолдануға болады.

ІV Кестені толтыр:

 

Күш,Н Масса , кг Удеу , м/с2
? 0,15 0,3
0,045 0,45 ?
0,5 0,45 ?

 

 

Күш,Н Масса , кг Удеу , м/с2
? 0,25 0,3
0,045 0, 5 ?
0,8 0,45 ?

 

 

Кестені толтыр:

Күш,Н Масса , кг Удеу , м/с2
? 0,05 0,3
0,045 0,4 ?
0,9 0,45 ?

 

 

V Ыстық орындық

(орындықтағы оқушыға сұрақтар қою)

VІ.  Бағалау

қ/с Оқушы аты Тарауға шолу Қапшықтағы есептер Стикердегі сұрақтар Ыстық орындық Барлық ұпай
1
2
3
4
5
6

 

VІІ .Үйге тапсырма: есептер жинағы- 8,29-8,30

VІІІ. Қорытынды

Оқушылар «Динамика негіздері» тарауы бойынша алған білімдерін сабақта көрсете алды. Білімдерін тиянақтап, динамика тарауына есеп шығара алады.