Cұйықтар. Сұйықтың негізгі қасиеттері. Булану және конденсациялану. Компьютерлік графикадағы логика.

 

Сабақтың  тақырыбы:  Cұйықтар. Сұйықтың негізгі қасиеттері. Булану және конденсациялану. Компьютерлік графикадағы логика.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.

Дамытушылық: Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру.белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға, ұқсастықты қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру өздігінен жеке және шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың  түрі: кіріктірілген сабақ

 

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлер, тестер, флипчарт.

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа сабақ

  • Сұйықтар. Сұйықтың негізгі қаситтері. Булану және конденсациялану.(демонстрация: )
  • Компьютерлік графикадағы логика.

 

 ІІІ Практикалық  жұмыс

3.1 Жұғу және жұқпау, булану және конденсация құбылыстарын Paint сурет салу редакторында сурет салу.  ЖӘНЕ логикалық операциясын қолдану арқылы.

 

ІV Есеп шығару

4.1 Физика  пәні  бойынша 2 есеп шығару

4.2 Информатика  пәні  бойынша  2 есеп шығару

 

 

V Жаңа сабақты бекіту

 5.1. Тірек сызба сызу.

VІ  Тест

      6.1. Физика пәні бойынша 5 сұрақ

6.2. Информатика пәні бойынша 5 сұрақ

VІІҮйге  тапсырма

6.1 «Булану және конденсация құбылыстарын» тұрмыста қолданылуына эссе жазу; №324; 325; 322; 320.

6.2 Екі фото суретті біріктіру.

Сұйықтар. Сұйықтың негізгі қасиеттері. Булану және конденсациялану.

Сұйық бөлшектерінің орналасуы қатаң тәртіппен орналасқан қатты дене бөлшектерінің орналасуынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Сұйық  бөлшектерінің арасында оларды бірінің қасына бірін ұстап тұратын, белгілі бір өзара әсер күштері болады. Сондықтан да сұйықты сығу қиын, сұйық өзінің көлемін өзгерте алмайды. Бірақ сұйықтың  барлық көлемі нақты қатаң  тәртіп сақтамайды. Бөлшектер басқа бөлшектермен қоршалып қысылады да, ол «бір орында тыпырышып тұрады».

Көрші бөлшектермен соқтығысып, тепе-теңдік қалпының маңайында тербеледі. Олар әлсін-әлсін «құрылған тордан» секіріп шығады, бірақ сол мезетте-ақ көрші бөлшектерден түзілген жаңа «торға» түседі.

Сұйықтың қасиеттері.  Сұйықтың қатты дененің бетіне жұғатынына  және жұқпайтынына көз жеткізейік. Параграфтың басында қойылған сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Сынапты, суды және шыны пластинканы алып, тәжірибе жүргізейік. Таза шыны пластинкаға жіп бекітеміз. Осы пластинканы ретімен екі түрлі

 

Булану  және конденсациялану

Сұйықтың буға айналу құбылысы булану деп аталады. Оның газтәріздес (бу) күйге айналынуының екі тәсілі бар: кебу және қайнау.

Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы кебу деп аталады. Сұйық ішінде кез келген температурада оның сыртына ұшып шығып кете алатын жеткілікті түрде жоғары жылдамдықпен қозғалатын белгілі бір молекулалар саны болады. Демек, булану кез келген температурада жүре береді.

Булану жылдамдығы температураға тәуелді: сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, булану соғұрлым тезірек жүреді.

Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдік тұрған бу қаныққан бу деп аталады.

Сондықтан сұйықта қалған молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы да азаяды. Демек, буланатын сұйықтың ішкі энергиясы азаяды. Ал егер сырттан энергия келмесе, буланатын сұйық суиды.

Енді булануға кері процесті қарастырайық. Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация деп аталады (латын конденсаре – «қойылту» деген сөзінен шыққан).

 

 

 

Компьютерлік графикадағы логика

Пиксельдерді қосу-өшіру жағдайында тұрған логикалық нысан ретінде қарастыруға болады. Қосылып тұрған пиксель алдыңғы планның түсіне, ал өшіріліп тұрғаны – фон түсіне ие болады.

Кескіндер инверсиясы (ЕМЕС операциясы)

Бұл оперция нәтижесінде қосылып тұрған пиксельдер өшіріледі де және керісінше болады.

Егер кескіндер түрлі түсті болса, онда әрбір пиксельдің түсі оны бейтарап түске дейін толықтыратын басқа түспен: қызыл көгілдірмен, көк сары түсімен және т.б. алмастырылады. Яғни, инверсия нәтижесінде кескін өз негативіне айналады.

Кескіндерді тоғыстыру (НЕМЕСЕ операциясы)

Нәтижелік кескіндерде бірінші немесе екінші, не екі кескінде қосылып тұрған пиксельдер қосылады. Осылай қарапайым фотомонтаж орындалады.

Кескіндерді бүркеу (ЖӘНЕ операциясы)

Егер кескіндерді тоғыстыру кезінде нысандар бірінің үстіне бірі салынса, онда олардың қайсысы бақылаушыға жақын тұрғанын байқау мүмкін емес.

Кескінді өшіру (НЕМЕСЕ –ні ЖОҚҚА ШЫҒАРУ)

Нысан астындағы фонды қалпына келтіру кезіндегі өшіру қағидасы.

ІІІ. Практикалық  жұмыс

3.1 Жұғу және жұқпау, булану және конденсация құбылыстарын сурет Paint салу редакторында сурет салу. ЖӘНЕ логикалық операциясын қолдану арқылы.

 

     

 

ІV. Есеп шығару

4.1 Физика  пәні  бойынша 2 есеп шығару

  1. Массасы 4 кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша энергия жұмсалады?
  2. Көлемі 4 л су 126 кДж жылу алғанда, температурасын қанша градусқа арттырады?

4.2 Информатика  пәні  бойынша  2 есеп шығару

  1. Физика пәнінен шыққан жауапты екілік санау жүйесіне аударамыз.
  2. Жаңа сабақты бекіту

 5.1. Тірек сызба сызу.

 

 

 

t  —  қатаю

t  — булану

t    — конденсация

 

 

VІ  Тест

      6.1. Физика пәні бойынша 5 сұрақ

  1. 50К температурасын Цельсий шкаласы бойынша өрнектегенде:
  2. 3230 С температураға сәйкес келеді
  3. 2230 С температураға сәйкес келеді
  4. 500 С температураға сәйкес келеді
  5. -500 С температураға сәйкес келеді
  6. -2230 С температураға сәйкес келеді
  7. Металл қасықтың қыздырылған бөлігінен суық бөлігіне энергияның берілу тәсілі:
  8. Конвекция
  9. Сәуле шығару және жылу өткізгіштік
  10. Сәуле шығару
  11. Конвекция және сәуле шығару
  12. Жылу өткізгіштік
  13. 00С температурада мұз ериді. Осы кезде энергия
  14. Жұтылады
  15. Бөлінеді
  16. Жұтылмайды және бөлінбейді
  17. Бастапқыда жұтылады, кейін бөлінеді
  18. Бастапқыда бөлінеді, кейін жұтылады
  19. Сұйықтың булану жылдамдығы …
  20. Тек қана сұйықтың тегіне тәуелді
  21. Тек қана температураға тәуелді
  22. Тек қана сұйықтың еркін бетінің ауданына тәуелді
  23. А,В,С және желдің болуына тәуелді
  24. Тек қана температураға және ауданға тәуелді
  25. Булану кезінде сұйық суиды, себебі:
  26. Бөлшектер сұйықтан жоғары кинетикалық энергиямен шығады.
  27. Сұйықтың массасы азаяды
  28. Сұйықтан ең жеңіл бөлшектер шығады.
  29. Сұйықтан ең баяу бөлшектер шығады
  30. Сұйықтан потенциалдық энергиясы ең көп бөлшектер шығады

  6.2. Информатика пәні бойынша 5 сұрақ

  1. Компьютердің негізгі бөлігі:
  2. Тышқан,принтер, сканер
  3. Модем, тышқан, пернетақта
  4. Монитор, жүйелік блок, тышқан
  5. Монитор, жүйелік блок, тышқан, пернетақта
  6. Сканер, жүйелік блок, принтер
  7. Конъюкция дегеніміз…
  8. Логикалық қосу
  9. Логикалық көбейту
  10. Теріске шығару
  11. Теріске бөлу
  12. Логикалық алу
  13. Дизъюнкция дегеніміз…
  14. Логикалық қосу
  15. Логикалық көбейту
  16. Теріске шығару
  17. Теріске бөлу
  18. Логикалық алу
  19. Теріске шығару логикалық операциясы бұл…
  20. Конъюкция
  21. Дизъюнкция
  22. Инверсия
  23. ЖӘНЕ
  24. НЕМЕСЕ
  25. USB қандай дискілерді қосу үшін қолданылады?
  26. Оптикалық дискілер
  27. Флэш-дискілер
  28. Иілгіш магнитті дискілер
  29. дискета

 

VІІ.Үйге  тапсырма

6.1 Булану және конденсация тұрмыста қолдануда эссе жазу,№324; 325; 322; 320.

6.2 Екі фото суретті біріктіру.