Электрқыздырғыш құралдар.Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.

 

Сабақтың тақырыбы:   Электрқыздырғыш құралдар.Қыздыру шамдары.  Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.

Сабақтың мақсаты:     

           Білімділік: Оқушыларды қыздыру шамдары, балқымалы сақтандырғыш құрылысы,

жұмыс істеу принципі және қыздырғыш элемент, қысқа тұйықталу туралы түсінік беру,

алған білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.

           Тәрбиелік: Іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

           Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен

дамытуға, өздіктерінен қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сақтандырғыш, шамдар, патрон, әр түрлі  геометриялық фигуралар.

Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді қалыптастыру, өтілген материал бойынша білімді жинақтау,

жүйелеу, қорытындылау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: математика.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.

А) оқушылармен сәлемдесу, психологиялық көңіл-күйін байқау.

Б) сабаққа қатысын қадағалау.

                              ІІ. Жаңа сабақ.

  Жаңа сабақты түсіну үшін қажетті сұрақтар:

  1.    Электр тогы дегеніміз не?
  2. Токтың қандай әсерлері бар?
  3. Токтың жылулық әрекеті дегеніміз не? Қасиеті қандай?

Тірек конспект. 

 

Электр қыздырғыш құралдар

 

 

Үй тұрмысында
     өндірісте
Ауыл шаруашылығында  шшшаруашылығында
      Қыздырғыш элемент
Қыздыру шамы
1872 ж – А. Н. Лодыгин

1 – вольфрам қылы

2 – металл өткізгіш

3 – шыны

4 – түтікше

5 – қыздыру шамының мойны

6 – оқшауланған контакт

 

Нихром =  1,05 *   Ом-м

 

Фехраль = 1,1 * Ом*м

 

 

 

 

 

 

 

Қысқа тұйықталу

 

Сақтандырғыштар

(Щиттер, балқымалы сақтандырғыштар)

 

5 – 10 А                         қауіпті 0,001 – 0,1 А

 

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтарын қою:

  1. Электр қыздырғыш құралдарына жататын құралдар
  2. Қыздыру шамының құрамды бөліктері және әрқайсысының атқаратын қызметі қандай?
  3. Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?
  4. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?
  5. Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?
  6. Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады?

 

22-жаттығу.

 

№ 1,4 (ауызша)

 

№2                                1 = 1 – 1/4 = 3/4

=

 

№5 Бер:

2 есе артады.

 

Т/к:  Q — ?

 

 

№6  Бер: U = 20 B

R = 80 Ом

t = 10 мин = 600 с

 

Т/к:  Q — ?

 

№680. Балқымалы сақтандырғыштарда баяу балқитын металлдарды қолданбайтыны неліктен?

№681. Жөдеу кезінде электрқыздырғыштың спиралін қысқартқан. Оның қуаты мен қызуы өзгере ме? Неге?

№682. Электрқыздырғышына ток жеткізетін сымдар спираль сияқты неге қызбайды?

№685. Сақтандырғыштың жанып кеткен қорғасын сымның орнына, мыс немесе болат сымдарын

қолдануға бола ма?

 

  ІV. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың психологиялық қызығушылығын ояту, яғни оқушылар өздері таңдап алған геометриялық фигуралардың түстеріне қарай топқа бөледі.

1) Тапсырмалар беру. Сұрақтар бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін берілген қағазға ақылдаса отырып жазады. Осыдан кейін әр топтан 1 оқушы шығып өз жұмыстарын қорғайды.

1-топ. Тіктөртбұрыш.                                  Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

(параллелипипед)

2-топ. Квадрат.                                             Электр тогына сипаттама беріңдер.

(кубик)

3-топ. Дөңгелек.                                           Өткізгіштерді қосу түрлері туралы жазыңдар.

4-топ. Үшбұрыш.                                         Джоуль —  Ленц заңы.

(пирамида)

2) Төрт топқа әр түрлі жарықтандыру шамы берілген. Сол жарықтандыру шамындағы   Р – тың және U – дің мәндері бойынша ток күші неше амперге есептелгенін анықтау.

3) Оқушының есеп шығару дағдыларын дамыту. «Есептер жинағы» А.В. Чеботарева

    1-топ. 80-4. Суретте кескінделген приборлардың көрсетулеріне қарап, R2 өткізгіштегі ток күші қандай?

    

 

 

 

 2-топ. 80-10. Шамның клеммаларындағы  және

реостаттың клеммаларындағы  кернеулер қандай?

Волтьметр қандай кернеуді  көрсетеді?

 

 

 

 

 

 

3-топ. 80-11  Шамға түсіп тұрған кернеуді анықтаңдар.

Оның жұмыс күйіндегі қылсымның кедергісін табыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

4-топ. 80-13.Тізбекке схемада көрсетілген

дей етіп қосылған  шамның кедергісі

қандай болады?

                                               

 

 

 

 

 «Электр» сөзжұмбағын шешу.                                                                         Э

1) «Электр» атауы қандай сөзден шыққан?                                                      Л

(электрон)                                                                                                    Е

2) Диэлектриктен жасалған дене                                                                        К

(изолятор)                                                                                                      Т

3) Электрді өткізбейтін дене                                                                               Р

(резинка)

4) Электр зарядының бірлігін анықтаушы француз физигі.

(Кулон)

5) Зарядтың таңбасы

(теріс)

6) Денелердің электрленгенін анықтайтын аспап.

(электроскоп)

 

  • Оқушылар, осы электр сөзі қайдан шыққан?

Электр               электрон                     янтарь

Электр энергиясы           электр станциясынан алынады           СЭС, АЭС, ЖЭС

Бізге келіп тұрған ток МАЭК – те өндіріледі. Онда атомда жүретін ядролық реакция нәтижесінде   бөлінетін энергияны электр энергиясына айналдырады. Желілер арқылы электр станцияға, одан үйлерге, өндіріс орындарына жеткізіледі.

VІ.

VІІ.  Үйге тапсырма: 43,44 22ж-3

Баяндама: 1) «Электрмен жарықтандырудың өркендеу тарихи»

2) «Токтың жылулық әрекетін жылыжайларда пайдалану».