Ауғанның отты жылдары

56

Тақырыбы:  Ауғанның отты жылдары

Мақсаты: 
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ауған соғысындағы батырлар» альбомы , тақырыптық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғысының  ардагерлері: Сарбасов Нұрбай, Оразалиев Сембай.
Кездесу барысы.

1-Жүргізуші
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
1-Жүргізуші
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.

1-Жүргізуші
Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.
(Мемлекеттік Гимн орындау)
1-Жүргізуші
Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп , қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.
1-Жүргізуші
-10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
-Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..
2-оқушы
-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .
Өлгендерді жәннәтта болсын жаны ,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
4-оқушы
-Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып
5-оқушы
Отан үшін оққа тос кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.
1-жүргізуші:
-Ер қадірін назарын тасалаудан
Қай ел тауыпты?
Ия, Ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлде –қайда қауіпті –деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, еліміздің қайсарлы қаһармандарын ұмытпауымыз керек..
Еске алып құрметтейміз,
Құрбандардың рухын.
Қабірлері нұрға толсын,
Суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке
Айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!
1-Жүргізуші:
-Өтер жылдап, ауқыт тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар- деп ақын жырлағандай,өмір тоқтамады , ерлік өлмеді , замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі орта-мызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері , түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.
Сөз кезегін ауған соғысының ардагері Сарбасов Нұрбай ағамызға, Оразалиев Сембай ағамызға  беріледі.
1.-Жүргізуші
«Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман –сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау –біз үшін бір ғанйбет. Құрметті ағалар, естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырсаңыздар.
Ауған соғыс ардагерлерінің әңгімесін тыңдау, сұрақтар қою, пікір-алмасу.
11 оқушы
Мен қазақпын ,ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын , тірегімін жерімнің .
Ұланымын туын көкке көтерген ,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әр-қашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
1 жүргізуші:
Ендігі, өсіп келе жатқан тәуелсіздік елдің болашақ жауыңгерлеріне шақырушының тіркеу туралы күәліктерін тапсыруға рұқсат етіңіздер. /Вручение приписных свидетельств юношам-допризывникам/
12 оқушы
Қазақ жері – қонақ жай төрдің жері ,
Қазақ елі- Қас сақтай ердің елі
Елі кедей болмаған – жері байтақ ,
Елі ердей ,Бабырдай шерлек елі .
Азат бүгін , байлыққа тұнған жерім
Азат бүгін , ел жоғын қуған ері.
Әділет пен билікке жанын қиып ,
Әділ өткен билердің туған жері.
(Хормен бірге барлық қатысушылар «Атамекен» әнін орындауда.)
1 жүргізуші:
Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрмет- теу – біздің боры-шымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.
Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық !