Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі.

320

 

Пән: физика,  9-сынып         
Тақырыбы:   Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі.
Мақсаты Санақ денесі, санақ жүйесі, инерция, Ньютонның бірінші заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтиже А.  Инерциялық санақ жүйесі, Ньютонның бірінші заңы туралы біледі.

В. Ньютонның бірінші заңы орындалатын санақ жүйелері инерциялық санақ жүйелері екенін өмірмен байланыстыра отырып мысалдар келтіріп, түсінеді.

С. Ньютонның бірінші  заңы қандай санақ жүйесінде орындалатынын анықтап есептер шығарады.

 

Керекті жабдықтар оқулық,  маршруттық карта, ресурс парақтары,  жұмыс дәптері, АКТ интернет желісі, суреттер бойынша  «Стоп кадр»,бағалау парақтары, кестелер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Диалогтық оқыту, зерттеушілік әңгіме, «Стикердегі диалог»,кеңейтілген тапсырмалар,жоғары дәрежелі сұрақтар, «Ойлан.Жұптас.Бөліс», «Кезбе тілші»
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

11 мин

Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу. 2 мин.

Ынтымақтастық орта қалыптастыру. Оқушыларды жаңа  тақырыпқа сай келетін сөздер бойынша топқа бөлу. Топтардың атауы:

І топ:«Инерция»,  ІІ топ: «Ньютон», ІІІ топ: «Санақ денесі»,ІVтоп: «Санақ жүйесі».  1 мин

Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі. Үй тапсырмасын «Кинематика» тарауын қорытындылау үшін «Стикердегі диалог» әдісімен тексеремін.

Сұрақтар:

1.      Қандай қозғалыс механикалық қозғалыс деп аталады ?

2.      Векторлық шамаларға мысалдар келтіріңдер

3. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығының анықтамасын беріңдер.                                                                                    4. Үдеу дегеніміз не?                                                            5. Материялық нүкте деген не?                         6.Векторлық шамалар қалай қосылады?                            7. Бірқалыпты қозғалыстағы орын ауыстырудың формуласы.                                                                            8. Центрге тартқыш үдеудің формуласын жаз. 5 минут

Мұғаліммен амандасады.  Оқушылар сабақ құралдарын тексеріп, орналасады.Топтарға бөлінеді.

 

 

 

Топ мүшелері сұрақтардың жауабын айтады.

 

 

Тұсау-

кесер 2мин

1.«Стоп кадр» арқылы И.Ньютонның суреті көрсетіледі.

 

Жаңа тақырыпты болжап айтады.
Негізгі бөлім

 24 мин

Оқулықпен, ресурс парақтарымен жұмыс.

Жаңа тақырыпты талқылау үшін

 Маршруттық карта бойынша  10 минут уақыт беріледі.

«Ойлан.Жұптас.Бөліс» арқылы түсінеді, талдайды.

1.АКТ-ны қолдана отырып, И.Ньютонның өмірбаянымен танысады. 3 минут.

2. Оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс істейді берілген кестені толтырады,талқылайды   Топтық жұмыс. диалог Өзін-өзі және өзара бағалау  Кестемен жұмыс:3мин

Топ Берілетін ұғымдар Менің түсінігім
I санақ денесі
II санақ жүйесі,
III инерция
IY Ньютонның бірінші заңы

 

3.Өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

 

Қандай жүйе

                ережесі  

Мысал келтір

Инерциялы
Инерциялы емес
Санақ жүйесі
Ньютонның бірінші заңы

 

Жаңа тақырып бойынша сұрақтарды қайта бағыттап немесе түрткі сұрақтар арқылы жауапты нақтылауға ұмтылдырамын.3мин.                                           1.Инерциялы санақ жүйелері деп —-атаймыз.2.——құбылысын инерция деп атайды.3.Ньютон Ізаңын тұжырымдап, мысал келтіріңдер.4.Ньютонның І заңының анықтамасын жазып, мысал келтіріңдер.

4.Ой толғау. 4 мин 8-жаттығу есептері                    .№1Салт атты шауып келе жатыр. Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса, онда қандай жағдай байқалуы мүмкін?                                                                                №3 Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды?                                                               №115. Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірілуі тұрғанда бір қалыпты қозғалыс жасай ала ма?(автомобиль жолдың горизонталь бөлігімен бірқалыпты қозғала алмайды, себебі оған басқа денелердің әсері теңгерілмейді. Автомобильге Жер (төмен қарай тартады), жол жабындысы (серпімді түрде жоғары итереді және горизонтальды қозғалысқа үйкеліспен кедергі жасайды), ауа (қозғалысқа әсер етеді). Жердің тартуы және жолдың серпімді реакциясы вертикаль бойымен әсер ететін өзара теңгеріледі, горизонталь әсер ететін жол және ауа  кедергісі теңгерілмейді.

 

Тақырыпты оқып, топта талдайды.  АКТ-ны қолдана отырып, И.Ньютонның өмірбаянымен танысады.

 

 

 

 

 

Оқушылар тапсырманы жеке орындап,топта талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс істейді берілген кестені толтырады,талқылайды   Топтық жұмыс. диалог , зерттеушілік әңгіме,өзін-өзі және өзара бағалау

 

Қорытынды

 

«Кезбе тілші» әдісімен аяқтаймын. 3мин

 

 

Үйге тапсырма

1мин

 

Дайындық сұрақтары.

 

Үй  тапсырмасын күнделікке жазады.

§ 10, 8-жаттығу(2,4)

 

 

Рефлексия 2мин

Бағалау 2мин

 

Аты-жөні                                                             «Сабақтағы жұмысыңды бағала»                            1.Мен бүгін сабақта білдім (не)                                   2.Мен бүгінгі сабақта үйрендім(нені)                       3.Бүгінгі сабақта жақсы орындап үйрендім(нені) 4.Бүгінгі сабақта мен үшін жаңалық болды(не)         5.Мен үшін түсініксіз болды(не)                                  6.Мен бұл сабақта қандай оқушы болдым