Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Сабақтың тақырыбы:

Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың таным қабілетін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, әдептілікке баулу.

 

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, Паскаль шары, слайдтар

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

     І жарты-жылдық бойынша өтілген тақырыптар бойынша

     қайталау сұрақтарына жауап беру:

 

  • Зат құрылысы, зат неден тұрады?
  • Диффузия және температураға тәуелділігі
  • Заттың күйлері, қасиеттері, молекулалық құрылысы
  • Механикалық қозғалыс, оның түрлері.
  • Материялық нүкте. Жол және орын ауыстыру.
  • Заттың тығыздығы.
  • Күш. Күштің түрлері. Күшті өлшейтін аспап.
  • Деформация, оның түрлері. Гук заңы

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру:

Кіріспе: Слайдтан суреттер көрсете отырып, қысым ұғымын енгізу

 

 

 

 

 

Қысымның анықтамасын, жазылу өрнегін, SI жүйесіндегі өлшем бірлігі/слайд/

Анықтамасы:                                 жазылу өрнегі:                            өлшем бірлігі:

Белгілі бір бетке

  перпендикуляр

  түсетін күш                                                                           

 әрекетінің нәтижесін

 сипаттайтын шаманы                          =

  қысым деп атайды

 

Қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің молекулалық құрылысындағы айырмашылықты түсіндіре отырып, заттың үш күйі арқылы қысымның берілуін түсіндіру /слайд/

Қысымның берілуіне мысалдар қарастыра отырып, оқушылардың ойын қорыту.:/слайд/

 

     Молекулалардың еркін  қозғалуынан  сұйықтар мен газдарға түсірілген

қысым, барлық бағытта бірдей беріледі!

Паскаль шарының жұмысын көрсету./слайд/

15-жаттығудан есептер шығару

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға арналған логикалық есептер:

 

 

 

 

 

  1. Сабақты қорытындылау

 

  1. Оқушыларды бағалау

VI.Үйге тапсырма §33,34  /132-136 бет/  15-тапсырма