Физика сабағында модульдік оқыту тенологиясын қолдану

93

Физика  сабағында модульдік  оқыту  тенологиясын  қолдану

Қазіргі  кезде еліміздің барлық орта мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр.Мұндағы негізгі мақсат – жахандану заманында білімнің бүкіләлемдік  кеңістігіне  ену.Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа технологиялары көбірек қолданылуда.

Онсыз жаңа сатыға көтерілу, білім сапасын арттыру әсте мүмкін емес.Инновациялық жүйе негізінде мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін дамыту қажет.

Модульдік оқыту технологиясыныың ерекшелігі әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктері ескерілетінін оқушылардың, өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдылары қалыптасатынын байқадым.Осы технология негізінде оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туып, оқуға деген ынтасы оянады. Өз іс тәжірибемде физика сабағында М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту әдісін» оқушыларға жеке тапсырма беру арқылы жетілдіре оқытып жүрмін. Оқушыны дара тұлға етіп тәрбиелеу, олардың білім сапасын, танымдылығын арттыру мақсатында жаңа әдіс тәсілдерді сабаққа үнемі пайдалану олардың шығармашылық қабілетін арттырады. Төменде осындай жаңа әдіспен  10 сыныпта өткізілген «Электростатика негіздері» тарауына арналған  қайталау сабағымның жоспарын ұсынып  отырмын.

Сабақтың тақырыбы:  Электростатика  негіздері

Сабақтың мақсаты: « Электростатика негіздері » тарауы  бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеріп және пәнге деген ынтасын  арттыру;

Білімділік: Электр  өрісінің  кернеулігін, электр  сыйымдылығын  оқып  үйрену, электр  өрісінің  күш сызықтарын  көрсету, сипаттау.

Дамытушылық:  Ойлау  қабілетін  арттырып, шығармашылыққа  баулу, пәнге  қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Ғылыми – техникалық  білім  беру, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: Білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау .

Сабақтың  әдісі: Ойын  сабақ, топтық жұмыс, түсіндірмелі сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың  көрнекілігі: электронды  оқулық, үлестірмелі  материалдар, плакат.

Сабақтың  барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Ойын шартымен таныстыру

 І. Ой толғаныс  (Сенім, Өкіл, Таңдау, Бәрі)   Үш деңгейде тапсырма беріледі.

«Сенім » қағазы  түскен  топ  мұғалімнің  сеніміне кірген топ болып есептеліп деңгейлік тапсырманы тексеруге көмектеседі; «Өкіл » қағазы түскен топ іштерінен жауап беруге бір оқушыны өкіл етіп шығарады; «Таңдау » түскен топтан жауап беретін оқушыны мұғалім өзі таңдайды; « Бәрі »  қағазы түскен топ бәрі бірге кезектесіп жауап береді.

 ІІ. Суреттер сөйлейді ( Терезедегі сандарды таңдау арқылы суретпен берілген сұраққа жауап береді. )

ІІІ. Мәреге жет (формула,өлшем бірліктер, физикалық шамалар атауын жазып шығу)

ІҮ  Сәйкестігін тап.

Ү. Тестпен жұмыс

  1. Қорытынды. Тірек схема арқылы мұғалімнің көмегімен  тарау бойынша алған білімдерін еске түсіру
  2. Үйге тапсырма

ІІІ – деңгей

1) Егер U кернеуге дейін зарядталған конденсаторға сыйымдылығы дәл осындай зарядталмаған конденсаторды параллель қосса, оның астарларындағы кернеу қалай өзгереді?

2) Электростатикалық  өрістің қандай қасиеті оның потенциалдығын көрсетеді?

ІІІ – деңгей

1) Өткізгіштің сыйымдылығы неге тәуелді болады?

2) Полярлық диэлектрикті біртекті  электр өрісіне алып келгенде онда қандай  құбылыс өтеді?

ІІІ – деңгей.

1) Тепе – теңдік кезінде өткізгіштің заряды қай жерде орналасады?

2)  Зарядталған конденсатордың энергиясы қай жерде   жинақталады ?

ІІ – деңгей

Егер кернеуін екі есе арттырса, конденсатордың энергиясы  қалай өзгереді?

ІІ – деңгей

Біркелкі зарядталған шексіз екі пластинкалардың зарядының беттік тығыздығын 3 есе арттырғанда,олардың арасындағы кеңістіктегі нүктелердегі электр өрісінің кернеулігі қалай өзгереді?

ІІ – деңгей

Арақашықтығын 4 есе арттырғанда нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді?

І – деңгей

1) Горизонталь орналасқан екі пластинканың арасындағы кернеу 600 В. Осы пластинкалардың өрісінде  массасы 3* 10 -8 г зарядталған тозаң тепе – теңдікте тұр. Пластиналардың ара қашықтығы 10 см  тозаңның зарядын табу керек.

2) Диэлекртлік  өтімділігі  Е=1,5 болатын ортадағы кернеулігі  Е=2* 10 В/М болатын нүктеде электр өрісі энергиясының тығыздығы неге тең?

І – деңгей

Сыйымдылығы 0,02 мкф жазық конденсаторды тоқ көзіне қосқанда, ол  10 ¯8   Кл заряд алды.Егер пластиналардың арақашықтығы 5 мм болатын болса, конденсатор өрісінің кернеулігін табу керек.

2)Конденсатордың электр сыйымдылығы 100 мкф, астарларының арасындағы кернеу 4 В. Конденсатордың электр өрісінің энергиясы неге тең?

І – деңгей

1) Екі зарядтың қарастырылып отырған нүктедегі электр өрісі проекциялары: Е1х=2 В/м ;Е2х= 2 В/м;  Е1у = -5 В/ м, Е2у= 2 В/м. Қорытқы өрістің модулін табу керек.

2) Сыйымдылықтары С1= 1 мкф, С2=2мкф және де С3 =3мкф болатын 3 конденсатор тізбектей қосылған.   Олардан қандай ең минималь сыйымдылық алуға болады?

          

 

 

        I . Өткізгішке  конденсаторды  қосып сыйымдылығын анықта.

2 — 5 -6 — Бұл қай елдің    ғалымы  және    қандай еңбегін  білесіңдер?

  1. Электр өрісіндегі екі зарядтың күш сызықтарының орналасуы қандай  болады ?
  2. Электр өрісінде  зарядталған  бөлшектің  қозғалысын  түсіндір.

 

Мәреге  жет.

Физикалық шамалар, өлшем бірліктер, формулалар ( Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша төртбұрыштың  ішін       толтырып      шығады , төменнен жоғары қарай )

Сәйкестігін  тап.

1) Электр өрісінің потенциалы үшін  суперпозиция принципі                         1,6 * 10-19Кл

2) Электр өрісінің біртектілік шарты                                           Е = E0/Е

3) Электр өрістерінің суперпозиция принципі                         Е<Ео

4) Диэлектриктегі электр өрісінің кернеулігі  мен сыртқы электр  өрісінің   кернеулігі  Ео        Е = E1+ Е2 + ….

    арасындағы қатынас  

5) Минималь электр заряды                                Е=const

6) Диэлектрик өтімділік мәні                           ε = ε 1+ ….

Тестпен  жұмыс. ( тестілеу құрылғысымен алынады)

1.Ара қашықтығын 2 есе азайтқанда екі нүктелік зарядтың кулондық өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді?    Ж. 4 есе артады

  1. Екі кішкене зарядталған шариктердің әрбіреуінің зарядтарын екі есе арттырып, ал ара қашықтығын сол күйінше қалдырған кезде, олардың кулондық өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді? Ж. 4 есе артады
  2. Екі нүктелік зарядты диэлектрлік өтімділігі Е ортадан вакуумге алып өткенде олардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді( зарядтардың ара қашықтығы өзгеріссіз қалады)

Ж. Диэлектрлік орта өзара әрекеттесу үшін вакууммен салыстырғанда Е есе артады.

  1. ε 0 электр тұрақтысының өлшем бірлігі :          Ж. Ф/м

5.Горизонталь орналасқан екі пластинканың арасындағы кернеу 600 В. Осы пластинкалардың өрісінде массасы 3*10-8 г зарядталған тозаң тепе-теңдікте тұр.Пластиналардың ара қашықтығы 10 см. Тозаңның зарядын табу керек.

Ж:  q=mg/Ud=5*10 -11Кл.

6.Электростатикалық өрістің екі нүктесінің потенциалдар айырмасының сан мәні немен аяқталады.

Ж. Бірлік оң зарядтың  осы нүктелердегі потенциалдық энергияларын айырымымен аяқталады.

7.Электр зарядын кез-келген траекториямен алып өткенде ондағы электр өрісі күштерінің жұмысы  нөлге тең болса, бұл қандай өріс?      Ж. Магнит өрісі

  1. Егер U кернеуге дейін зарядталған конденсаторға сыйымдылығы дәл осындай зарядталмаған конденсаторды параллель қосса, оның астарындағы заряд қалай өзгереді?

Ж.. Бұл жағдайда заряд конденсатор астарлары арасынада тең бөлінеді, сондықтан конденсатордың заряды екі есе азаяды.

  1. Егер сыйымдылығы дәл сондай зарядталмаған конденсаторды зарядталған конденсаторға параллель қосса, зарядталған конденсатордың электростатикалық энергиясы қалай өзгереді?

Ж. Зарядталған конденсатордың заряды екі есе азаяды, сондықтан енді оның энергиясын W=q2/2C бойынша алатын болсақ онда ол екі есе азаяды екен.

  1. Электросыйымдылық қандай бірліктермен өлшенеді ? Ж. Фарад

                                                                      Тірек   схема

                         

                                                                Бағалау     парағы:

Топтың аты Ой толғаныс Суретпен жұмыс Мәреге жет Сәйкестігін тап Тестпен жұмыс Қорытынды

балл

             
             
             

 

Үйге тапсырма :  Сөзжұмбақ . анаграмма  құрастыру