Ньютонның екінші заңы. Масса.

 

Сабақтың тақырыбы: Ньютонның екінші заңы.Масса.

Жалпы мақсаты: Оқушыларға Ньютонның екінші заңының  негізгі мазмұнын түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер:1.Оқушылар Ньютонның екінші заңы туралы білім алады.

2.Өз беттерімен формуланы қорытады.

  1. Формуланы қолданып, есептер шығара алады.

Сабақ түрі:жаңа білімді игеру сабағы

Модульдер және стратегиялар:1.Білім берудегі жаңа тәсілдер(топтық жұмыс,диалогтық оқыту,сұрақ-жауап)

  1. СТО( тірек-схема толтыру)

3.АКТ қолдану(слайд презентация)

4.Бағалау(бірін-бірі критерий арқылы бағалау,мұғалімнің формативті бағалауы,кері байланыс-оқушы пікірін ескеру)

Керекті жабдықтар:,интерактивті тақта, оқулық,есептер жинағы.

 

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе

 

1.ҰйымдастыруСабаққа дайындық
 

1.Тірек сөздерді қолданып топқа бөледі. Әр топқа бағалау парағын береді.

І топ    Ауырлық күші

ІІ топ  Үйкеліс күші

ІІІ топ  Серпімділік күші

ІV топ. Тіректің реакция күші

2.Үй тапсырмасын Блум таксономиясы бойынша құрылған сұрақтар арқылы тексеремін.

1.      Инерциялық санақ жүйесі дегеніміз не?

2.      Ньютонның І заңын тұжырымда

3.      Күш дегеніміз қандай шама?

4.      Күштердің қандай түрлерін білесіңдер

5.      Ауырлық күші дегеніміз не? Формуласы

6.      Серпімділік күші

7.      Үйкеліс күші

8.      Үйкелістің қандай түрлерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер

9.Тіректің реакция күшін қалай есептейміз

Оқушылар өздеріне берілген сөз қай күш туралы айтылғанына қарап,  топтасады.

Өз топтарыныың топ басшысын сайлайды.

 

 

Әр сұраққа топ мүшелері ойланып жауап береді.

Жауап бере алмаған топтың сұрағына келесі топ мүшелері жауап бере алады.

Жалпы оқушылар   төменгі деңгейлі сұрақтармен қатар , жоғары деңгейдегі сұрақтарға да жауап береді.

 

Тұсау

кесер

Әр топтың алдында конверт бар , сол конвертті ашуға тапсырма беріледі.

Ішіндегі шашырап жазылған әріптерден сөз тіркестерін құрастырады.

   Оқушылардың  берілген тапсырманы орындайды.

Тақырыптың атауын өздері ашады.

Негізгі бөлім

 

1.Жаңа тақырыпты мына бөлімдерге бөліп оқушыларға оқулықпен танысуға тапсырма беріледі.

2.Тірек-схеманы толтыртады. Бұл тірек-схемаға осы тақырыптың түйіні жазылады.

3. Электрондық оқулықтан  осы тақырыпқа байланысты материалды көрсетеді

 

 

І топ. Инертілік

ІІ топ. Дененің  массасы

ІІІ топ. Ньютонның екінші заңы

ІV топ. Теңәрекетті күш.

Оқушылармен оқулықпен жұмыстанады.

Негізгілерін  естеріне сақтайды.

Осы топтың әрқайсысынан 1 адам қорғайды. Қалғандары толықтырады.

Оқушылар тірек-схеманы толтырады.

Қоры

тынды

 

1.Деңгейлік есептер шығару

А деңгей-1 балл

В  деңгей -2 балл

С деңгей -3 балл

А деңгей

a?0,4м/с2 2км/с2 0,1м\с 2
F6 мН??20 Н
m200 кг10г?

В деңгей

В деңгей

№1 Реактивті ұшақтың массасы 60т  қозғалтқышының тарту күші 90 кН болса , ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалады?

№2    1.5 м/с² жылдамдықпен үдейтін массасы 1 т  машинаға әсер ететін тең әсерлі күшті есептеңіз

С деңгей

№1   Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен  2м/с2 үдеу алады.   Массасы   8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?

№2   60Н  күш денеге 0,8 м/с 2    үдеу береді. Осы денеге қандай күш  2 м/с 2 үдеу бере алады?

2.Физикалық диктант

 

  1. Деңгейлік есептерді А тобынан бастап шығарады, топ ішінде талдайды, бұрын болған оқушылар түсінбей отырған оқушыларға есептің шешуін көрсетеді, түсіндіреді.
  2.  Физикалық диктантты оқушылар жеке орындайды. Жұптарының диктантын тексереді, бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

«Сөйлейтін таяқша» ойынын ойнату.

Тақырып түсінікті болды деген оқушылар екі қолын,ал кейбіріреуін түсінбедім деген оқушылар бір қолын, ештеңе түсінбедім деген оқушылар қолын көтермейді.

 

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Сиқырлы таяқшаны алған оқушы бүгінгі тақырып бойынша есінде қалған түйін сөз айтады. Осылай бүкіл сынып оқушылары сөйлеп шығады.
Бағалау:  Оқушыларды формативті,критериалды  бағалау.Оқушылардың сабақ барысында алған  балдарын топ басшысы бағалау парағына толтырып отырады. Сабақ соңында жинаған балдары бойынша бағаланады.

20  баллдан жоғары-«5»

13-19   -«4»

6-12-«3»

0-5-«2»

Үйге тапсырма: §12, 10 –жаттығу

(есептер шығару)

 

 

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөніҮй тапсыр-ыЖаңа білімді

игеру

Тірек-схемаЕсептер

шығару

Физ-қ

диктант

БалыБаға
1
2
3
4
5