Глосарий физикадан

34

Глосарий физикадан

 

Атом – Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.

Қысым – белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.

Масса – денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шамаға жатады.

Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайда өлшемдерін өлшеуге болатын дене.

Деформация – дене пішінінің және өлшемдерінің өзгеруі

Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаарылық бос орындарына өзара өтуі.

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін   сипаттайтын физикалық шама.

Молекула – заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.

Ауырлық күші – денелердің Жерге тартылу күші.

Бірқалыпты емес қозғалыс – дене тең уақыт араалығында әр түрлі жол жүреді.

Бір қалыпты қозғалыс – дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүреді.

Жылдамдық – берілген уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақыт аралығына қатынасы.

Зат тығыздығы – сол заттың көлемі бірлігіндегі массасына тең физикалық шама.

Дененің салмағы —  дененің тірекке немесе аспаға түсірілген күші.

Орын ауыстыру – қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орынмен қосатын бағытталған  кесінді.

Үйкеліс күші – бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш.

 

 

 

 

 

Молекула – заттың қасиетін сақтайтын ең кішкентай бөлшек.

 

Диффузия дегеніміз — әр түрлі заттар біріне-бірі тиіскенде,олардың біреуінің молекуласының екіншісіне өту құбылысы.

 

Идеал газ деп – газ молекулаларының материалдық нүкте ретінде қарастыруға болатын және олардың бір-бірімен әсерлесуі жоқ,тек қана  серпімді соқтығысу -мен әсерлесетін газ.

 

Қысым P дегеніміз – бірлік ауданға нормаль бойымен әсер ететін күш:

P=F/S

 

СалыстырмалыY ауа ылғалдылығы деп – сол температурадағы ауадағы су буының p қысымының p қаныққын бу қысымына проценттік қатынасын айтамыз:

Y=P/P*100%

 

Беттік керілу дегеніміз – керілу коэффициенті санδ жағынан бірлік L ұзындыққа сұйық беттігі тарапынан әсер ететін күшке тең шама:

δ=F/L

 

Жылу мөлшері дегеніміз – жылу алмасу кезінде денеге берілген немесе денеден алынған ішкі энергия.