Электрлік жарақтардың себептері мен қасиеттері. Физика кабинетіндегі электр желісі.

 

І. Электрлік жарақтардың себептері мен қасиеттері.

Физика кабинетіндегі электр желісі.

Электр тогы адам организмінен өткенде қыздыру,  электр және  биологиялық түрде әсер етеді.

Қыздыру әсері адам денесінің әр жерінде күйік түрінде,  қан тамырларын  және қанның өзін қыздыру сияқты әсер қалдырады. Бұлшық еттердің еріксіз тартылуы арқылы байқалатын тканьдердің тітіркенуі мен қозуы электр тоғының биологиялық әсеріне жатады.

Бұл айтылған әсерлер жарақаттануға апарып соғуы мүмкін. Жарақаттану түрінде электрлік күйік, электрлік белгі, терінің металдануы, электроофтальмия және механикалық зақымдану сияқты зардаптар жатады. Күйіктің тоқтан және доғадан пайда болған түрлерін ажыратады.

Тоқ күйігі адам денесі ток жүгіріп тұрған бөлшекке тікелей жанасқанда,  ол арқылы ток өткенде пайда болады.

Доға күйігі – тканьнің күюін, көмірге айналуын және дененің көп жерін күйдіретін электр доғасының әсерінен туады.

Электрлік белгі дегеніміз электр әсерінен болатын тері бетіндегі сұр немесе сарғыш түсті айқын байқалатын таңба.

Металдану – электр доғасымен бақыған металдың өте ұсақ бөлшектерінің адам терісіне енуі.

Электроофтальмия – көздің қасаң қабағының  электр доғасынан бөлінетін ультракүлгін сәуле әсерінен ісінуі. Ондай сәулелер әр түрлі кернеудегі екі өткізгіштердің бір-біріне қысқа  тұйықталу кезеңдерінде де пайда болады.

Механикалық зақымдануы – токтың әсерінен бұлшық еттердің  еріксіз тартылуы. Бұл  кезде адам құлап та қалуы немесе қолын, басын жақын  тұрған заттарға соғып алып жарақаттануы мүмкін.

Электрлік соққылар токтың организмге әсеріне қарай төрт түрге бөлінеді:

  1. Адам есінен танбастан оның бұлшық еттері тартылып, тырысуы
  2. Адамның есінен танып оның бұлшық еттері тартылып, тырысуы, бірақ дем алысы тоқтамай, жүрегі соға береді.
  3. Естен танып, жүрек соғуы мен дем алысы өзгереді.
  4. Клиникалық өлім, яғни дем алуы мен қан айналысы тоқтайды.

 

 

Электрлік жарақаттанудың себептері – электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде күтімсіздік  салдарынан кейбір жерлерінде иллюзия кедергісі төмендеп , ток жүрмеуге тиісті жерлерде кернеу пайда болуы, жұмыс орнын нашар даярлау салдары, қондырғы конструкциясындағы, оны монтаждаудағы жіберілген қателіктер, сапасыз нұсқау, бағыттау материалдары.

Электр тогымен жарақаттану электрлік жарық жүйесінен де, күш жүйесінен де болуы мүмкін. Физика кабинетінде осы  екі күш жүйесінен де болуы мүмкін. Физика кабинетінде осы екі жүйенің екеуінің де кіретін орындары бар. Әдетте жарық жүйесі – бір фразадан, ал күш жүйесі – үш фазадан тұрады.

Сымдарды тарту, бекіту, жөндеу және қабылдағыш құралдарға қосу оларды ток көзінен ажыратқаннан кейін ғана  жасалынады. Тартырған сым изоляциялы  болуға тиіс те,  оларды механикалық әсерден бүлінетін жерлерін сақтауға қосымша  шаралар  қолданылды. Оның үстіне операцияны жүргізгенде электрді токтан ажырату керек.

ІІ. Электр тогының организмге әсері.

Адамның денесі электр тогын жақсы өткізеді де, тері көбірек кедергі көрсетеді. 15-20 В кернеу үшін зақымдалған терісі құрғақ адам денесінің кедергісі 3-тен, 100-ге дейінгі кОм шамасында болады. Егер тері  зақымдалған  болса, кедергі 300-500 Ом-ға дейін төмендейді.

Адам денесінің кедергісі одан  өтетін токтың мөлшеріне, өтетін  мерзімінің ұзақтығына, жиілігіне байланысты. Осы параметрлер шамасы артұан сайын кедергі кеми түседі.

Қауіпсіз ток адам  денесі  арқылы  ұзақ уақыт  өткенімен адамға  сезілмейді.

Сезілетін ток-өндірістік жиіліктегі 0,6 – 1,5 мА  және тұрақты  ток 5-7мА. Адам денесінен бұдан жоғары мөлшердегі токтардың бәрі сезілетін болғандықтан, осы шамалар токтың сезілу табалдырығы деп аталады.

Жібермеу табалдырығы тогының шамасы әр адам үшін әртүрлі.

Өндіріс жиілігі айнымалы ток тұрақты токтан 4-5 есе қауіптірек. Оны сезу және жібермеу табалдырықтарындағы ток мөлшерінен көруге болады.

Электр құралдарының ток жүретін бөліктерінің изоляциясыз болуы щиттер мен жүйелерде ток жүріп тұрған кезде жөндеу немесе профилактика жұмыстарын жүргізу, қорғаныс құрал-саймандардың дұрыс жұмыс жасамауы осылардың бәрі екі фазалық жанасуға апарып соғады.

Адам өмірі үшін қауіптірегі екі фазалық жанасу.

 

ІІІ. Зертханалық және  демонстрациялық  тәжірибелер  жасаудағы  жеке – дара қауіпсіздік шаралары.

Экспериментальдық электр қондырғыларды  құрастыруға пайдаланатын өткізгіштердің  бөлік изоляциясының көзге түсетіндей  ақауы  болмау  керек. Изоляциясы жоқ өткізгіштерді пайдалануға мүлдем болмайды. Өткізгіштер ұшталып сақтандырғыш қаппен  жабылуы  тиіс, ал қысқыштарында  пластмассаға престелген жиырылмайтын бүркеншегі  болуы  қажет. Өлшеу кезінде приборларға, конденсаторларға, трансформаторларға, резисторларға  және  өткізгіштерге  тиісуге  тиыс  салынады.

Қондырғыны электр тізбегіне  қосуда  штепсельдік қосылыстар көп  жағдайда  бір фазалық  және  екі  фазалық  түйісуге  мүмкіндік  бермейді.

  1. Электр тізбегін құрастырған кезде өткізгіштердің  қиылысуынан  аулақ болыңдар, изоляциясы  тозған өткізгіштерді және  ашық  типтес  рубильниктерді пайдаланыңыздар.
  2. Электр тізбегіне ток  көзіне  ең  соңынан  қосыңдар. Тізбектегі кернеуді  тек  приборлармен  немесе  кернеу  көрсеткішінен  тексеруге  болады.
  3. Изоляциясы жоқ, кернеуі бар  тізбек  элементіне тиіспеңдер.
  4. Жұмыс кезінде электр машиналарының айналып тұрған бөлшектеріне абайсызда қол тигізіп алмаңдар.
  5. Изоляциялаушы сабы  бар  аспаптарды  пайдаланыңдар.
  6. Жұмыс соңында  электр  көзін  ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін ажыратындар.
  7. Кернеуі бар электр қондырғыларында  ақау  байқалса,  дереу  электр  тогының  көзінен  ағытып, бұл  туралы  мұғалімге  хабарлаңдар.

ІҮ. Проекциялық аппараттармен  жұмыс  істеудегі  техникалық  қауіпсіздік  шаралары.

Әртүрлі типтегіпроекциялық аппараттарды  қолдану  кезіндегі  көру гигиенасына  тоқталайын. Белгілі, экрандағы кескіннің сапасы  кез-келген аппараттың негізгі тетігі, жарықтану проекциялық  системасына  байланысты  болады. Оған  жататындар: жарық көзі, конденсатор және  проекциялық объектив.

  1. Аппаратты желіге қосудан  бұрын  оның  жұмыстық кернеуі желідегі  кернеуге  сәйкес келетіндігіне  көз жеткізіп  алу  керек.

 

  1. Аппараттың металл  бөліктеріне  ылғал  тиюіне, линзаның жылтыр бетін  қолмен ұстауға  және  оларды  қағазбен  сүртуге  болмайды.
  2. Аппараттың оптикасын эфир  мен спирт  қоспасына  батырылған таза мақта тампонымен  тазалау  керек. Эфир  болмаған жағдайда, таза спиртпен тазалауға болады.

Кескіннің  сапасы  оптикалық  системаны  центрлеуге байланысты. Аппараттағы  жарық  көзі  дұрыс  орналаспаса, экранда  формалары  түрліше  түсті  таңбалар пайда  болады. Егер түсі  көк болса, онда  жарық  көзі клонденсаторға  өте жақын орналасқаны, егер қызғылт болса – жарық көзі конденсатордан алшақ орналасқаны.