Жай механизмдер.

56

Сабақ тақырыбы:  §58. Жай механизмдер.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға  иінді таразылар, жай механизмдер және олардың  жұмыс істеу принциптері туралы  түсінік беру .

Сабақтың міндеттері:

  1. Жай механизмдердің түрлерімен таныстыру.
  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабақ

Сабақтың типі:  жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, есеп шығару

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, иінтірек, таразылар, блоктар, жүктер, саяхат бағыты сызылған плакат, суреттер.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Саяхатқа даярлық (үй тапсырмасын тексеру).
  3. Жаңа сабақты тұсіндіру.

А) «Иінді таразылар» елімен танысу. (жаңа тақырыпты түсіндіру)

№1 бөгет (жаңа сабақты бекіту)

Ә)«Жай механизмдер» елімен танысу. (жаңа тақырыпты түсіндіру)

  1. Сабақты бекіту тапсырмалары:

№2 бөгет

№3 бөгет

№4бөгет

  1. Үйге тапсырма беру.
  2. Бағалау.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру.

2.Мұғалімнің сөзі: Оқушылар, бүгінгі сабағымызда саяхатқа  шығамыз. Саяхатқа шығу үшін төмендегідей тапсырмаларды орындауларыңыз керек:

  1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?
  2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?
  3. Иіндік деген не?
  4. Күш иіні дегеніміз не?
  5. Күш моменті деген не?
  6. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

Автобуспен саяхатымызды жалғастырайық.

  1. Енді, оқушылар автобустан түсіп, «Иінді таразылар» елімен танысайық.

 

Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.

Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни    немесе

Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:

d1=d2

m1g=m2g

m1=m2.

Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

Оқушылар,  «Иінді таразылар» елімен танысып болсақ әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

  1. Жол бойындағы бөгеттің тапсырмасын орындау:
  2. Тең иінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?
  3. Тең иінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?
  4. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?

Саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.

  1. Алдымызда тағы бір елдің барын көріп келе жатырмыз. Енді «Жай механизмдер» елімен танысайық:

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.

 

Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық және оның өзге түрлері: сына, бұранда.

 

 

d1-жұмысшы күшінің иіні,

d2-жүктің ауырлық күшінің иіні,

Ғ1-жұмысшының жасайтын күші,

Ғ2-көтеретін дененің ауырлық күші.

Жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысы күштен сонша есе ұтады.

Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы:

 

Блок дегеніміз-өз осінің төңірегінен айнала қозғала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік.

Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок жылжымайтын блок деп аталады (а-сурет).

Жылжымайтын блокты тең иінді иіндік деп қарастыруға болады (ә-сурет).

Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады (б-сурет).

В-суретте жылжымалы блок иіндік ретінде көрсетілген. Мұндағы 0-иіндіктің тіреу нүктесі, Р-ауырлық күшінің иіні –АО, Ғ жұмыс істейтін күштің иіні-ВО.

ВО иіні АО иінінен 2 есе артық болғандықтан Ғ күші Р күшінен 2 есе кем. Күш моменттерінің тепе-теңдік шарты бойынша  Бұдан:     яғни  Күштен ұту үшін жылжымалы және жылжымайтын блоктарды бірге пайдаланады (г-сурет).

«Жай механизмдер» елімен танысып болсақ, саясатымызды әрі қарай жалғастырайық.

 

 

 

№2   бөгет            Деңгейлік тапсырмалар.

                                                                         І деңгей

                                                         (Оқулықпен жұмыс)     


     

 

                                    41 – жаттығу

  1. 177 — суреттегі иіндіктердің тірек нүктелерін және күш иіндерін сызба түрінде анықтаңдар.


ІІ деңгей

Иіндік (рычаг) тепе – теңдікте болуы үшін А нүктесіне қандай күш түсіру керек?

Берілгені:                        формула:                      шешуі:

l1=4cм=0,04м                  F1 l1= F2 l2                                   F2=4H*

l2=0,01м

F1=4H                                                     Жауабы: Ғ2=1Н

F2-?

ІІІ  деңгей

Иіндіктің иіндерінің қатынасы 10:1. Оның ұзын иініне әсер ететін күш 150Н- ға тең болса, онымен ауыр жәшікті 12 см биіктікке көтергенде қанша жұмыс істеледі?

Берілгені:                               формула:                     шешуі:

                                                                                 l1                                 l2

Ғ1=150Н

һ=12 см =0,12м

F1                                                                        F2

А — ?                                                         A=150H *0,12м*10м=180Дж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 бөгет

Семантикалық карта

Механизмдер Блок Ондық таразылар Жылжымалы блок Жылжымайтын блок
1 Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырады…          
2 Өз осінің төңірегінде айнала алатын, шетінде науасы бар дөңгелек тегершік.          
3 Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар          
4 Он саны еселік болып келетін иінді таразылар          
5 Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайды.          

 

№4 бөгет тапсырмасы.

Инсерт әдісі.

Білетінім Мен үшін жаналық Білгім келеді
  1. Үйге тапсырма:
  2. §58. Жай механизмдер.
  3. 195 бет, 18 – тапсырма орындау;
  4. ережелерді жаттау;
  5. Тақырып бойынша тест құрастыру.

 

  1. Бағалау. Сабаққа барысында белсене тапсырмаларды уақытында орындаған оқушыларға фигуралар таралатылды. Соңында

 

фигуралардың қырларын қосып ортақ бөлімін  табу арқылы ба