Мағыналары қарама-қарсы сөздер

160

Атырау қаласы

Ағылшын  тілін  тереңдетіп оқытатын  техникалық  гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шахшаева  Лиза Нагимбековна

қазақ тілі 3   сынып

Сабақтың  тақырыбы: Мағыналары  қарама-қарсы  сөздер.

Сабақтың  мақсаты:     

  1. Оқушылардың сөз және  оның  мағынасы  туралы  білдіріп  тереңдете  түсу. Мағынасы  қарама-қарсы  сөздер  туралы  түсінік  беру.
  2. Оқушылардың ойлау  қабілетін  дамыту, сол арқылы  сөз байлығын  арттыру, сөйлеу  дағдыларын жетілдіру, зеректілікке,  ұқыптылыққа, адалдылыққа  баулу.
  3. Көркем жазу  арқылы әсемдікті  түсінуге  тәрбиелеу.

Типі:   жаңа  білімді  меңгерту  сабағы.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,  талдау-жинақтау, түсіндірмелі.

Көрнекілігі: интерактивті  сабақ, слайдтар.

Сабақтың  барысы.

  1. Ұйымдастыру.

Оқушылардың  зейінін сабаққа  аудару.

  1. Психологиялық дайындық.

 

1-слайд.

Көк  аспанда  күн  күлсін.

Бірге  күлсін  бүлдіршін!

Көк аспанда  күн  күлсін,

Жерге  ұдайы  нұр  құйсын!

 

Көк  аспанда  күн  күлсін.

Ұл  қолында  ту  жүрсін,

Қыз  қолында  гүл  жүрсін!

Көк  аспанда  күн  күлсін.

Бірге  күлсін  бүлдіршін!

М. Әлімбаев

 

  • Үй тапсырмасын  сұрау.

17-жаттығу.  Көшіріп жазып,  мағынасына жуық  сөздердің  тиістісін  қою арқылы  сөйлемдерді  көшіру.

18-жаттығу.  Жақша  ішіндегі  сөздердің  тиістісін  қою арқылы  сөйлемдерді  көшіру.

  • Жақша ішіндегі сөздер  мағынасы  қандай  сөз  деп  ойайсыңдар?
  • Сөз мағынасы дегеніміз  не?
  • Біз қандай мағыналы  сөздермен  таныстық?
  • Омоним дегеніміз не?
  • Синоним дегеніміз  не?
  • Көп мағыналы  сөздер  деп  қандай  сөздерді атаймыз?
  1. Көркем жазу.

3-слайд.          Жақсыдан  үйрен,

Жаманнан  жирен.

-Осы  мақал-мәтелдегі  қандай  екі  сөзді  жұптастыруға  болады?

  • (Жақсылық-жамандық)
  • Олар мағыналары  қандай  сөздер?
  • (қарама-қарсы сөздер)

 

  1. Қызығушылықты оту.

Асыл  сөзді  іздесең,

Абайды  оқы  ерінбе!

Адалдықты  көздесең,

Жаттап  оқы  көңілге!

С. Торайғыров

 

  1. Ұлы ақын  Абай  ақылды, тапқырлықты  қажет  етеді  және  өте  қызық  ойын  деп  жұмбақты  жақсы  көріпті. Өзі де  жұмбақ  шығарыпты. Соның  бірі  мынау:

6-слайд.  

  • Баяғыдан бері  сегіз  батыр  кезек  жығысып  келе  жатыр.Түбінде  қайсысы  жеңері  тағы  белгісіз.  Сол  сегіз  батыр  кімдер?
  • 7-слайд.

Шешуі:             Қыс пен  жаз, күн  мен  түн,  тақ  пен  жұп,

Жақсылық пен  жамандық  болды  сегіз.

(Абай)

  • Осы жұмбақтың  шешіміне  назар  аударыңдар.
  • Жұптасып тұрған  сөздер  туралы  не  айтуға  болады?
  • Олар қандай  сөздер?

 

  • Суретпен жұмыс.
  • Мына суретке  назар  аударыңдар. Мағыналары  бір-біріне  қарама-қарсы  болатын  заттарды  атаймыз.

 

8-слайд.

Үлкен  үй  -кішкентай  үй

Түзу  сызық-қисық  сызық

Түн – ай

Қыз  бала-ұл  бала

Бүр тай  гүл-гүл  шоғы

Қосу  амалы – азайту  амалы.

 

  • Сөздік жұмысы.
  • Енді дәптерімізді  екі  бағанаға  мына  сөздерге  қарама-қарсы  мағыналы  сөздер  ойлап  жазайық.

 

9-слайд.

 

Аз-көп

Қорқақ –батыр

Таза-лас

Дос — дұшпан

Алыс-жақын

Жас- кәрі

Жарық- қараңғы

Әдепті- әдепсіз

 

 

10-слайд.

 

  1. Оқулықпен жұмыс.
  2. Ақылды іс  тындырады, ақымақ  тіс  сындырады.
  3. Жақсы сөзге  жан  семіреді,  жаман  сөзден  жан  қорқады.
  4. Ашу – дұшпан, ақыл-дос,

Ақылыңа  ақыл  қос.

 

Қарамен  жазылған  сөздерді  жұбымен көшіріп  жаз.  Олардың  мағынасымен  дыбысталуын  салыстыр.олар  мәндес  сөздер ме, әлде  мағынасы  қарама-қарсы  сөздер  ме?

 

  1. Ой қорыту.

 

 

 

 

 

 

11-слайд.

Есіңе  сақта!

 

     Антоним  грек  тілінен  аударғанда  anti-қарсы, onima-есім  деген  мағынаны  білдіреді.  Антоним  сөздер  де  синонимдер  сияқты  біздің  тілімізді бай,  көркем,  мазмұнды  ете  түседі.

Антонимдер  көбінесе  мақал-мәтелдер мен  жұмбақтарда  кездеседі.  Өйткені  мақал-мәтелдер   мен  жұмбақтар да  сөз  аз,  ал  халық  даналығы көп  болады.

 

  1. Рефлексиялық бағалау  кезеңі.

Сабаққа  қорытынды  жасау.

 

12-слайд.

Данышпандар  кітабы.

 

Біз  жасап  тұрған  өмір  қарама-қарсылықтан  тұрады. Күн  мен  түннің  ауысуы, ыстық  пен  суықтың  болуы  табиғи  болса,  бибітшілік  пен   соғыс  адамның  жақсы,  жаман  әрекетімен  байланысты. Адам  баласы  көңіліне  ақылды  көп  түйсе,  білгір   болатыны, ал  түймесе  надан  болатыны  анық. Адам  өзінің  оңы  мен  солын  кішкене  кезден  осылай  таныса,  әрине  оның  жас  шағы  кемелдене  отырып  ардақты  кәрілікке  жеткізетіні  белгілі.

 

Тапсырма:  мәтіндегі  антоним  сөздердің  жұбын  табу.

 

13-слайд. 

 

Күн-түн, ыстық-суық, бибітшілік-соғыс, жақсы-жаман,  білгір-надан, оң-сол,  жас  шағы-кәрілік.

 

  • Сергіту сәті.

 

14-слайд.

 

Керісінше

Мен  қазір  деймін  көңілсіз

Ал  сіздер  деңдер…..      .

 

Егер  мен  десем  ол   алыс

Қарсы   болыңдар  ……… деп.

 

Егер  мен  жұмыс  десем,

Айқайлаңдар ……………  деп.

 

Ал  егерде  бұл  басы  десем,

Айтасыңдар   …………….  деп.

 

Өлеңдегі  мағыналары  қарама-қарсы  сөздердің  астын  сызу.

 

  • Оқулықпен жұмыс. 

 

15-слайд.

 

23-жаттығу.   Жұмбақты  шешіп, антоним  сөздерді табу.

 

Өзі  түзу, ізі қисық  бір  аттың

Өшпес  ізін  бала  кезден  ұнаттым.

 

Біреудің  бір  ұлы  бар  және  қызы,

Біледі  ол  екеуін  дүние  жүзі.

Ұйықтайды ұлы  түнде, қызы  күндіз,

Жүрегінде  білінбейді  басқан  ізі.

 

  • Үйге тапсырма.

16- слайд.

117 бет.  24,25-жаттығу.

 

  1. Шығармашылық тапсырма.

17-слайд.Қарама –қарсы мағыналы сөздерді қойып,жаңа мәтін құрастыру

 

  • Мен көптен  нашар  оқушымын.
  • Дәптерімді ұқыпсыз  ұстаймын, жазуым  лас.
  • Сабақтан кейін  үйге  көңілсіз қайтамын.
  • Менің күнделігімді   көргенде  анам  ренжиді.
  • Осының бәрінен  шаршап  кеттім. Мен  басқалардан  кеммін бе? Енді  мен  …………
  • Бағалау.

18-слайд.