Гук заңы Динамометр

 

Сабақ тақырыбы: Гук заңы  Динамометр

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Гук заңы, динамометр туралы оқушыларға жан-жақтылы түсінік бере отырып, оқушылардың ізденістерін жетілдіру.
  2. Дамытушылық. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жарату. Өз ойын ашық айта білетін жеке тұлға қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік. Оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, қарапайым, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс  сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс, құрал-жабдықтармен және тестпен жұмыс. ( Сын тұрғысынан ойлау әдістері )

Құрал-жабдықтар: Плакаттар, үлестрмелер, диномометр, сызғыш, өшіргіш, шар.

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың  мақсатымен таныстыру, сыныпты

2 топқа бөлу

ІІ. Қызығушылықты ояту.

  1. Екі топқа сұрақтар беріледі, сол бойынша оқушылар өз топтарымен ассоциациялық  карта сызады:
  • Деформация деп нені айтады?
  • Деформация түрлері ?
  • Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады

І, ІІ – топ.

      өзгереді                                                               өзгермейді

 

  1. «Кім жүйрік?»  сайысы

І – топ.

Мектептен үйге жету үшін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін айту керек.

  • А) Жол Б) жылдамдық   В) уақыт  С) масса Д) кұш   Е) тығыздық

ІІ – топ.

Мектептен үйге жету үшін өлшем бірліктері бойынша  физикалық шамаларды айту керек.

  • А) м Б) м/с В) с   С) кг  Д) Н   Е) кг/м³

 

ІІІ . Жаңа сабақ

 

            Гук заңы. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни:

Тірек сызба арқылы түсіндіру:

Мұндағы F-түсірілген сыртқы күш, -дененің созылу немесе сығылу шамасы. k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық нъютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі. k-қатаңдық дене материалына және оның өлшемі мен пішініне байланысты.

 

 

Динамометр. Күшті өлшеу үшін аранайы құралдар – динамометрлер (грекше динамис-күш және метро-өлшеймін) қолданылады. Динамометрлердің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады.

серіппе

 

 

 

 

Динамометрлердің бірнеше түрі бар. Қол динамометрлері және біршама үлкен шамадағы күштерді өлшейтін арнайы динамометрлер.

ІV. Білімді бекіту, тиянақтау.

 

  1. «Кім көп біледі ?» ойыны.

 

Әр топ сұрақтарға жауап береді.

  1. 100 кг таспен 0,1 т ағаштың қайсысы жеңіл?
  2. Массасы 0,5 т құм мен 500 кг топырақты араластырғаннан кейінгі қоспаның массасы қандай болады?
  3. Болат серіппе 150 Н күш әрекетінен 500 см-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын есептеңдер.
  4. F=1000 H, k=100 Н/м. х-?
  5. .
  1. «Дәлдеп көзде».

Дұрысын тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсет.

 


Тест жұмысы

 

I нұсқа    —  І топ

  1. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты ағылшын физигі Роберт Гук қай жылы анықтаған?

 

  1. A) 1660 B) 1659            C) 1661                   D) 1670

 

  1. Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке қандай пропорционалдық қатынаста болады?

 

 

  1. A) кері B) тура           C) қарама-қарсы       D) кері және тура

 

  1. формуласындағы  k-

 

 

 

 

  1. A) жұмсақтық B) қалыңдық         C) қатаңдық            D) ұзындық

 

  1. күшті өлшейтін құрал-

 

  1. A) сызғыш B) таразы C) сағат     D) динамометр

 

  1. Күштің SI жүйесіндегі өлшем бірлігі-

 

 

  1. A) Н B) м/с2 C) м/с             D) с

 

 

II нұсқа      —  ІІ топ

 

  1. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты анықтаған ғалым?
  1. A) Эйнштейін B) Қаныш C) Нъютон             D) Гук

 

 

 

  1. Гук заңының формуласы-

 

  1. A) F=ma B) F=mg C)             D) F=(g+a)

 

  1. k-қатаңдықтың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі-

 

 

  1. A) Н B) Н/м               C) м                       D) м/с

 

  1. Динамометр нені өлшейтін құрал-

 

 

  1. A) күшті B) массасы C) уақытты            D) салмақты

 

  1. Динамометр қандай заң негізінде пайда болған?

 

 

 

 

  1. A) Кедергі заңы B) Нъютонның заңы C) Сақталу заңы        D) Гук заңы

 

  1. Сабақты қорыту:

Әр топтың  ұпайы  есептеліп, көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімі бағаланады.

Оқушылардың білімін бағалау кестесі:

 

  Аты-жөніАссоциация-лық  карта

 

 

«К  «Кім жүйрік?»

сайысы

«Кім көп біледі?» ойыны«Д  «Дәлдеп

көзде»

ойыны

3.     

Қорытынды баға

 

  1. Үйге тапсырма: 35- §36 оқып, 13-жаттығуды орындау.