Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау.

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың алған білім деңгейін анықтау.

  1. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым-қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту.
  2. Ойды жинқтап айту мен уақытты үнемдеуге үйрету.

Сабақтың түрі: «Брейн-ринг» оқыты үйрету ойыны.

Сабақтың әдісі: модульдік технологиямен деңгейлеп оқыту.

Көрнекіліктер: 1.Физик ғалымдардың суреттері.

  1. Электр тізбегі ішінде орналасқан физикалық анаграмма (сұрақ-жауап)
  2. Электрлік құралдар (ток көзі, жалғағыш сымдар, вольтметр, амперметр, реостат, резисторлар.
  3. Үлестірме материалдар.
  4. Көрнекі формулалар, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, топпен орналастыру.

ІІ. Тарауды топпен жұмыс істеу арқылы қайталау.

ІІІ. Қорытындылау

  1. Бекіту
  2. Үйге тапсырма беру
  3. Оқушыларды бағалау

Сабақтың жүргізілуі:

І. Сынып 4 топқа бөлінеді. Әрқайсысы өздеріне тиесілі орындарға отырады.

ІІ. Әр топ өздеріне берілген үй тапсырмасы бойынша физик ғалымдардың өміріне тоқталып өтеді.

  1. 1)Джеймс Клерк Максвелл (1831-1879) – ұлы ағылшын физигі, электромагниттік өріс теориясын құрушы. Ньютон заңдарының классикалық механика негіздері болып табылатыны сияқты электромагниттік өріске арналған Максвелл теңдеулері бүкіл электродинамиканың негізінде жатыр. Максвелл сонымен қатар, зат құрылысының МКТ теориясын құрушылардың бірі. Ол физикаға ең алғаш ықтималдық жөніндегі математикалық ұғымды пайдаланатын статикалық заңдылықтарға қатысты түсініктерді енгізді.

        2)Георг Симон Ом (1787-1854) –көрнекті неміс физигі. Мектеп мұғалімі

болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік

заңын, сондай-ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ол ток

күшін өлшейтін сезгіш приборды өзі жасады. Ол кернеу көзі ретінде

термокараны қосып дәнекерленген екі сымды (әр түрлі металдан жасалған)

пайдаланды. Дәнекерленген жапсарлардың температуралар айырмасын

арттыра отырып, осы температуралар айырмасына пропорционал кернеуді

өзгертті. Сонымен қатар, Ом кедергінің өткізгіш ұзындығына және көлденең

қимасының ауданына тәуелділігін тапты.

3)Андре Мари Ампер (1775-1836) – ұлы француз физигі және математигі, электродинамиканың негізін қалаушылардың бірі. Ампер физикаға «электр тогы» ұғымын кірістірді. Жаңа магнетизмнің молекулалық токтар жөніндегі гипотезаға негізделген алғашқы теориясын құрды. Электр тогының, механикалық өзара әсерін ашты және осы өзара әсер күштеріне арналған сандық іліктестіктерді тағайындады. Максвелл оны «электрдің Ньютоны» деп атаған. Ампер сонымен қатар механика саласына, ықтималдықтар теориясына және математикалық анализге еңбек сіңірді.

4)Майкл Фарадей (1791-1867) – ұлы ағылшын ғалымы, электромагниттік құбылыстардың бәрін бір ортақ тұрғыдан қарастырып, олар жөніндегі жалпы ілімнің негізін қалаушы. Фарадей ең алғаш ғылымға электр өрісі мен магнит өрісі жөніндегі түсініктерді енгізді, тағы да басқа көптеген құбылыстарды зерттеген.

  1. Енді топтар кезектесіп, деңгейлік тапсырмаларға жауаптар береді.

1-деңгейдің тапсырмалары:

  1. Стол үстіндегі құралдардың ішнен амперметрді көрсет.
  2. Кернеуді өлшейтін құрал қалай аталады және оны көрсет.
  3. Ток көзі болып табылатын құрал қалай аталады және оны көрсет.
  4. Тақтадағы шартты белгілердің ішінен шамның шартты белгісін көрсет.
  5. Тақтадағы шартты белгілердің ішінен кедергінің шартты белгісін көрсет.
  6. Тақтадағы шартты белгілердің ішінен кілттің шартты белгісін көрсет.
  7. Тақтадағы шартты белгілердің ішінен вольтметрдің шартты белгісін көрсет.

2-деңгейдің тапсырмалары:

  1. Тақтада жазылған өлшем бірліктердің қай шаманың бірліктері екендігін айтып, көрсет.
  2. Тақтада логикалық тізбек пен формулалар берілген. Осылардың қатесін тауып, дұрыста.
  3. Электр тогы дегеніміз не?
  4. Ток күші дегеніміз не?
  5. Тізбек бөлігі ұштарындағы кернеу неге тең? Формуласы қалай жазылады?
  6. Электр санауышында ток жұмысының қадай бірлігі қолданылады?
  7. Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді? Формуласы қалай жазылады?

3-деңгейдің тапсырмалары:

  1. Мына сызба бойынша электр тізбегін құрастыр.
  2. Мына сызба бойынша электр тізбегін құрастыр.

 

  1. Егер өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В , кедергісі 3 Ом болса, ондағы ток күші нешеге тең?

А. 12 А;               Б. 2 А;                 В. 0,5 А.

  1. 5 с ішінде кернеуі 10 В және ток күші 2 А болатын өткізгіш бөлігіндегі электр тогының  жұмысы қаншаға тең?

А. 20 Дж;      Б. 50 Дж;                 В. 100 Дж.

  1. 5 с ішінде кернеуі 10 В және ток күші 2 А болатын тізбек бөлігінде бөлінетін токтың қуаты нешеге тең?

А. 20 Вт;            Б. 10 Вт;                 В. 4 Вт.

  1. Егер меншікті кедергісі 0,5 Ом мм2/м болатын сымның ұзындығы 10 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 болса, сымның электрлік кедергісі неге тең?

А. 0,4 Ом;           Б. 2,5 Ом;             В. 10 Ом.

  1. Кедергісі 150 Ом резисторда ток күші 4 А болғанда, 10 мин ішінде қанша мөлшерде жылу бөлінеді?

ІІІ. «Тапқыр болсаң шешіп көр!»

Электр тізбегінің ішіндегі анаграмманы толтыру.

  • Электромагниттік өріс теориясын ашқан ағылшын физигі?
  • Токтың жылулық әсерін зерттеген ағылшын физигі кім?
  • Гальвани элементін алғаш жасаған ғалым?
  • I, U, R арасындағы байланысты ашқан ғалым?
  • Токтың жылулық әсерін зерттеген орыс физигі?

 

  1. Деңгейлік есептер шығару.

1-нұсқа

  1. Егер ток күші 2 А, ал кернеу 3,4 В-қа тең болса, қимасының ауданы 0,2 мм2 және резистордың неден жасалғаны белгілі болса, онда мыс өткізгіштің ұзындығын анықтаңдар.
  2. Ұзындығы 1м және көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 өткізгіштің кедергісіндей кедергі болу үшін, көлденең қимасының ауданы 10мм2 сымнан неше метр алу керек? Өткізгіштің екеуі де бірдей материалдан жасалған.

 

  1. 1-суреттегі вольтметдің көрсетуі неге тең?
  2. Ұзындығы 4 м, қимасының ауданы 0,2 мм2, кедергісі 2 Ом-ға тең өткізгіш қандай материалдан жасалған?

 

2-нұсқа

  1. Ұзындығы 20 см және қимасының ауданы 0,2 мм2 болатын мыс өткізгіштің кернеуі 3,4 В. Тізбектегі ток күшін анықтаңдар.
  2. Ұзындығы 3 м және қимасының ауданы 0,2 мм2 болатын алюминий өткізгіштің кедергісін табыңдар.
  3. Тізбектегі ток күші 2 А, ал кернеу 6 В болса, тізбек бөлігінің кедергісін анықтаңдар.
  4. Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болуы керек?
  5. Үйге: «Тұрақты электр тогы» тарауына жалпы шолу, қайталау.