Тартылыс құбылысы. Бүкіләлемдік тартылыс заңы

77

Сабақтың тақырыбы:  Тартылыс құбылысы.Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тартылыс құбылысы,бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы жүйелі білімдерін    қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын дамыту. Оқушының физика пәніне ынтасын    қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас

Оқыту әдісі:баяндау, сұрақ-жауап, есептер шығару,тестпен жұмыс,сөзжұмбақ

Көрнекілігі: компьютер,интербелсенді тақта,слайд,презентация

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу

  1. Оқушыларды түгендеу

3.Сабаққа көңілін аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ — жауап

  1. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе,ол қандай күйде болады?
  2. Инерция деп нені айтады?
  3. Инерцияға мысал келтір.
  4. Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды?
  5. Жүріп бара жатқан трамвайдан секірген адам қалай қарай құлайды?
  6. Бір дененің екінші денеге әрекеті қалай байқалады?
  7. Күш қандай шама?Мысал келтір.
  8. Күш немен сипатталады?
  9. Күш сызбада қалай кескінделеді?
  10. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
  11. Қандай күш 1Н-ға тең болады?

ІІІ. “Қайталау — оқу айнасы”

 А) «Сәйкес формуланы тап»

1 масса  

 

St
2 көлем   t=S/υ

 

3 жол   m=ρv

 

4 жылдамдық   ρ=m/v
5 уақыт   υ=S/t
6 тығыздық   V=m/ρ

 

 

Ә) “Білекті бірді жығар,

       Білімді мыңды жығар!”  (Есептер шығару)

1.Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады, 6сағ ішінде ол қандай қашықтықты өтеді?

2.Ішіне 8кг керосин сиятын ыдыстың көлемі неге тең? Керосиннің тығыздығы 800кг/м3.

3.Автомобиль 60 км/сағ жылдамдықпен 120 км жол жүреді, осы қашықтықты ол қанша уақытта жүріп өтті?

4.Мотоциклші алғашқы 10секундта 15м/с жылдамдықпен жүрсе,ал келесі 50 секундта 25м/с жылдамдықпен жүрді.Мотоциклшінің барлық уақыттағы орташа жылдамдығы қандай?(Жауабы:  23м/с )

5.Екі арба әрекеттескеннен кейін олардың жылдамдығы 0,2м/с және 0,6 м/с болды.Үлкен арбаның массасы 0,6 кг.Кіші арбашаның массасы неге тең?

V.Тест жұмысы

 

ІV.Жаңа сабақ

Сонымен, сабақ басында айтылып кеткеніндей, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: “Тартылыс құбылысы. Бүкіләлемдік тартылыс заңы”. Енді сабағымызды бастамас бұрын, мынаған назар аудара қойыңыздар:менің қолымдағы текшені,кішкене резеңке допты жібере салдым. Нендей жағдай орын алды? Ол денелер неліктен жер бетіне түседі? (Оқушылар өз ойларын айтады)
Иә, жақсы! Жауаптарың дұрыс. Енді мына суреттерге  қарап көріндер және өз ойларынды тағы да айта қойыңдар.

Жақсы, ойларымен келісемін, енді мені тыңдаңдар. Жаңағы сұрақтардың шынайы жауабын қазір түсінесіңдер. Балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі.
Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады.
Күнді айнала қозғалатын планеталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады және өздері де бір-біріне тартылады.Ай Жерді айнала қозғалады.
Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан “Жеті қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат Жер астына енсек те” құтыла алмаймыз. Сондықтан әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы И.Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы-Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Бұл заңмен сендер 9-сыныпта таңысасыңдар.

Ньютон тартылу күшінің өрнегін 1666 ж., 23 жасында-ақ анықтаған. Бірақ, ол өзінің теориясын тәжірибелік деректермен салыстырып, көп алшақтық байқағандықтан жария етпейді. Нәтижесінде ол ашқан заң көптеген жылдар бойы белгісіз болып қалды. Алайда, ол қолданған деректер нақты дәл емес. Ньютонға дәлірек өлшеулердің нәтижелері белгілі болғанда, О. Лодж айтқандай, ол “өзінің ескі қолжазбаларын алып есептеуге кірісті… Жаңа деректер есептеу нәтижелерін өзгерте бастады. Ол өз жұмысын керемет тебіреніспен қайта қарады. Қаламы ойына ілесе алмады. Соңында есептеулерден керекті нәтиже алды. Ашқан заңның керемет мәні мен тереңдігі оның басын айналдырып, тұманданған көздері қолжазбаны көрмеді. Шаршаған ол қаламын тастай салады. Әлем құрылымының құпиясы жалғыз өзіне ғана ашылды…”.

Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.
VII.Сабақты бекіту.

1.Неліктен денелер Жерге құлайды?

2.Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы қалай аталады?

3.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым кім?

4.Тауға қарай көтерілу,тіпті жол тегіс болғанның өзінде,төмен қарай түсуден гөрі қиын болатыны неліктен?

5.Жаңбыр тамшысының Жерге қарайғы қозғалысын туғызатын қандай құбылыс?

 

VIII.Сабақты қорытындылау.Бағалау

VIII. Үйге тапсырма

  • 30. Реферат: «И.Ньютонның өмірі мен қызметі»