Деформация. Гук заңы. Динамометр

65

                                 Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: 1. Деформация, Гук заңы, динамометр жайлы түсінік беру.

  1. Гук заңы негізінде есеп шығаруды меңгеру.

Тәрбиелік: 1. Көкпар ойыны бойынша табандылыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

  1. Ойнға қатысушы көкпаршылармен таныстыра отырып, ұлттық ойынға деген көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық: 1. Серпімділік күш жайлы мағлұматты мысалдар арқылы дамыту.

  1. Есеп шығару шеберліктері мен дағдыларын кеңейту.
  2. Ұлттық ойын туралы түсініктерін дамыту.

Сабақ түрі: «Көкпар» сайыс сабағы

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту

 

                      Сабақ көрнекілігі:

 

1.Серпімділік күшке қатысты мысалдарға қажетті құралдар( доп, ойыншық, серппелер, ермексаз)

2.Динамометр.

3.Тәжірибелік тапсырма (таразы, мензурка, жүкшелер, зат) жабдықтары

4.Көрнекі түрде дайындалған слайд беттері.

5.Электрондық оқулық материалдары.

6.Үлестірме

7.Қыран, сәйгүлік ,қазақ үй макеттері

 

Сабақ жоспары:

 

I .Ұйымдастыру .

а)«Сәйгүлік» , «Қыран» топтарға бөлу

ә) «Сен білесің бе?» ( көкпар жайлы ізденіс мағлұматтарын тыңдау)

  1. Көкпаршылар дайындығы

а)«Мен саған, сен маған»

б)Жүгіртпе сұрақтарға жауап

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау «Көкпар- күш»

а) Аттар (Үй есебін талдау)

ә). Көкпаршы  Тәжірибелік тапсырма

б).Қол (үлестірмемен жұмыс)

в) Тақым  Электрондық оқулықпен жұмыс.

ІV.Жаңа сабақ «Көкпаршы ортамызда»

Деформация. Гук заңы. Динамометр

V.Қорытынды , бағалау

VI.Үйге тапсырма

 

                                           Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а) «Сәйгүлік» , «Қыран» топтарға бөліп,сабақтың тәртібімен таныстыру

ә)«Сен білесің бе?» ( көкпар жайлы ізденіс мағлұматтарын тыңдау)

           Екі топтан бір -бір оқушы өздерінің интернет беті мен қазақ 

         энциклопедиясынан алған мәліметтерімен таныстырады.

 

 «Көкпар». Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі қазақ көк бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып, өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған

Көкпар — ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70 – 80 кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды. Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде “Улак тартыш”,тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды. Қазақстанда 1949 ж. Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

б)Ерте кездегі көкпардың ойналуына тоқталып,баяндау(Өз әкем көкпаршы болғаны жайлы)

Тақымындағы серкені көкпаршы өз үйіне әкелетінін көрсетіп,қазақ үй макетінің есігінің алдына тастаймын.Сонда серке еті асылып, думан жалғасын табатынын түсіндіремін.

ІІ. . Көкпаршылар дайындығы

а)«Мен саған, сен маған» оқушылар дене, затқа қатысты «Тізбек» ойынын ойнайды

б) Жүгіртпе сұрақтарға жауап                 

“Сәйгүлік” тобына

1.“Физика” атауы нені білдіреді?

2.Астрономияның негізгі зерттеу құралы

3.Меркурийдің қазақша атауы

4.Геоцентрлік жүйе деген не?

5.0,00075 cтандарт түрге келтір

6.Ұсақ бөлшектерді ата

7.Қозғалыс түрлері

8.Күштің бірлігі

               “Қыран” тобына

1.Физиканың негізін қалаушылар

2.Физиканың зерттеу әдістері

3.Сатурнның қазақша атауы

4.Гелиоцентрлік жүйе деген не?

5.920 000 000 санын стандарт түрге келтір

6.Инерция деген не?

7.Күштің сипаттамасы

8.Күштің негізін салушы ғалым

 

Ауылдағы көкпардан көрініс

Ауыл ішіндегі тартылған көкпардан мағлұмат беру(Қайратбектің ұлы дүниегекелгенде, Айбектің үйлену тойында)

Фото суреттерімен көрнекі түрде таныстыру.

 ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау «Көкпар- күш»

а) Аттар (Үйге берілген есептерін тексеру)

ә). Көкпаршы

Әр топтан бір бір оқушы шығып, таразы мен мензурканы пайдаланып, заттың массасы мен көлемін өлшеп тәжірибелік тапсырманы орындайды.

б).Қол

Әр топтан бір- бір көкпаршы шығып,үлестірмемен жұмысты тақтада кесте толтырады.

 

 

Топ аты шама белгіленуі Өлшем бірлігі Өлшеу

құралы

формула
Сәйгүлік жол
  таразы
v
Қыран тығыздық  
м3 
t

 

в) Тақым

Электрондық оқулықтан масса мен жылдамдықтың кері пропорционалдығына қатысты бейне фильм көріп, өздері тұжырым жасады.

Тапсырмалар арқылы көкпар нағыз күштің ойыны екеніне көз жеткіздім.

 

ІV.Жаңа сабақ «Көкпаршы ортамызда»

Ауылымызда аймақтық көкпар ойынына мүше болған Мамытұлы Айбек «Әселқасқа» атты атымен көкпаршы барын оқушыларға жеткіземін.Шабандоздармен түскен фото суретін тамашаладық.

      Сабақ тақырыбы Деформация. Гук заңы. Динамометр

а).«Мағынаны ажырат» деп, өзбеттерімен тақырыпшаны талдауға беріп, құралдар арқылы көз жеткізу негізінде  анықтамасына талдау жасатып, ойларын түйіндеттім.

ә).Электрондық оқулықтан үш түрлі коллаж көрсетіп,Деформацияның тұрмыс тіршіліктегі қолданысын байқатып түйіндеттім.

Деформацияның серпімді, пластикалық болып екіге бөлінетіндігіне қанық болды.

б)Гук заңын мүмкін болғанша түсіндірдім.Гук өнертапқыш екеніне тоқталдым.

F=k*x ,   k=F\x,    x=F\k,  F күш, k қатаңдық,  x ұзындық.

в) Деманстрациялық динамометрді пайдаланып, күш пен жүктің массасын табуды демонстрацияладық.

Динамометр градуирленген, қол, техникаға пайдаланылатын түрлеріне талдау жасалды.

Сабақты бекіту мақсатында жаттығу есептерінен тапсырма берілді

V.Қорытынды , бағалау

Көкпар ойынының қорытындысын шығарып, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау жүргізіледі

VI.Үйге тапсырма

  • 34,35,36 оқуға ; 13- жаттығу ( 3)