Жұлдызды аспанға саяхат.

 

Жұлдызды аспанға саяхат.

Елбасы  “Болашақ” бағдарламасы стипендиаттарының форумында“ Интеллектуалды ұлт-2020”  идеясы турасында әңгімеледі.Идеяның басты мақсаты-жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеу.Елді адам капиталы арқылы бәсекеге қабілетті ету.Бұл үшін біріншіден,білім жүйесінің инновациялық дамуына жол ашу қажет.Оқушылардың бойында қас пен көздің арасында жаңарып жатқан ақпарат тасқынынан өзіне қажеттісін іріктеп алатын жасампаздықты шыңдау қажет. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап- оның сапасын арттыру мақсатында, сабақтарымда интерактивті тақтаны қолданамын.  Назарларыңызға облыс көлемінде 9-сыныпта өткізген интерактивті сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: §41. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы.

  • 42. Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі

шоқжұлдыздар; аспан сферасы, негізгі элементтері; жұлдызды аспанның жылжымалы картасы, жұлдыздардың экваторлық координаталары, шырақтардың шарықтауы (кульминациясы); жер бетінде географиялық координаталарды (ендікті) анықтау; есептер шығару;

б) тәрбиелігі – топішілік, топаралық бағалау тәсілдері арқылы оқушыларды адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы бәсекелестікпен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

в) дамытушылығы интерактивті тақтаны қолдану дағдысын қалыптастыру; жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдаланып, шоқжұлдыздардың бағытын анықтауы арқылы оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру; Жер бетіндегі географиялық ендікті анықтауы арқылы есептеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес-интерактивті сабақ .

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Пәнаралық байланыс: математика, география.

Жоспар.

Жұлдызды шашу.

ЖАЖК-мен саяхат.

Сен білесің бе?

Астротүйін.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Оқушылар 3 шоқжұлдызға топтастырылған.

Олар —Үлкен аю, Кіші аю, Орион. Топішілік бағалау картасы ұыснылады, картаны топ басшылары — Назерке, Назгүл, Айдана толтырады.

Бағалау картасы

Р\сЖұлдыз атауыЖұлдызды шашуЖАЖК-мен саяхатАстро-түйінҚосымша ұпайБарлығы
1Назерке
2Әселім
3Бекзат
4Ғалымбек

Бағалау картасы

 

Р\сШоқжұлдыз атауыЖұлдызды шашуЖАЖК-мен саяхатАстро-түйінҚосымша ұпайБарлығы
1Кіші аю
2Үлкен аю
3Орион
   Барлығы

 

 

Топаралық бағалау картасын мұғалім толтырады.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында тест тапсырмалары орындалды.

Жұлдызды шашудан құр қалмаңыздар!

 

Жұлдызды шашу. Тест

І-нұсқа.

  1. Аспан сферасы дегеніміз…

А. белгілі радиустағы сфера   В. радиусы анықталмаған жорамал сфера

С. тастан жасалған күмбез Д. жеті қабаттан тұратын сфера  Е. А-Д жауаптары дұрыс емес

  1. Кіші аюдың “ құйрығындағы” жұлдыз?

А. Арктур        В. Регул         С. Процион      Д. Темірқазық     Е. Сүмбіле

  1. Аспанда қанша шоқжұлдыз белгіленген?

А. 108               В. 82               С. 83                 Д. 85                     Е. 88

  1. Аспан экваторы көкжиекпен қандай нүктелерде қиылысады?

А. оңтүстік, солтүстік   В. зенит   С. шығыс,батыс      Д. надир     Е. полюс

  1. Аспан меридианының жазықтығы көкжиек жазықтығымен қиылысқанда пайда болатын сызық?

А. талтүстік сызық       В. тіксызық    С. вертикаль   Д. параллель   Е. перпендикуляр

  1. Күннің тоқырау нүктелері күн мен түннің теңелу нүктелеріне қатысты қалай орналасқан?

А. параллель             В. перпендикуляр    С. бір түзудің бойында

Д. сүйір бұрыш жасайды    Е. доғал бұрыш жасайды

  1. Экваторлық координаталар жүйесі…

А. еңістік       В. азимут   С. азимут, шырақ биіктігі

Д. еңістік, тура көтерілу  Е. тура көтерілу, азимут.

  1. Жұлдызды аспанның картасын жасау үшін көкжиектік координаталарды

пайдалануға бола ма?

А. иә            В. жоқ

  1. Бұрыштық өлшемге айналдырыңдар

5 сағ 12 мин.

А. 78°      В. 87°       С. 90°       Д. 15°      Е. 60°

  1. Аспан сферасының тәуліктік қозғалысы немен түсіндіріледі?

А. жұлдыздардың қашықтығымен  В. жұлдыздардың жарқырауымен

С. Жердің өз осінен айналуымен    Д. шоқжұлдыздардың алуан түрлілігімен

Е. шоқжұлдыздардың біркелкілігімен

ІІ-нұсқа.

  1. Шоқжұлдыз дегеніміз…

А. аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі

В. аспанның нақты шекарасы анықталмаған белгілі бір бөлігі

С. аспанның белгісіз бөлігі

Д. шекарасы анықталмаған белгісіз бөлігі Е. А-Д жауаптары дұрыс емес

  1. Аспан меридианы көкжиекпен қандай нүктелерде қиылысады?

А. шығыс,батыс       В. оңтүстік полюс    С. солтүстік полюс

Д. оңтүстік,солтүстік     Е. шығыс, оңтүстік

  1. Дүние осі Жердің айналу осіне қатысты қалай орналасқан?

А. Перпендикуляр               В. параллель      С. сүйір бұрыш жасайды.

Д. доғал бұрыш жасайды    Е. тік бұрыш жасайды

  1. Зенит пен Надирді қосатын сызық?

А. талтүстік сызық   В. Көкжиек     С. Экватор    Д. эклиптика    Е. тік сызық

  1. Көкжиектік координаталар жүйесі?

А. еңістік  В. тура көтерілу   С. азимут, шырақ биіктігі   Д. еңістік, тура көтерілу  Е. азимут

  1. Жұлдыздың экваторлық координаталарының мәні тәулік бойы өзгере ме?

А. иә   В. жоқ

  1. Дүниенің төрт бұрышының азимут мәндері қандай болады?

А. оңтүстік 180°, солтүстік 0°,     шығыс 270 °,    батыс 90 °

В. оңтүстік 0°,     солтүстік 180°,  шығыс 270°,    батыс 90°

С.  оңтүстік 0°,      солтүстік 90°,     шығыс 180°,   батыс 270°

Д.  оңтүстік 270°,  солтүстік 180°,   шығыс 90°,     батыс 0°

Е.   оңтүстік 90°,    солтүстік 0°,      шығыс 180°,   батыс 270°

  1. Дүниенің солтүстік полюсі маңында

(1 жуық қашықтықта ) орналасқан жұлдыз

А. Темірқазық           В. Сүмбіле        С. Үлкен аю   Д. Жетіқарақшы   Е. Сириус

  1. Сағаттық өлшемге айналдырыңдар 45° 15′

А. 3 сағ 3 мин           В. 3 сағ 2 мин     С. 3 сағ 1 мин  Д. 4 сағ 4 мин  Е. 4 мин

  1. Аспанда қанша шоқжұлдыз белгіленген?

А. 82    В. 88        С. 83        Д. 105       Е 106

 

Жауабы

 

12345678910
ІВДЕСАВДВАС
ІІАДВЕСАВАСВ

Бағалау критерийі

 

Дұрыс жауап                        Ұпай

10                  –                      “5”

8-9                  –                      “4”

6-7                  —                      “3”

 

Бағалау критерийіне сәйкес, жұпаралық тексеру ұсынылады. Топ басшылары жұлдызды шашудың нәтижелерін жариялап, бағалау картасына түсіреді.

Бүгінгі сабақта аспан сферасының жазықтықтағы бейнесімен танысып,

ЖАЖК – мен саяхат жасаймыз!

Жаңа сабақтың тақырыбын жазып, алдарыңызға картаны дайындап қойыңыздар.

  • 41. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы.
  • 42. Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы.

Жаңа сабақты түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

<AO1O = φ                                                <PON = h

hp = φ

 

Саяхатымызды деңгейлік тапсырмалар орындаумен жалғастырамыз.

 

Орташа деңгей

Жұлдызды картадан

А) α Орион,   б) α Лира

жұлдыздарының экваторлық

координаталарын анықтап, кестедегі мәндерімен салыстырыңдар.

 

Жаттығулар интерактивті тақтада орындалады.

 

Жоғары деңгей

ЖАЖК-ты бақылау орындалатын күні

0 сағ, 6 сағ, 12 сағ және 18 сағ уақыттарына келтіріп, осы кездерде төмендегі шоқжұлдыздардың Темірқазықтың қай тұсында (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік) орналасқандарын анықтап, кестені толтырыңыздар. Жұлдызды аспан көрінісінің өзгеру себебі жөнінде тұжырым жасаңдар.

Шоқжұлдыздардың аспан тұстарында орналасуы

 

Шоқжұлдыздар

 

Уақытқа байланысты орналасуы
0 сағат6 сағат12 сағат18 сағат
Үлкен аю
Кассиопея
Орион
Аққу

 

Сен білесің бе?  Астрономиялық оқиғалар

  1. 2009 жыл – ХАЖ (Халықаралық астрономия жылы.  )
  2. Қазақстандағы алғашқы планетарийге – 43 жыл. Ақтөбе қаласы “Үркер” үйірмесі.
  3. В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институты. Алматы қаласы
  4. Алматы обсерваториясы. Ай тұтылуы – 2010 жыл, 00 сағ 50 мин.
  5. “Үркер, Үшарқар – Таразы және Сүмбіле үш айда туып, бір айда батар” жұлдыз ережесі

Топ басшылары саяхатымыздың негізгі бөлігінің ұпайларын хабарлайды.

 

Үйге тапсырма
§ 41, 42 тапсырма (3; 4), 151 бет 32-жаттығу (1; 4) тапсырма (1; 2),  155 бет.

Келесі кезекте — астротүйін. “Мені таны.” Төмендегі сызбалар қандай құбылыстарды бейнелейді?

1.Гиперсілтемемен алынған аспан сферасының қозғалысы бейнеленді.

Бүгінгі саяхатымыздың мәре сызығына келіп жеттік.

Сабағымыздың ең үздік тобы, «Темірқазығы» — ең үздік оқушы анықталды.

 

Қайралапова Қуаныш Байдрахманқызы 1968 жылы 4 қыркүйекте Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келді.Мұғалімдер отбасында тәрбиеленген, болашағынан үміті зор, Республикалық физика-математика мектеп-интернатының1985 жылғы түлегі.Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетінде 1985-1990   жылдары оқып,физика-информатика мамандығын меңгерген. 1990 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мамандығы бойынша жұмыс жасап келеді.Модульдік оқыту технологиясын жақсы меңгеріп,сабақтарында шеберлікпен пайдаланып жүрген еңбекқор,ізденімпаз, әрбір іске жауапкершілікпен қарайтын мұғалім.Жаңалыққа жаны құмар,заман талабына сай ақпараттық технологияны жақсы меңгерген.Аудандық тамыз маслихатында жасаған

«Физика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану» тақырыбындағы баяндамасы жоғары бағаланып,облыстық «Әдіскер жаршысы», 2005 ж басылымында жарық  көрді.Модульдік сабақтар жинағы 7-сыныпқа арналған,7-8 сыныптарға арналған «Физика және ғарыш» авторлық бағдарламасы  мектепішілік таратылуға ұсынылды.Мектеп әкімшілігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2006 жылы І біліктілік санатын қорғады. 2007 жылы аудандық пәндік олимпиадада 11-сынып оқушысы Саят Назерке ІІ орынды иеленді.ҰБТ қорытындысы бойынша оқушылары жоғарғы нәтижеге қол жеткізгені үшін облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Білім беруде компьютерлік технологияларды қолдану әдістемесі»,«Интерактивті құралдарды қолдану» арнайы курстарынан өтіп,сертификаттарын иеленді.2007-2008 оқу жылында ОКБАҚДИ жанындағы облыстық шығармашылық шеберханасының оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинарларға қатысып, « Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі»,«Еркін және еріксіз тербелістер.Резонанс»,

«Электромагниттік толқындар.Радиобайланыс» тақырыптарына үлгі сабақтарын, «Еліміздің ғылыми-техникалық дамуының негізгі бағыттары» тақырыбында оқушылардың ғылыми конференциясы- сыныптан тыс жұмысын көрсетті. «Білім беру сапасы –жаңа қоғамның тұрақты дамуының факторы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары жинағына «Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің жаңа үлгісін басқару» тақырыбындағы баяндамасы жарияланды.Ақтөбе қаласы, 2008 ж. «Жылу қозғалтқыштары» тақырыбында интерактивті тақтаны қолданып ашық сабақ өткізді.2008-2009 оқу жылынан  физика пәнінен тереңдетілген 8-сыныпқа арналған бағдарламамен оқытуды бастап, үстіміздегі жылы физика пәнінен тереңдетілген

9-сыныпқа арналған бағдарламамен оқытуды жалғастырып келеді.Бағдарлама бойынша оқушылар шығармашылық,, күрделілігі жоғары сапалық есептерді, графиктік тапсырмаларды орындау, физикалық құбылыстардың моделін құру және эксперименттік тапсырмаларды орындау нәтижесінде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.Мұғалімнің өзекті мәселесі — «Ақпараттық технология мен техникалық құралдарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ізденушілік құзіреттілігін дамыту ».

03 ақпан 2010 жылы облыс көлемінде «Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді. 2009-2010 оқу жылынан бастап аудандық физика пәні бірлестігінің жетекшілік қызметін атқарып келеді.

Бүгінгі таңда мектебіміздегі соңғы үлгімен жабдықталған физика кабинетінің меңгерушісі, 6 «в» сыныбының жетекшісі.Облыстық «Үздік мұғалім» байқауының грантынан үміткер.Жолдасы –зоолог-дәрігер, қызы-студент,ұлы-мектеп оқушысы.