«Іздеген –табар, оқыған –озар» атты 7-8 сыныптарға арналған физикадан сыныптан тыс жұмыс.

73

 

«Іздеген –табар, оқыған –озар»

атты 7-8 сыныптарға арналған физикадан сыныптан тыс жұмыс.

 

Мақсаты: Оқушылардың танымдық ойын, белсенділігін, икемділігін арттыру.

Сайыс барысы :

  1. Сұрақтар сайысы
  2. Жорға бөлімі
  3. Сәйкестендіру тапсырмалары
  4. Топ басшылар сайысы
  5. Эсперименттік сайыс
  6. «Бақытты сәт»
  7. Кроссворд шешу
  8. Қорытындылау

 

І. Сұрақтарға жауап беру: 1ұпай

  1. Сұйықтар мен газдардың бірқатар маңызды қасиетін ашқан ғалым?
  2. Материяның ажырамас қасиеті.?
  3. Гелиоцентрлік жүйені ашқан ғалым?
  4. Ашық күндері ақ қарға қарағанда лас қар неге тез ериді?
  5. Су астындағы тасты көтеру неге жеңіл?

ІІ. Жорға бөлімі. Кім жылдам?  2ұпай

Әр топ 2 мин ішінде қанша формула жазады.

ІІІ. Сәйкестендіру тапсырмалары : 1ұпай

Бұл денелердің жылдамдықтарын ретпен орналастыр .

Ұшақ, жаяу адам, жеңіл машина , Электр пойыз, күшік

20 км/сағ, 700 км/сағ, 90 км/сағ, 200 км/сағ, 5 км/сағ.

 

Әр құралдың атын және ол қандай физикалық шаманы  өлшейтінін ретпен жазыңдар.

Манометр, динамаметр, таразы, термометр,.

Температураны, күшті, қысымды, массаны.

 

Шамалардың өлшем бірліктерін Халықаралық бірліктер жүйкесінде жазыңдар.

км/сағ, см, см3 , см 2 , тәулік.

 м2 , м, м3 , м/с, с .

ІҮ. Топ басшылар сайысы: 1 ұпай

  1. Дене пішінінің өзгеруі қалай аталады?
  2. Космонавтиканың негізін қалаған кім?
  3. Меркурийдің қазақша аты?
  4. Комодром қай жерде, аты қандай?
  5. Ғарышқа ең алғаш ұшқан ұшқыш?
  6. Судың үш күйін ата?
  7. Есекқырған деп қай планета аталады?
  8. Қатынас ыдыстардағы сұйықтың деңгейі қандай?

 

Ү. Эксперименттік  сайыс: 5 ұпай

8 сынып – Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау

7 сынып- Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.

ҮІ. «Бақытты сәт»  5ұпай

  1. Ұзындығы 135 см сымды бір бөлігі екінші бөлігінен 2 есе үлкен етіп 2 бөлікке бөлген. Әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
  2. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең.Осы сандарды анықтаңдар.
  3. Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік бар?

ҮІІІ. Кроссворд шешу. «Тұрақты ток» 1ұпай

  1. Қуаттың өлшем бірлігі?( Ватт)
  2. Заряд орын ауыстырғанда пайда болады?( Жұмыс)
  3. Ток күшінің өсуіне бөгет жасайтын шама?( Кедергі)
  4. Бөлшектің ішкі қасиетін сипаттайтын шама?( Заряд)
  5. Ток көзінің ішкі құрылысына тәуелді шама?( Электр қозғаушы)
  6. Өткізгіш бойымен зарядтардың бағытталған қозғалысы? ( Электр тогы)
  7. Электр тогын толық сипаттайтын шама?( тығыздық)
  8. Үштен кем емес өткізгіштің тоғысқан нүктесі? (Түйін)
  9. Кедергінің өлшем бірлігі? ( Ом)
  10. Ток күшіне тура пропорционал шама?( Кернеу)

 

т
ұ
р
а
қ
т
ы
т
о
к

ІХ. Қорытынды.

Ұпай сандары саналып жеңімпаз топ анықталады.