Атажұрт

44

                                            Атажұрт

       Мақсаты : Туған елге,туған жерге деген суйіспеншіліктерін арттыру.Оқушыларды озық ойлы болуға тәрбиелеу,білімді және жан-жақты болуға үйрету.

 

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер.топ аттары.

 

  Мұғалімнің кіріспе сөзі : Біз бүгін «Атажұрт» деп аталатын теледидардан өздеріңіз көріп жүрген интелектуальдық ойынды өткіземіз.Ойын шарты мынадай :

Қатысушы 2 топ    І.-топ  «Ата мекен»

                                 ІІ-топ : «Жерұйық»

 

Ойын бес кезеңнен тұрады :І. «Өткел»  Бұл кезеңде әр топ туған жер,туған ел туралы ақындар жырлаған жыр шумақтарынан үзінді оқиды.

 

ІІ. «Белес» Әр сұраққа он ұпайдан ,әр топқа 5 сұрақтан қойылады .

 

ІІІ. «Бекет»  Әр топқа 4 сұрақтан беріледі.Әр сұраққа он ұпайдан.

 

ІУ. «Асу» Ұяшықтан сұрақ таңдау .Ұяшықты әр топ кезекпен таңдайды.

 

У. «Жерұйық»   Оқушыларға тапсырма жазылған конверт беріледі,конвертте екі тапсырма беріледі.

 

                                        І-кезең «Өткел»

Туған жер,туған ел туралы жыр шумақтарын оқу.

 

                                        ІІ-кезең   «Белес»

  1. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)
  2. Қазақстан республикасының ұлтаралық тілі (орыс тілі )
  3. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым (президент)
  4. Қазақстан республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді (1993 жылы,15 қараша )
  5. Бірінші маусым қандай мереке (балаларды қорғау күні )

 

                                   ІІ-топ сұрақтары:

  1. Үш жұртты ата. (өз жұрты,қайын жұрты,нағашы жұрты )
  2. Қазақстанда неше облыс орталығы бар ? (14)
  3. Қазақтың ұлттық сал-дәстүрлерін ата.(беташар,тұсау кесер,шілдехана)
  4. «Бөбек» қорының президенті кім ? (Сара Алпысқызы)
  5. Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан (масштаб )

 

                                   ІІІ-кезең  «Бекет»

  1. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім ?(Б.Соқпақбаев.)
  2. Қазақстан республикасының Әнұранының сөзін жазған кімдер?(Нұрсұлтан Назарбаев,Жұмекен Нәжімеденов.)
  3. Республикалық «Айгөлек» журналының  бас редакторы кім ?(Қымбат Әбілдақызы)
  4. Біз надан боп өсірдік,Иектегі сақалды.

Өнер жігіт көркі деп,Ескермедік мақалды.-деп басталатын өлеңнің авторы кім ?     (Ы.Алтынсарин )

 

        2-топқа сұрақтар :

             1.Қазақ Ордасының ең соңғы ханы кім ?(Абылай хан )

              2.Тәуке ханның қазақ тарихындағы  ең үлкен еңбегі қалай аталады ? 

                                                                             (Жеті жарғы )

  1. Елтаңбаның авторлары кімдер ? (ШотАман Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков )
  2. Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай деп басталатын өлеңнің авторы кім ? (Махамбет Өтемісұлы )

 

                                      4-кезең : «Асу»

 

  1. Маңғыстау облысында неше әулие бар ? (362)
  2. Қарақия ауданының орталығы (Құрық)
  3. Жер шарында неше материк бар ? (6.Азия,Африка,Солтүстік Америка,Оңтүстік Америка,Антрактида,Австралия )

 

            

  1. Сидней Олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы(Бекзат Саттарханов )
  2. Маңғыстау облысының әкімі кім ? (Бауыржан Мұхамеджанов )
  3. Әбу Насыр Әл-Фараби қай қалада туылды ? (Отырар қаласы)

 

                                   5-кезең «Жерұйық»

          1-тапсырма : «Ақымақта ар болмас» деген нақыл сөздегі ар сөзінің мағынасын ашу.

          2-тапсырма : Туған жер туралы өлең шығару 1-шумақ  (50 ұпай )

 

                                    ІІ-топқа тапсырма :

          1-тапсырма : «Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды» деген сөйлемдегі аңқау сөзінің мағынасын ашыңыз.

             2-тапсырма : «Мен бақытты баламын» деген  тақырыпқа өлең шығару.         ( 50 ұпай)

 

                 

 

  Сөз сынып жетекшісіне беріледі.Жеңімпаздарды марапаттау.