Қысым тақырыбына есептер шығару

54

Сабақтың  тақырыбы: Қысым тақырыбына есептер шығару  .

Мақсаты:

1.Білімділік:Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып,өз-өзіне баға беруге,өз жетістіктерін сезініп,әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға ұйрету.

2.Дамытушылық: Осы  нені білді,қандай шамалармен танысты,алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілетін дамыту,алған білімдерін одан әрі қарай дамыту.

3.Тәрбиелік:Оқушыларды тез ойлауға,тез есептеуге,шапшаңдыққа,жинақтылыққа тәрбіиелеу,пәнге қызығушылығын туғызу.

    Сабақтың әдісі: баяндау, практикалық, экспериментальтық

    Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау

    Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар,кроссвордтар.

    Құрал жабдықтар: проэктор,динамометр,ағаш білеуше.

    Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

    Сабақ жоспары.

1.Өткенді қайталау

Формуласы мен анықтамасына тоқталу

Сурет бойынша қысымның физикалық мағынасын түсіндіру

2.Есептер шығару 2 нұсқа бойынша 4 есептен

І нұсқа

  1. Массасы 200 кг, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта
  2. Бетке 30 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?
  3. Массасы 56 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,85 м, ал ені 0,1 м. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?
  4. Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы  1500 см2 , түсіретін қысымы 300 кПа екенін біліп, әрекет ететін күшті анықта.

2 нұсқа

  1. Егер табанының ауданы 15 м2, массасы 60 кг болса, мәрмәр бағаны топыраққа қандай қысым түсіреді?
  2. Массасы  6 т  жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы  қандай болған, егер оның топыраққа түсіретін қысымы 3кПа болса.
  3. Массасы 58 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 0.2м. Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?
  4. Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0,1 м2. Бұлвагонның массасы 300кг болса, ол жерге қандай қысым түсіреді
  5. Шығармашылық жұмыс: Динамометр, сызғыш көмегімен ағаш білеушенің  стол бетіне әсер ететін қысымын анықтау

 

         

Басқа оқушылар тақтаға кроссвордтың жауабын шешеді.

Сабақ соңында оқушыларды бағалау, Үй тапсырмасын беру