Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы

Сабақтың тақырыбы:  Ядродағы  нуклондардың  байланыс  энергиясы.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:                 Оқушылардың  тақырып   бойынша  алған  білімдерін

нығайту, тиянақтау,  бір жүйеге келтіріп  қорыту  теориялық

білімін  практикамен   ұштастыру.

Дамытушылық:        Оқушылардың  ойлау,  есте сақтау қабілетін шыңдау.  Білімге  деген

қызығушылығын арттыру.   Білім деңгейін  көтеру.

Тәрбиелік:                  Оқушыларды  өз ісіне  жауапкершілікпен  қарауға, уақытын

үнемді пайдалануға  үйретіп,  жан – жақтылыққа, алғырлыққа,

шапшаңдыққа   тәрбиелеу.

Сабақтың типі:          Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Сабақтың  әдісі:        Тыңдап түсіну, тірек сызба, деңгейлік  тапсырма, сұрақ – жауап жұмысы

Сабақтың формасы:  Жеке,  ұжымдық

Пән аралық байланыс:  Химия, математика,  әдебиет.

Көрнекіліктер:          интерактивті тақта,  компьютер, электрондық  оқулық,

Менделеевтің  периодтық  кестесі,  карточкалар,  слайдтар, тест  сұрақтары.

І. Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер  ме! 

Сабақта  жоқ  оқушыны белгілеу. Сыныптың  сабаққа  дайындығын  тексеру.

       Мен  бүгінгі  сабағымды  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық  жаңғырту – Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты Жолдауымен  ашқым  келіп тұр.  Жолдаудың  7 –ші бөлімі  «Білім  беруге»  арналған  екен.  Онда  «Оқыту  үдерісінде қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізуді тапсырған. Сол  тапсырма  негізінде  бүгінгі  сабақты  бастаймыз.

ІІ. «Мен  нені  үйрендім»

Өткен  тақырыпты қайталау

А) «Кім  көп  біледі»

  1. Атом құрылысының  «планетарлық»   моделін  ұсынған  ғалым  кім? Қай  жылы?

(Ағылшын ғалымы  Э.Резерфорд,  1911 жылы)

  1. Атомның құрылысын кім  айтып  береді?   (Атомның  центрінде  ядро  орналасқан,

электрондар  ядро  айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады.)

  1. Электрон қалай  белгіленеді? Заряды қандай? Массасы  нешеге тең?   ( -10е,  mе= 9,1*10-31кг)
  2. Протон қалай белгіленеді?  Заряды қандай? Массасы  нешеге тең?   (11р ,  mp=1,6726 *10-27кг)
  3. Нейтрон қалай белгіленеді? Заряды қандай? Массасы  нешеге тең?  (01n , mn= 1,6749 *10-27кг)
  4. Массалық сан дегеніміз не? Қалай  белгіленеді, формуласы  қандай?             (А= Z+N)
  5. Нуклон дегеніміз не?           (Протон мен нейтронның  жалпы  санын  нуклон  дейміз.)
  6. Химиялық элементтің  ядросының  белгіленуі?        (zAХ)
  7. Изотоп дегеніміз не?          (Z=Z,  A≠A)
  8. Изобара дегеніміз не?        (Z ≠ Z,  A = A)

Б) «Сәйкесін тап» ойыны

Берілген сұрақтардың жауаптарының орны ауысқан сәйкес жауабын табу.

ІІІ. «Білім  шыңына  өрлейік»

Жаңа  сабақ

 

 

І. Біздер  кез – келген  химиялық  элементтің  атомының  центрінде  орналасқан  ядро  протондар мен нейтрондардан тұратынын білдік.

Біздер аттас зарядтардың бір –бірін  тебетінін бұрыннан білеміз. Олай болса,  ядро  ішіндегі  аттас протондар  бір – бірін тебіп,  неге ыдырап кетпейді  деген  сұрақ  туады. Оларды   ыдыратпай  ядрода  берік  ұстап  тұрған  қандай  күш?

Мүмкін  протон  мен нейтронды    берік  ұстап  тұрған      бүкіләлемдік тартылыс күші шығар  деп пайымдау  жасауға  болады.  Бірақ  та,  жүргізілген  есептеулер,  ядродағы  екі  протонның  арасындағы  тартылыс  күші,  олардың  арасындағы  F=k   Кулондық  тебіліс  күшінен  1036  есе кіші екенін көрсетті.

Атом  ядросының  тұрақтылығы  табиғаты бөлек  аса  зор  тартылыс  күші  бар  екенін  дәлелдейді.  Ядродағы  нуклондарды  ыдырап  кетуден  сақтап,  оның  берік  байланысын  қамтамасыз  ететін  күштер  ядролық  күштер деп  аталады.

Ядролық  күшті  сипаттайтын  аналитикалық  өрнек  жоқ. Бірақ  та,  ядролық  күштердің  қасиеті  жақсы  зерттелген.

Ядролық    күштер  қасиеттеріне  тоқталайық:

 

 

1 Мыс: протонның центрінен 10-15м қашықтықта ядролық күштер кулондық күштен 35 есе, ал тартылыс күштен 1038 есе қуатты болады. Сол себепті ядролық күштер күшті әрекеттесу күштері  болып табылады.

2.Қысқа әрекетті күш – қысқа  аралықта  ядролық тартылыс күштері кулондық тебіліс күштерінен жүздеген есе артық болады, ал алыс аралықта ядролық күш  әрекеттесулерге қатыспайды.

  1. Зарядқа тәуелсіз — ядролық күш зарядтардың  бар – жоғына, олардың таңбаларына тәуелді  емес. Сондықтан  ядродағы  протондар мен протондар,  нейтрондпр мен нейтрондар, протондар мен  нейтрондар  да  бір – біріне тартыла  береді.

4.Қаныққыш  күштер – Ол  нуклонның  барлық  нуклондармен  емес,  тек  өзіне  жақын  көршілерімен ғана әрекеттесетінін  көрсетеді.

  1. Кулондық күштер қатарына жатпайды — Кулондық сияқты центрлік күштер қатарына жатпайды. Атом  ядросындағы ең  үлкен  қарқынмен  өтетін құбылыстарды басқаратын күштер. Олар элементар бөлшектер  арасында күшті байланыс  туғызады.

 

ІІ. Нуклондардың  ядродағы  байланыс энергиясы.

Мя< Z*mp + N*mn

∆М= Z*mp + N*mn — Mя  — масса  ақауының формуласы;

Массалар  ақауы  деп – Ядролық  тарту  күшінің  жұмысы  есебінен нуклондардан  атом  ядросы  түзілгенде  пайда  болатын  массалар  айырымын  айтамыз.

Байланыс  энергиясының  формуласы:

Еб= ΔM*c2=( Z*mp + N*mn — Mя  )*c2  немесе Еб=( Z*mН + N*mn – Mа  )*c2  ;

Атом ядросын түгелімен жеке нуклонға  ыдырату үшін  қажетті минимал  энергияны-  ядроның байланыс энергиясы дейміз.

Энергия  үшін  МэВ  қолданылады:

Еб= ( Z*mp + N*m— Mя  )*931,5 МэВ немесе Еб=( Z*mН + N*mn – Mа  )*931,5 МэВ.

∆М= Еб / c2.

Байланыс  энергиясы  өте  ғаламат. Екі  вагон  тас  көмірді  жаққан  кезде  қанша  энергия  мөлшері  бөлінсе,  сутегінен  4 г  гелий  массасын  түзу  үшін  сондай энергия  бөлінеді. Барлық  үлкен  Әлем  кеңістігінде,  оның  ішінде  жер  шарында,  сутегі  — ең  көп таралған  элементтердің бірі.  Сондықтан  физиктердің,  барлық  басқа  мамандардың  негізгі  мақсаты  сутегі  энергиясын  бейбіт  мақсат  үшін  қолдану.

ІІІ. Меншікті байланыс энергиясы  деп ядроның байланыс энергиясының  А массалық  санға  қатынасын,  яғни  бір  нуклонға  сәйкес  келетін  байланыс  энергиясын  айтады:

Ем.б= Еб/А ;

Нуклондардың  меншікті байланыс энергиясы   түрлі  атом   ядроларында  бірдей емес. Ядродағы  нуклондардың  меншікті байланыс энергиясының массалық  А санға  тәуелділігі   мына  суретте көрсетілген. Массалық  А санының артуына байланысты  Ем.б   1Н2 – дейтерийдің ядросында  1,1 МэВ/нуклон  мәнінен  темірдің  26Fe 56  изотопы үшін   8,8  МэВ/нуклон  мәніне арта  бастайды.   Ем.б   максимал болатын  элементтердің  ядролары  ең  тұрақты  ядролар болып  табылады.   Енді массалық сан А  артқанымен  Ем.б    кеми  береді, мыс: уранның  92U238  изотопында   7,6    МэВ/нуклон. Жеңіл  элементтердің  Ем.б    кемуі беттік  құбылыстармен  байланысты. Сондықтан ядроның  ішіндегі  нуклондармен  салыстырғанда  ядроның  бетіндегі  нуклондардың  байланыс  энергиясы  аз. Ядро кіші болған  сайын  нуклондардың  көпшілігі  ядро  бетіне  жақын  орналасады. Сол  себепті  жеңіл  ядролардың  меншікті байланыс энергиясы аз.

Табиғатта  жиі  кездесетін  және  ядродағы  протондардың  немесе  нейтрондардың  саны  киелі  сандар    деп  аталатын  2,8,20,24,50,82,126  сандарына  тең  ядролар  тұрақты болып келеді. Ал, егер   протондардың  да,  нейтрондардың  да  сандары  киелі  сандарға тең болса, онда  қосарланған киелі  санды  ядро  аса тұрақты  болады.    Табиғатта ондай бес ядро бар:     2He48O1620Ca40, 24Cr4882Pb208.                                      

                                 

  1. «Білгенімді зердеме тоқу»

Жаңа  сабақты  бекіту

Тест  тапсырмалары

  1. Ядродағы нуклондарды ыдырап кетуден  сақтап,  берік  байланысын  қамтамасыз  ететін күштер

А)  Гравитациялық күштер;   В) Ядролық  күштер;   С) Магниттік  күштер;

  1. Массалар ақауын  есептейтін  формула

А) ΔM=Z*mp + N*mn –Mя;     В) ΔM=Z(mp -mn) –Mя;

С) ΔM=(А-Z)*(mp + mn) –Mя;

  1. Байланыс энергиясының формуласы:

А) Еб= ΔM*c2;                 В) Ем.б= Еб/А ;              С) Е=hν;

  1. Меншікті байланыс энергиясының формуласы:

А)  Е= hν;                     В)  Еб= ΔM*c2;             С) Ем.б= Еб/А ;

  1. Киелі сандарға жататындар:

А) 1; 10;  25;                    В) 3; 15;100;                 С) 2; 8; 20;

  1. Қосарланған киелі санды ядролар:

А)  2He4; 8O16, 20Ca40;       В) 3Li7, 4Be9, 26Fe56;     С) 11Na23, 29Cu64, 47Ag108;

 

  1. V. Деңгейлік тапсырмалар
 

Деңгейі

 

Тапсырмасы

 

І

 

Натрий  11Na23 ядросының құрамы қандай?

 

ІІ

 

Оттек  8О16 ядросының  байланыс энергиясын табыңдар.

 

ІІІ

 

Магний   12Мg24     ядросының   меншікті  байланыс энергиясын  табыңдар.

 

VІ. «Ой сергіту»  кезеңі

Мақал – мәтелдерді жалғастыру

  1. Білекті бірді жығар,  (білімді  мыңды жығар)
  2. Бір кісі қазған құдықтан (мың кісі су ішер)
  3. Еңбек түбі – (береке)
  4. Бірлік жоқ  жерде  — (тірлік жоқ)
  5. Білім инемен (құдық  қазғандай)

 VІІ. «Шапшаңдық  сайысы»

А) Белгісіз  шаманы  табу

А

(Массалық сан)

Еб

(Байланыс энергиясы)

Ем.б

(Меншікті байланыс энергиясы

13?7,47 МэВ/нуклон
22,23 МэВ?
?1801,6 МэВ7,57 МэВ/нуклон

Б) «Кім жылдам?

Карточкамен жұмыс

 VІІІ. Физикалық  тілде

  1. Резерфорд тәжірибелерінен  тікелей  атомның  …  моделі  келіп  шығады. (планетарлық)
  2. Центрінде массасы  түгелдей  жинақталған  …  зарядталған  атом  ядросы  орналасқан. (оң)
  3. Ядроны айнала, белгілі  орбиталармен  …  қозғалып  жүреді. (электрондар)
  4. Электрондардың мұндай қозғалысы ядро тарапынан болатын  … күштің  әсерінен  туады. (ядролық)
  5. Протондар мен  нейтрондарды  жалпы түрде  … деп атауға келісілген.(нуклондар)
  6. Протон – бұл заряды  оң  және  модулі бойынша  … зарядына  тең  бөлшек. (электронның)
  7. Электрон – бұл заряды  теріс  және  модулі  бойынша  элементарлық  … Кл зарядқа,  ал  массасы  … кг – ға тең  бөлшек. (е=1,6*10-19, mе= 9,1*10-31)

ІХ. «Білгенімді  дамыту»

Үйге тапсырма беру

Оқулықтан §8.3.  оқу,

8.3.4 — 8.3.9  есептерді  шығару.

Сөзжұмбақ  құрастыру.

Х. Бағалау

ХІ. «Шығу  парағы»

Қорытындылау.