Физикалық шоу

88

Физикалық шоу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.
  2. Дамытушылық:Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. қазақтың салт-дәстүрлері мен мақал-мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.
  3. Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.

Сабақтың түрі: Жарыс

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет,  сызу, информатика , музыка,

Көрнекіліктер: плакаттар, интерактивті тақта, квн рольдер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Әр топ өзін өзі таныстыру (ұран, эмблема)
  3. Сырлы сауалдар (талас сұрақтар)

4.Ғажайып қожын (сұрақтар)

  1. Байқап қал (суреттер)
  2. Мақал-мәтелдер (сәйкестіру)
  3. Орамал тастамақ ойыны
  4. Есептеп көр ерінбей
  5. жұмбақ шешіп, жұлдызша алу
  6. квн

Жүргізуші:

Ассалаумағалайкум халайық,

Сайыстың бетін ашайық.

Сұраққа шешу табайық,

Жер ұйығы білімнің.

Физика деген ғылымның,

Жәннат жеріне барайық.

Бұл думанды кеште біз,

Нәр білімді, бар өнерді

Көрсетіп бір қалайық

 

 

Мақал-мәтел жұмбақтар

Ғажайып қоржын сұрақ бар

Суретке қара байқап қал

Сырлы сауал сұрақтар

Орамал тастап айналып

Есепті шығар ойланып

Квн мен күліп ойналық

Жеңіске жетіп екі топ

Думанды кешті тойлайық

Құрметті ұстаздар, оқушылар біздің физикалық шоуға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Ойдың білім атасы

Көрегенді данасы

Көп алғысы бар батасы

әділқазы алқасы деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұран, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Мектеп директоры
  2. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары
  3. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
  4. Бірлестік жетекшілері және пән мұғалімдері

Жүргізуші:

сұраққа жауап беріп айтысайық

сауалды іліп алып тартысайық

бәрін айтпа бірін айт алдыменен

жобасымен сайыстың танысайық

  1. Әр топ өзін өзі таныстыру (ұран, эмблема)
  2. Сырлы сауалдар (талас сұрақтар)

3.Ғажайып қожын (сұрақтар)

  1. Байқап қал (суреттер)
  2. Мақал-мәтелдер (сәйкестіру)
  3. Орамал тастамақ ойыны
  4. Есептеп көр ерінбей
  5. жұмбақ шешіп, жұлдызша алу
  6. квн

 

 

Жүргізуші:

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Алға қойған мақсаты

әрқашанда мектепте

шығып жүрген жақсы аты

 

жиналған ылғи дарындар,

жүректе от көздерінде жалын бар.

қайтпас, қайсар топтарын,

қол соғып қарсы алыңдар — дей келе сайысымыздың бірінші бағыты бойынша әр топ өз-өзін таныстырып өтсін. топ басшылары ортаға шығып, өз тобын таныстырады.

1-қайсар тобы

Армысыздар ағайын

Бармысыздар бауырлар

Ағайын тілін табайын

Жеңілдер сұрақ ауырлар

Есенсіздер ме ұстаздар

Ойыңызда мықты ұстам бар

Құрметке ие үлкендер

Батаңды бізге үлкен бер

Кешке келген сайланып

Отырам деп жайланып

Отырған анау ойланып

Бәріңізге мың сәлем

Бұл сайысты көптен бері күткенбіз

Жалындаған жаспыз гүл көктембіз

Мақсатымыз биіктерден көріну

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз

Армандарға қол созумен келеміз

Білім теңіз жүзіп келет кемеміз

Білімменен қаруланған тобымыз

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз

Ұраны:математик физикпіз

шетінен ойлы жүйрікпіз

жеңіс үшін қайсар алға

қарсыластан қалма

2-қайтпас тобы

Бүгін үлкен қуаныш барша үшін

Жүректе бар әнменен әсем гүлің

МИФ апталығы басталды деп

Айтамыз қуанышты мектеп үшін

Құттықтаймыз шын жүректен баршаңызды

әндетейік жырлайық ұлы күнді

апталықтың мезеті жақсылыққа

тола берсін демекпіз асыл нұрға

қасиетті аяулы ұлағатты

бас иеміз құрметті ұстаздарға

 

шақырып жарыстарға сан саналды

қайтпас топ жалындап жар салады

ту етіп достықпенен татулықты

қарсылас қайсар тобын қарсы алады

 

тобымыз биіктерде шарықтасын

жеңісіміз көк аспанда қалықтасын

жеңіс туы желбіреп алауласын

жеңісті бізден ешкім ала алмасын

Ұраны:көңілден әнді тербейміз

Біліммен өсіп гүлдейміз

Біз ешқашан осал емеспіз

Намысты қолдан бермейміз

Жүргізуші:

Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар

Тақтаға қарап үңілсең

Сырлы сауал сұрақ бар – дей келе сайысымыздың екінші бағыты бойынша сырлы сауалдарға кезек берейік.

  1. Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?

Жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ

  1. Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары?

Сарқыраманың табанында

  1. Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?

Атмосфералық қысым төмен болғандықтан

  1. Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?

Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек

  1. Сынапты термометрмен бір тамшы ыстық судың температурасын өлшеуге бола ма?

Болмайды, бұл жағдайда тамшының температурасы лезде өзгереді

  1. Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?

Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.

  1. Еденге аққан суды құрғату үшін неліктен оны еденге жағады?

Кебу бетін кеңіту кебу жылдамдығын арттырады.

  1. Мұз қандай жағдайда жылтқыш болуы мүмкін.

Басқа дененің температурасы мұздың температурасынан төмен болғанда

  1. Не үшін адамдар қоланы темірден бұрын қолданған?

Қоланың балқу температурасы темірден төмен

  1. Теңіз суы 0- та неге қатпайды?

Тұзды судың қату температурасы 0- тан төмен

Жүргізуші:

Түйемен ақсақал келеді

Сендерге ұрпағым деп сенеді

Ғажайып қоржын тартуын

Екі топқа үлестіріп береді – сайысымыздың үшінші бағыты ғажайып қоржын.           (екі топқа нөмірленген асықтар үлестіріліп беріледі.)

Қайсар тобы:

  1. Екі адам тоғыз құмалақты 2сағатта ойнаса, әрқайсысы неше сағатта ойнайды?

2сағат

  1. Түнгі сағат онда жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе? (Мүмкін емес, жоқ түнде күн шықпайды)
  2. Жанұяда 5 ұл әр ұлдың бір-бір қарындасы бар, жанұяда барлығы неше бала бар?    (6 бала)
  3. Столдың 4 бұрышы бар, бір ұшын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?

(5 бұрышы)

  1. Қос ат 40км жол жүрсе, бір ат қанша км жол жүреді? (40км)

 

  1. Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр, әрбір мысықтың алдында 3 мысық. Үйде жиыны қанша мысық бар? (4 мысық)

Қайтпас тобы:

  1. 8- наурызда екі шешеймен екі қызына, әжеймен немересіне 3 орамал сиға таратылды, бұл қалай? (Әжесі, шешесі, қызы)
  2. Дорбадан 10 асықты 10 бала бір бірден алды, сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (асықты бір бала дорбасымен алды)
  3. 1 жұмыртқаны 3 минутта пісірсе, 5 жұмыртқаны неше минутта пісіреді?

(3 минут)

  1. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады?  (үтір)
  2. Ағаштың басында 10 торғай отыр, мылтықпен біреуін атып түсірсе ағашта қанша торғай қалды?   (Қалғандары ұшып кетеді)
  3. Қалай 7 ті этаждан секіріп жараланбауға болады? (1-этаждан секірсе)

Жүргізуші:

Қаруланып жарысқа жауабыңды сайлап бар,

Қиялыңды ойыңа шешілместей байлап бар.

Көргеніңді қайталап жаз ұмытпай,

Көреген өткір көздеріңмен байқап қал — дей келе сайысымыздың төртінші бағыты байқап қал кезеңіне жол берейік. (Суреттерді лезде көріп атын жазады)

Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,

Келіспей ме мақалменен сәніміз.

Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,

Физикалық құбылысты табыңыз – дей келе сайысымыздың бесінші бағыты мақал мәтелдерді сәйкестіру кезеңіне кезек берейік.

Қайсар тобы:

Қарыстан сүйем жақын                            Жылу өткізгіштік

 

Тонның жылуы терісінен емес жүнінен              Физикалық шама

 

Қимылдаған қыр асар                             Заттың агрегаттық күйі

 

Таумен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар                               Механикалық қозғалыс

 

Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер                   Жылдамдық

 

Шапшаң озар

Жатқан қалар                                     Инерция

 

Қайтпас тобы:   

Жеті рет өлшеп бір рет кес                       Диффузия

 

Көсеу ұзын болса қол күймес                    Физикалық шаманы өлшеу

 

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді             Жылу өткізгіштік

 

Отқа салса темірде балқиды                      Жылдамдық

 

Аттыға жаяу жолдас болмас                  Заттың агрегаттық күйі(балқу)

 

Дән себілмей астық өнбейді                        Булану конденсация

Дария буланбай шық түспейді.

Жүргізуші:

Жанайық мәңгі сөнбейік

Мынаған көңіл бөлейік

Орамал тастап ойнайық

Сұраққа жауап берейік – дей келе сайысымыздың алтыншы бағыты орамал тастау ойынына кезек берейік. (әр топтан 7 адамнан шығып ойнайды)

Ойынның сұрақтары:

  1. Зат неден тұрады? (Молекуладан)
  2. Бізі қоршаған орта? (Табиғат)
  3. Ең жақын жұлдыз? (күн)
  4. Молекулалардың бір-біріне өту құбылысы? (Диффузия)
  5. температураны өлшейтін құрал? (Термометр)
  6. Мұз қай температурада ериді? (0)
  7. Аспан денелері туралы ғылым? (астрономия)
  8. Молекулалардың ретсіз қозғалысы? (Жылулық қозғалыс)
  9. Дене пішінін немесе өлшемдерін өзгертуі? (деформация)
  10. Диффузия қай күйде тез өтеді? (Газда)
  11. Дененің жүріп өткен жолы? (Траектория)
  12. Қай планетаның сақинасы бар? (Сатурн)
  13. 360 минутта неше сағат бар? (6сағат)
  14. Судың қатты күйі? (мұз)

Жүргізуші:

Қалмаңдар білімде көрінбей

Ұлдар мен қыздар өрімдей

Топ басшыларына беремін

Есепті есептеп көр ерінбей – дей келе сайысымыздың жетінші бағыты есептеп көр ерінбей кезеңіне береміз.

Қайсар тобы:

  • есеп

Массасы 10кг тас көмір толық жанғанда, қанша жылу мөлшерін береді?

(тас көмірдің меншікті жану жылуы 2,7джоль/кг)

Жауабы: 2,7джоль/кг

  • есеп

Алматыдан шыққан автобус Ұзынағашқа дейінгі 60км жолды 1сағат жүреді, автобустың қозғалысын бірқалыпты деп ұйғарып, оның жылдамдығын анықтаңдар;                                    Жауабы:60км/сағ

Қайтпас тобы:

  • есеп

Массасы 4кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша жылу мөлшері керек? (қалайының меншікті балқу жылуы 0,59джоль/кг)

Жауабы: 236 кджоль

  • есеп

Жер күнді айнала 30км/с жылдамдықпен қозғалады, 1сабақ өткенде яғни

45 мин ішінде жер қандай жол жүреді?          Жауабы:81000км

Жүргізуші:

Шыңына ойдың қонайық

Көңілге қуаныш алайық

Берілсе сырлы жұмбақтар

Шешуін бірден табайық – дей келе сайысымыздың сегізінші бағыты бойынша кезекті жұмбақ шешіп, жұлдызша алу кезеңіне берейік.

Қайсар тобы:

Жай көзге көрінбейді

Қозғалуға ерінбейді        (молекула)

 

Жоғарламайды ешқашан

Түрлендірсең егерде

Басқа күйге ауысса

Жұмыс істейді әрқашан      (энергия)

 

Өзі затты құрайды

Теңелуге таразыны сұрайды   (масса)

Қайтпас тобы:

Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды     (температура)

 

Қозғалысқа келтіріп

Жылдамдығын береді

өлшем бірлігін қарасаң

Ньютонға келеді           (күш)

 

Оңынан оқы тіршілік нәрі

Солынан оқы онсыз адам

өсімдік, аң, құс

әп-сәтте сөнер

тұншығып бәрі             (ауа)

Жүргізуші:

Армандардың ағыстарын бойлайық

өз мүмкіндігімізді жоймайық

квн мен әзіл айтып көрейік

өзімізше қызық қылып ойнайық – дей келе сайысымыздың соңғы айналымы квн –ге кезек берейік.

КВН командасының аты: қайтпас – қайсар 

КВН – нің таныстыруы:

Тоқпен қазан астырған

Миллион гектар астықты

Комбайнмен бастырған

Физика емей немене?

 

Техниканы үйреткен

роботтай адамды

тіл бітіріп сөйлеткен

Физика емей немене?

 

өлшеп киім кигізген

барлық істі атқарып

пайдасын елге тигізген

Физика емей немене?

 

Аспанға темір ұшырған

Адам айға қол созып

Жерден сәлем ұсынған

Физика емей немене?

 

Көп білім сияр бұл миға

Айта берсең лирика

Бәрін айтта бірін айт

Ғылым пірі физика!

 

КВН-ның қойылым кезеңдері:

  1. мұғалімнің оқушылардан сабақ сұрауы
  2. ағылшындармен қазақтардың футбол ойнауы
  3. екі достың амандасуы
  4. мұғалімнің емтихан алуы
  5. жаңа мектептің салынуы
  6. қазақпен Африкалықтың боксы

Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

 

Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

әділ баға беріңіз.

Әділ қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме. Жеңімпаз топ марапатталады.

Жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңды бір рахмет айтамыз.

Ғылым дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман сау тұрыңыздар осыменен

физикалық шоуымыз тәмамдалды