Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы

67

 

Сабақ тақырыбы:   Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы

Сілтеме: Күнтізбелік жоспар.Оқулық:(Физика және астрономия.7сынып).Есептер мен жаттығулар жинағы.

Жалпы мақсаттар: Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, механикалық жұмыс ұғымын, жұмыстың белгіленуі,формуласы,өлшеу бірлігін білу және жұмысты есептей білу дағдыларын жетілдіру,практикалық маңыздылығын түсіне білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері:Жұмыс ұғымымен танысып мағлұмат алады.есептер шығару нәтижесінде дағдылары дамиды. Алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың негізгі идеясы: Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де,жүрілген жолға да тура пропорционал өседі.

Сабаққа қажетті құралдар:  Компьютер, графопроектор,слайдтар,мөлдір қағаз,Паскаль шары,куб,су,ыдыстар,карточкалар,бағалау парағы.

Сабақтың өту барысы:

 

Сабақ кезеңдері Әдіс-тәсілдер, модуль-дер Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Уақыты
Ұйымдастыру

 

 Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Психологиялық ахуал:1.Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке»

2.Физиканы өмірде қалай пайдаланасың?

«S=U*t», «F=m*g», «p=F/S» формулалары нені білдіреді?

(формулалар арқылы  топқа бөлу).

Әр оқушыға бағалау парағы беріледі.

 Бағалау критерилерімен таныстырады.

Шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне тілектер айтады.

Формулалар арқылы топқа бөлінеді.

Топ жетекшісін тағайындайды.

Бағалау критерийлерімен танысады.

5 мин
Үй тапсырмасын тексеру

а)

Диалогтік оқыту.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

«Қысым» тарауын қорытындылау.(төмендегідей сұрақтардың қамтылуын ескереді,)

1.      1.Қысым деп нені айтады? Қалай белгіленеді?

2.      2.Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

3. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым кім? Бұл қағида кімнің заңы? .

4. Сұйықтың тығыздығын анықтайын құрал қалай аталады?(ареометр)

5. Шөгім дегеніміз не?(Кеменің төменгі бөлігі суға  бататын тереңдігі)

6. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйыққа

(Сұйық бетіне көтеріледі)

.7.10 кПа-ды паскальға айналдыр(10000 Па)

8. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құралы (Барометр-анероид)

9.Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Бұл қандай заң? (Архимед заңы)

 

Ауызша жауап береді.Оқушы тақырып бойынша дайындап келген сұрағын өз таңдауы бойынша басқа топқа қояды,жауабын өзі бағалайды.Бағалау критериилерін оқушылар өздері белгілейді.

 

5 мин
б) Кубизм стратегияы.

Сыни турғыдан ойлауға үйрету.

 

Куб айналасында көрсетілген тәжірибелердің суреттері арқылы әр топқа тапсырма береді.            І-топ        І І-топ

Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымды тәжірибе жүзінде көрсетеді.       ІІІ-топ

5 мин
Жаңа тақырыпты айқындау

 

Кең ауқымды лекция стратегиясы Сабақтың барысында негізгі идеяны ашу үшін оқушыларға бағыт беру,түрткі болу,жаңа тақырыпты талдауға,ой қорытуға,нәтижеге жетуге жетелеу.Экранда көрсетілген суреттерді көрсету арқылы салыстыра отырып,тұрмыста және физикадағы «жұмыс» ұғымының мағынасын ашады.

 

Негізгі идеяны ашу үшін жаңа тақырыпты талдайды,ой қорытады,түсінігі қалыптасады. 7 мин
 

 

Жаңа сабақты түсіндіру

 

 

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы.

Күш жұмысының анықтамасын,мағынасын формуласын,өлшем бірліктерін,қолданылуын тұжырымдамалық карта арқылы көрсете отырып түсіндіреді.

 

 

Сергіту сәті Қара жорға биінің үзіндісі бейне баян арқылы көрсетіліп, оқушылар қайталайды.

 

Бекіту   Есеп шығару мысалы:(есептің шығарылу жолын графопроэктор арқылы түсіндіреді)

Есеп. Көлемі 0,5м3  гранит тасын 20м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер. Граниттің тығыздығы 2500 кг/м3 .

Берілгені :

v=0.5м

ρ=250кг/м3

h=20м

 

Шешуі :

A=F*S мұндағы F гранитті бірқалыпты жоғары көтеретін күш. Бұл күштің модулі гранитке әрекет ететін Fауырлық күшіне

тең, ал бағыты оған қарама-қарсы. Ауырлық  күшін граниттің   m массасы арқылы анықтауға болады:Fa = mg .

Граниттің көлемі мен тығыздығын біле отырып, оның массасын  есептейміз: m=ρ*v; S=h.

Сонымен, m=2500кг/м3 *0,5м=1250кг.

F=9,8 Н/кг*1250кг=12250Н.

A=12250н*20м=245000Дж=245кДж.

А-? Жауабы: A=245кДж.

 

Оқушылар тапсырманы дәптерде орындайды.Шығарылу жолын түсінеді. 8 мин
Қорытынды Жұптық,топтық жұмыс.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

 

Физика және астрономия.7-сынып.Есептер мен жаттығулар жинағы. №431.

Төменде келтірілген қандай құбылыстарда күш әсерінен жұмыс істелінеді?

а) ауырлық күшінің әсерінен темір арқан тартылады;

ә)үстелге кірдің салмағы түсіп тұр;

б)газ баллонның қабырғасын қысады;

в) газдардың қысымынан цилиндрден піскек итеріліп шығарылады;

г) бала берік қабырғаға байланған жіпті тартады.

№433.  Трактор тұқым себетін машинаны  жазық даламен тартып келеді. Сонда трактор қандай күшті жеңу үшін жұмыс істейді?

№434.  Орнынан қозғалмаған кірге түскен ауырлық күші жұмыс істей ме?

№435. Қай жағдайда күштер жұмыс атқарады?

а)тас жерге түскенде;

ә)Двигателі сөндірілген автомобиль;

б)спортшы штанганы көтергенде;

в)ауа шары көтерілгенде;

г)ату кезіндегі снарядтың оқпандағы қозғалысы;д)серіппелі пистолеттің атқандағы оқтың ұшуы.

№438.  Адам баспалдақпен үйдің жоғарғы қабатына көтерілгенде жұмыс істей ме? Лифтімен көтерілгенде ше?

Жұппен жұмыс жасап,топпен ақылдасып,талдау жасап,басқа топтарға түсіндіреді. 7 мин
 Бағалау  

 

 

 

 

 

 

Оқушы аты Сұрақ-жауап

 

Тәжірибе жасау Есептер шығару Деңгейлік тапсырмалар Қорытынды баға

 

Жиынтық баға қояды

 

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы жүзеге асырылады.

3 мин
Рефлексия:

 

Сыни тұрғыдан ойлау.

 

   «Жақсы, жаман» жаттығуы

— Маған бүгін жақсы, өйткені …,

— Маған бүгін  жаман ,өйткені…

Өзіндік талдау. 3 мин
Үйге тапсырма §51.35-ж.Есептер жинағынан №441.442. 445

Талдау, бағыт беру.

 

 

2.

Күнделіктеріне берілген тапсырманы жазады. 2 мин

 

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жөніндегі бір рефлексифтік есеп

 

Оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін  игеруге бағытталған Бағдарламаның бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық  білімімізді мектептегі тәжірибе кезеңінде іске асыру үлкен қызығушылық тудырып, қанаттандыра түсті.Бұл оқудың нәтижесінде мен көптеген қажетті мәліметтер алдым, жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендім. Пажарес(1992) Білім беру сызбаларында(Мұғалімге арналған нұсқаулық,7-бет) көрсетілгендей, жаңа теориялық тың білім көңілге сенім ұялатып, оқу мен оқытуда жаңа көзқарас туғызды.

Осы курстың негізгі мақсаты болып табылатын жеті модуль оқу мен оқыту үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Іс тәжірибеден өту барысында курста оқып танысқан бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технолонияларды пайдалану модульдерін бірінші сабағымда қолдандым. Бағдарлама аясында бірінші бетпе-бет кезеңінде жинақтаған тәжірибелерімді негізге ала отырып, жоғарыда аталған модульдерді ықпалдастыра отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану нәтижесінде көптеген жетістіктерге жеттім. Сабақтың қызықты да тартымды болуына сабақтың мақсатына жету үшін ұтымды пайдалана білген АКТ құралдарының мүмкіндіктері де оң әсер етті.

Менің құрған орта мерзімді жоспарыма сәйкес төрт сабағым да физика пәні бойынша 7-сыныпта өткізілді. Бірінші сабағымның тақырыбы:   «Дене қозғалысы бағытындағы әрекет ететін күштің жұмысы».

1-сурет.

«Шаттық шеңбері»

 

Сабақтың жалпы мақсаты: топтық жұмысты ұйымдастыра отырып жалпы жұмыс ұғымын және оның практикалық маңыздылығын түсіне білу дағдыларын қалыптастыру.

Өткен сабақты қорытындылау, үй тапсырмасын тексеру мақсатында диалогтык оқыту, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарын келесі топқа қойды. Сұрақтар өткен сабақты толық қамтитындай етіп құрастырылу ескерілді.Әрбір сұрақ қойған оқушы жауап берген оқушының жауабын бірден бағалап отырды, бағалауда жауаптың толық, нақты болу  критериилерін ескерді.

8-сурет.

    Т-ның сұрақ қою сәті.

 қою сәті

Зерттеуге алған жоғарғы деңгейлі оқушым орыс қызы Т-ның « Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым кім? Бұл қағида кімнің заңы?»-деп қойған сұрағы бүкіл өткен тарауды қорытындылап, мағынасын ашып тұрғандай (8-сурет).

Т. сұрағына жауап берген топты бағалауда бағалау критериилерін, яғни,жауаптың нақты және толық болуын ескере отырып, әділ бағасын қойды.

Келесі кезеңде оқушылардың жас еркшеліктерін ескере отырып, өздеріне лайықты  қабілетін, дарынын дамыту мақсатында «Кубизм» стратегиясы арқылы, яғни кубтың жақтарында көрсетілген тапсырмалар бойынша тәжірибе жұмысын орындау ұсынылды. Оқушылар таңдалған тәжірибе жұмысын сыни тұрғыдан ойлау арқылы, түсіндіре отырып, дәлелді түрде көрсете білді.

2-сурет.Е-нің тәжірибе

 жасау сәті.

Зерттеуге алған орташа деңгейдегі Е.есімді оқушым бұрын сабақтарда есептер шығаруда қиналатын. Ал тәжірибе жасауда қолмен ұстап, көзбен көріп жұмысты орындағандықтан тапсырманы ойдағыдай орындап, физикалық тілмен сыни тұрғыдан басқа топтарға түсіндіруі мені қатты қуантты. Бұдан топтық жұмыстың әр түрін қолдана отырып, әр оқушыға өзін әр қырынан көрсетулеріне мүмкіндік ашылды.

Жаңа сабақ   «Кең ауқымды лекция» стратегиясы арқылы түсіндірілді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда экран арқылы көрсетілген адамның, аттың, трактордың, ракетаның суреттерін көрсете отырып олардың жұмыс істеу қабілеттерін, іс-әрекеттерін салыстыра отырып, тұрмыста және физикада «жұмыс»ұғымының мағынасын толықтай түсініп, топта талқыға салып, сыни ойлай отырып мағынасын аша білді.Сабақты бекіту кезеңінде есептің шығарылу жолы графопроэктор арқылы көрсетіліп, топпен талқыланып, талдау жасалды.

Оқушылардың бойлары мен ойларын сергіту үшін сергіту сәтіне кезек берілді. Қара жорға биінің үзіндісі бейне баян арқылы көрсетіліп, оқушылар қайталады.

Әр сабақта оқушы теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек.(3-сурет)

3-сурет.Тәжірибе жасау сәті.

Келесі сәтте сыныпқа есептер жинағынан тапсырмаларды тәжірибе арқылы көрсете отырып, топпен орындау үшін жаттығулар берілді.

 

4,5-суреттер. Топтық талдаулар.

 

Тәжірибелік жұмыс орындау барысында оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, топтық талдау жүргізіп, бірлесе жұмыс жасады.  Бұл жерде тапсырманың берілу шарттары да әр түрлі болды. Оқушылар мұнда тек есептер шығарып қана қойған жоқ әрбір есепті шығару барысында әр түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін ілгері ұмтылып, мағынасын аша білді.

Сабақты бағалау кезеңінде оқушылар сабақ басында алған  бағалау парағына сабақтың әр кезеңіне өз бағаларын қойды. Оқушыларға сабақтағы белсенділіктерін, алған білімдері мен оны есептер шығаруда тиімді қолдануларын басшылыққа алынып  қорытынды жиынтық бағасы қойылды.

6-сурет.Рефлексия кезеңі.

Рефлексия кезінде «Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?» деген сұраққа балалар ашық күннің, бұлтты күннің және жартылай бұлтты күннің суреттерін көрсету арқылы өз-өздеріне шынайы да әділ  бағаларын берді (6-сурет).«Жақсы, жаман» жаттығуы кезінде «Маған бүгін жақсы, өйткені…» және «Маған бүгін жаман, өйткені…» деген сұрақтарға тәжірибе кезінде зерттеуге алған жоғарғы деңгейлі мінезі ұяң,сабақ үлгерімі жақсы, орыс қызы Т. «Маған бүгін жақсы, өйткені білмегенімді достарымнан үйреніп,білгенімді басқаларға үйреттім деп ойлаймын» және «Маған бүгін жаман, өйткені…»дегенге «Маған жаман ештеңе болған жоқ, өйткені барлығы түсінікті болды»деп сыни тұрғыдан жауап беруі мен үшін сабақтың нәтижелі өткендігінің дәлеліндей көрінді.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді біз әрдайым жандандырып, жаңартып отыруымыз керек.Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болуы керек.Ол үшін мұғалім бойында Шульман «Мұғалімнің үш көмекшісі»(Shulman,2007.Мұғалімге арналған нұсқаулық,8-бет) деп атаған қасиеттер міндетті түрде болуы керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған Нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

  1. Физика және астрономия:Жалпыға білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. Алматы «Атамұра»2012