Физика және музыка.

65

Сабақтың тақырыбы: Физика және музыка.

Мақсаты:  Білімділік : а) толқындар туралы түсінік беру.

б) тербелістер мен толқындар туралы алған теориялық   білімін пайдалана отырып музыканы сипаттап, өз бетінше қорытындыға келуін қалыптастыру.

Тәрбиелік:   Ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу. Домбыраның құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық тәрбие беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығын көтеріп, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа, ұлттық музыкаға дегенқұрметтке, адамгершілік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, демонстрациялау.

Көрнекілік құралдар:   интерактивті тақта, слайдтар, домбыра, камертон.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру .

1.1. Оқушылардың  құрал-жабдықтарын алғызу

1.2. Көңілдерін сабаққа аудару

1.3. Оқушыларды психологиялық дайындау

ІІ.  Үй  тапсырмасын тексеру.

  • 24-жаттығу.
  • Сұрақ- жауап арқылы алған білімдерін тексеру.

ІІІ. Өткенді еске түсіру.

ІV. Жаңа сабақты меңгеру.

  1. V. Жаңа сабақты бекіту.
  2. VI. Қорытындылау.

VII. Үйге тапсырма.

VIII.  Бағалау.

  • 24-жаттығу.
  1. Берілгені : формуласы                   шешуі:

405.6 Гн

 

 

ІІІ. Өткенді еске түсіру. (физикалық диктант)

Физикалық диктант ; 5 минут.

  1. Бірдей уақыт аралығы өткен сайын дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалыстар механикалық тербелістер деп аталады.
  2. Созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын  жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды математикалық маятник деп атайды.
  3. Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын тербеліс периоды деп атайды.
  4. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.
  5. Тербеліс амплитудасы- деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.
  6. Электромагниттік тербелістер алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор мен катушкадан тұратын тізбек тербелмелі контур деп аталады.

ІV.  Жаңа  білімді меңгеруге дайындық.

  1. Ұлы суретшілердің туындыларын, сұлу табиғатты көзбен әсерлеу немесе мәселені баяндау –есту мүшелеріне байланысты болады. Барлық өнер ақыл –ойға жүгінеді. Архитекторлар болашақта салатын үйлерінің проектісін  жасағанда  ғылыми теорияларға, ал музыка толқындар тербелісінің заңдарына бағынады. Қоғам мен адамзат мәдениетінің дамуында ғылымның ролі өте күшті. Көптеген ұлы адамдар әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнаған немесе өлең жазған.
  2. Адамға рухани күш беріп, жанын жайландырып, тамаша әсерге бөлейтін музыкалық дыбыс адамды қашаннан қызықтырған. Неге олай? Олар бірінен-бірі қалай ерекшеленеді? Физика мен музыканың байланысы қандай? Міне бүгін біз осындай сұрақтарға жауап береміз.
  3. Біз дыбыстар әлемінде өмір сүреміз. Дыбыстар 3 топқа бөлінеді:

Дыбыстық соққы, шу, музыкалық дыбыс немесе тон. Енді,  осы терминдерге тоқталып өтейік.

  • Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
  • Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп айтамыз.
  • Ауырлық және беттік керілу күштердің әрекетінен туындайтын толқындарды гравитациялық толқын деп айтамыз.
  • Толқын ұзындығы –Т периодқа тең уақыт аралығынды толқын таралатын арақашықтық. Басқаша айтқанда, толқын ұзындығы деп толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқулары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығын айтамыз.
  • Толқын ұзындығының бөлшектердің тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама толқын жылдамдығы деп аталады.
  • Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп атайды.
  • Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен 20000 Гц-ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады. Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды.
  • Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары толқындар-ультрадыбыстар, ал 16 Гц-тен төмені-инфрадыбыстар деп аталады. Бұл дыбыстарды адам құлағы естімейді.
  • Камертондардың немесе басқа да гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
  • Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
  • Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.
  • Тембр-адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
  • Шу— әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

 

Бір дыбыс біреуге музыка болып естілгенмен, екінші біреуге ол шу болуы мүмкін. Құстардың сайрағаны, аттың кісінегені, шөптің сыбдыры орманшыға әуен болып естілсе, біздерге ол шу болуы мүмкін. Сол сияқты симфониялық оркестрдің орындауындағы музыка немесе опералық ариялар көптеген адамдарға тартымды ештеңесі жоқ болып көрінеді . Ал, кейбіреулер музыканың құдіреті міне осында деп таңдай қағып жатады.

Сонда физикалық тұрғыдан музыкалық дыбыс пен шудың айырмашылығы неде?. Музыкалық дыбыстар неге ұқсас емес?  Өйткені жиілік дыбыстың басты сипатының бірі. Ол секунд ішіндегі тербеліс санын білдіреді.

Сонымен физикада дыбыстың жоғарлығы тербеліс жиілігімен анықталады. Ішек тербелген кезде де дәл осы байқалады. Ішекті күштірек керсек тербелістер жиілігі артады. Адамның құлағы қабылдамайтын 16000-20000 Гц тік тербелістер тасты жарады, татты кетіреді, материалдарды ұсақтайды.

Ең төменгі музыкалық дыбыстардың адамға естілу жиілігі секундына 16 тербеліс. Ал секундына 27 тербеліс тоны құлаққа анық естіледі.

  1. V. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

Тест жұмысы.   5 минут.

  1. Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?

А)   инфрадыбыстар                    Б)  акустикалық дыбыстар

С) ультрадыбыстар                     Д) толқындық дыбыстар

  1. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі?

 А)   20 000 Гц                 Б)  200 000 Гц

  С) 200 Гц                      Д) 2 Гц

  1. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?

А)   тонның биіктігіне             Б)  тербеліс амплитудасына

          С) тербеліс жиілігіне               Д)  таралу жылдамдығына

  1. Ауадағы  дыбыстың таралу жылдамдығы

А)   50 м/с                  Б)  300000 км/с

          С) 330 м/с                  Д) 1480  м/с

  1. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?

А)   метр                    Б)  Герц

          С) Децибел                Д) м/с

Есептер шығару. 26- жаттығу.

  1. VI. Сабақты бекіту.
  2. Әртүрлі аспаптар дың шығаратын жиіліктері бірдей ма?

VII. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА.

VIII. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ.