Деформация. Гук заңы.

109

 

Сабақтың тақырыбы:

Деформация. Гук заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өтілген  сабақ материалдарын еске түсіре отырып, деформация ұғымымен, оның түрлерімен танысып, Гук заңын тұжырымдау

Дамытушылық:Оқушылардың  эксперименттік жұмыстар жүргізіп, қорытынды жасау арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік:күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушыларды физика тілінде сөйлеуге,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Пәнаралық байланыс:қазақстан тарихы, математика, бейнелеуөнері

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, түгендеймін. Сабаққа деген позитивті көңіл-күй туғызамын

Үй тапсырмасын сұрау

«Суреттер сөйлейді»

Ауырлық күші
Үйкеліс күші: домалау үйкелісі
Үйкеліс күші: сырғанауүйкелісі
 

 

 

 

Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші
Архимед күші

 

 

«Тәжірибелер мәні»

Ал балалар, бұлбөлімде біз келесі құралдарды пайдалана о тырып тәжірибе жүргізуіміз керек. Осы тәжірибелер қорытындысы бойынша өткен сабақтарды қалай меңгергендеріңдіанықтайық.

Құрал жабдықтар: суы бар стакан, ағаш, тұз, май, пипетка

Судың тығыздығы:  1000 кг/м3

1.Суға алдымен ағаш бөлігін салып көреміз, ағаш су түбіне батпайды, өйткені ағаш тығыздығы судан әлдеқайда төмен. (ағаштыкы 400 кг/м3)

  1. Май тамшысын суға тамызамыз. Су түбіне май батпайды, бетінде қалқып тұрады. (Майдыкы 930 кг/м3 )
  2. Тұз түйіршігін суға тамызамыз. Су түбіне тұз батады, себебі тұз тығыздығы 930 2200 кг/м3

«Сиқырлы сандық»

Есептің жауаптары дұрыс шықса, сандықтан сыйлықтар шығады.

 

  А-деңгейі

Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

В-деңгейі

Бөлменің өлшемі ұзындығы 4 м, ені 2,5 м, биіктігі 2 м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3 кг/мболса, ондабөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай?

С-деңгейі

Табанының ауданы 0,4*0,2 м, тікбұрышты параллелепипед түріндегі аквариум 0,15 м биіктігіне  дейін сумен толтырылған. Аквариумдегі судың көлемін анықтаңыз. Осы судың массасы қандай? Судың тығыздығы 1000 кг/м

 

Сандықтан пластилин, шар, кнопкалы қаламсап, қатаңдығы әр түрлі серіппе  шығады

«Эксперименттер сыры»

Пружинаға, шарға, пластилинге күш түсіріп әсер еткенімізде олардың пішіні және өлшемдері өзгереді. Ал физикада мұндай құбылысты деформация деп атайды.

Әр түрлі қатаңдықтағы пружиналарға жүктер ілу арқылы алдымен Серпімділік күші пружинаның қатаңдығына одан соң серіппенің ұзаруына тәуелді екеніне көз жеткізу.

1.     Әр түрлі қатаңдықтағы  серіппені пайдаланып,  жүктер іліп немесе қолмен созу арқылы оның серпімділік күші серіппенің қатаңдығына және  серіппенің ұзаруына тәуелді екендігіне көз жеткіземіз.

 

2. Созылатын жіп аламыз. Оның бір ұшын штативке екінші ұшына жүк байлаймыз.

Жүк байламас бұрын созылмалы жіптің ұзындығын өлшеп аламыз. Жүк байлаған соң өлшеп, өлшемдерін жазып аламыз.

 

 

  1. Шарды саусақпен басып қайта жібереміз, пластилинді де осылай жасаймыз. Шарға сырттан әрекет ететін күшті тоқтатсақ, бастапқы қалпына қайта оралады. Ал пластилинге әрекет ететін күшті тоқтатсақ, ол бастапқы қалпына келмейді. Күш әрекет еткен кезде енген пішінін сақтайды. Бұдан мынадай қорытынды шығады.
Деформация
Серпімді
Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін  деформация түрі.: шар, пружина
Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін өзінің бастапқы пішіні менн өлшемін өзгертетін деформация түрі.: пластилин, доп

 

 

 

 

Сабақты бекіту

 

Егер сендер Гуктың орнында болсаңдар, осы

тәжірибелерден қандай тұжырымдама шығарар едіңдер?

«Ой қозғау»

 

Мына суреттердегі деформация түрлерін түсіндіріңдер

«Оқулықпен жұмыс »

10-жаттығу 1,2,3

Үйге тапсырма: Деформация. Гук заңы. 10-жаттығу №4

Бағалау: оқушыларға алдын ала үшбұрыш, төртбұрыш және бесбұрыштар таратамын сол бойынша оқушылар өздерін бағалайды.