Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.

Сабақ тақырыбы: §4,§5,§6. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.

Сабақ мақсаты: 1. Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар,  халық астрономиясына және  астрономияның бүгінгі салаларына байланысты түсініктер  алуға жағдай жасау.

2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабылетін жетілдіру. Пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

  1. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакаттар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:

  1. Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
  5. Физикаың мақсаты не?
  6. Физика заңдары қалай ашылады?
  7. Физикалық теориялар қалай жасалады?
  8. Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?
  9. ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?

10.Неліктен физика техниканың негізі болып табылады?

ІІІ.Жаңа  сабақ.

Берілетін түсініктер: асторномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.

«Астрон» — жұлдыз, «номос» — заң.

Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.

Біздің ғалам – шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.

Космонавтика  әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.

Космогония  аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.

Космология — бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.

ІV. Пысықтау.

1.Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған?

  1. Астрономия ғылымы нені зерттейді?
  2. Астрономияның қандай салалары бар?
  3. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың қандай еңбектері бар?
  4. Аспан денелері туралы астрономиялық атаулар қалай қалыптасқан?
  5. Қорытындылау.

 VІ. Үйге тапсырма: §4,§5,§6. Аспан денелері туралы аңыздар.

  1. Бағалау.