Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент.

234

қ тақырыбы: §§ 7,8. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент.

Сабақ мақсаты: 1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың

ерекшеліктері, болжам туралы түсінік алуға жағдай

жасау.

2.Оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылыми ой

қорытындыларын жасауға жетелеу, ғылыми

дүниетанымын қалыптастыру.

  1. Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау

Сабақ көрнекілігі: приборлар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
  2. Астрономия нені зерттейді?
  3. Астрономияның ұандай салалары бар?
  4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
  5. Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
  • Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
  • Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
  • Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
  • Гук заңы: серпімділік шегінде серіппенің L созылуы оған әрекет ететін жүктің Р салмағына тура пропорционал өзгереді.

 

Р,Н

 

 

 

 

 

0                                                   I, мм

 

ІV. Пысықтау.

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
  2. Болжам дегеніміз не?
  3. Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?
  4. Эксперимент жүргізуге қандай талаптар қойылады?
  5. Гук заңы қалай оқылады?
  6. V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§7,8.

7-сынып

Сабақ тақырыбы:§9.§10 Физикалық теорияның қалыптасуы. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.

Сабақ мақсаты:

  1. Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

Берілетін сұрақтар:

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
  2. Болжам дегеніміз не?
  3. Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?
  4. Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?
  5. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды  бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.

     Физиканың  4  іргелі теориялары:

  • Классикалық механика теориясы;
  • Термодинамика және молекулалық физика теориясы;
  • Электродинамика теориясы;
  • Кванттық механика теориясы.

    Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.

    Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.

   Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

 

ІV. Есептер шығару.

1-жаттығу.

№1, №2, №3.

V.Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §§9,10. 1-ж. №4, №5, 4-тапсырма.