Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

401

Сабақ тақырыбы:§15. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға молекулалардың қозғалысы, диффузия құбылысы,

температура туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
  2. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, «Сұйықтардағы және газдардағы диффузия» видеофрагменті, марганцовка, ыстық және суық су құйылған ыдыстар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?
  2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?
  3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?
  4. Молекула дегеніміз не?
  5. Заттардың молекулалары бірдей ме?
  6. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.

 

 

Диффузия  сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады)

 

Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып  тұрады.

Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.

Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.

  1. Пысықтау.
  • Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды? Бұл құбылыс нені дәлелдейді?
  • Диффузия деген не?
  • Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде диффузияның жүру жылдамдығы, өтімділік ауқымы бірдей бола ма? Не себептен денелерде жоғары температурада диффузия тез жүреді?
  • Диффузияның пайдасы ма? Зияны ше?
  • Диффузия құбылысынан заттың көлемі туралы, оны құрайтын молекулалар мен атомдардың ара қашықтығы туралы қандай қорытынды туындайды?
  • Қыстыгүні өзен мен көлдің бетін қалың мұз басқанда судағы балықтардың қырылып қалатынын қалай түсіндіруге болады?
  • Көкөністерді, азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?
  • Диффузияның температураға байланысы бар ма?
  • Дененің температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығының байланысы бар ма?

V.Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §15. 6-тапсырма.