кішкентай денелердің өлшемін анықтау.

Тақырыбы: кішкентай денелердің өлшемін анықтау.

Мақсаты: қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену.

Құрал-жабдықтар: сызғыш, кішкентай денелрдің жиынтығы, астауша, бұранда.

1-тапсырма. Шариктің диаметрін анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Астаушаға шариктердің бірнешеуін салыңдар да, оның екі жағындағы жылжымалы тиекті қозғай отырып, оларды бір-біріне түйістіріңдер. Сызғыштың екі тиектің ара қашықтығын өлшеп алыңдар. Оны астаушадағы шариктердің санына бөліп, бір шариктердің диаметрін анықтаңдар:

 

  1. Ұсақ денелрдің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсілі деп аталады
  2. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге толтырыңдар:

 

Зерттелетін денеҚатардағы бөлшектің саны (N)Қатардың ұзындығы

(L, мм)

Диаметр

(d, мм)

Диаметрді өлшеу қателігі

(h, мм)

 Шарик

 

2-тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу.

Жұмыстың барысы:

  1. Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондықтан оны анықтау үшін қатарлау тәсілі қолданылады.
  2. Бұранданың орам оймалары орналасқан бөлігінің ұзындығын сызғышпен өлшеп аламыз. Одан кейін оймалардың орам санын мұқият санап шығыңдар.
  3. Бұранда қадамын анықтауда бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Ол үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия немесе жұмсақ графитпен бояп алу керек.
  4. Өлшеулер мен есептеу нәтижелерін кестеге жазамыз.