Планеталардың қозғалысы.

Сабақ тақырыбы: §18. Планеталардың қозғалысы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға планеталардың қозғалысы туралы түсіндіру.
  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?
  2. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер.
  3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ғаламшарлар:

  • Жерге ұқсас ғаламшарлар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс.
  • Алып ғаламшарлар: Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.

 

 

 

Меркурий.

 

  • Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар.
  • Диаметрі Жерден 2,5 есе кіші.
  • Күнді 88 тәулікте айналып өтеді.
  • Күнге қараған жағының температурасы өте жоғары+3000С, қарама-қарсы жағы өте суық -2000С.

Шолпан

  • Күннен қашықтығы 108 млн. шақырым.
  • Жерден сәл кіші.
  • Күнді 225 тәулікте айналып өтеді.
  • Беткі температурасы 5000С

Марс

  • Диаметрі Жерден екі есе кіші.
  • Күнді 687 тәулікте айналып өтеді.
  • Екі серігі бар: Фобос және Деймос.
  • Жазда температурасы күндіз+200С. Қыста түнде -1250С

Юпитер

  • Диаметрі жағынан Жерден 11,5 есе үлкен.
  • Күнді 11,9 жылда айналып өтеді.
  • 16 серігі бар.
  • Өте тез айналады.

Сатурн

  • Диаметрі Жерден 9,5 есе үлкен.
  • Күнді 29,5 жылда айналады.
  • 17 серігі бар.

Уран

  • 1781 жылы неміс астрономы Гершель ашқан.
  • Күннен шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады.
  • 15 серігі бар.
  • Күнді 84 жылда айналып өтеді

Плутон

  • Күннен 6 млрд. шақырым қашықтықта орналасқан.
  • Күнді 247,7 жылда айналып өтеді.
  • Серігі – Харон.

Нептун

  • 1846 жылы француз Урбен Леверье, ағылшын Джон Адамс.

 

 

ІV. Пысықтау.

  1. «Планета» деген сөз нені білдіреді?
  2. Планеталардың қозғалысын қалай бақылауға болады?
  3. Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі қандай?
  4. Әр планетаға жеке-жеке сипаттама беріңдер.
  5. 8-тапсырманы орындау.
  6. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §18..