Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.

Сабақ тақырыбы: §26. Бір қалыпты  емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларды орташа жылдамдық туралы түсінік алуға жетелеу, бір қалыпты емес қозғалыс туралы ұғым туралы түсінік беруді әрі қарай жалғастыру
  2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
  3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
  2. Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
  3. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.
  4. Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?
  5. Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?
  6. Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?
  7. Оқушыларға берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі, яғни бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығын есептегендегі амал қолданылады.

  1. Есептер шығару.

9-жаттығу. №1, №2.

Карточкамен жұмыс. Деңгейлі тапсырмалар.

  1. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §26. 9-жаттығу. №3, №4.