Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі.

Сабақ тақырыбы: §27. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі.

Сабақ мақсаты:

  1. Қозғалыс заңы туралы, бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигі туралы түсінік алуға жетелеу.
  2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
  3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Орташа жылдамдық деп нені түсінеміз?
  2. Орташа жылдамдықты қалай еспетеп табуға болады?
  3. Дене қозғалысының белгілі бір уақыт аралығындағы орташа жылдамдығы белгілі болса, онда дененің осы уақыт аралғындағы орын ауыстыруын қалай есептеп шығаруға болады?
  4. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Қозғалыс теңдеуі:

х=x0+υt

Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық  нүктенің координатасы уақыттың сызықтық функциясы болып табылады.

Дене координатасының уақытқа тәуелділігі графигін дененің қозғалыс траекториясымен шатастыруға болмайды.

Координатаның уақытқа тәуелділігі графигіне қарап, қозғалыс жылдамдығы туралы айтуға болады. График кескіні неғұрлым тік болса, жылдамдықтың да соғұрлым үлкен болатынын білдіреді.

ІV. Пысықтау.

  • Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.
  • Орын ауыстыруды координаталар айырымы арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.
  • Қозғалыс заңының формуласын жазыңдар.
  • Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигі қандай болады?
  1. Есептер шығару. 9-жаттығу. №1, №2.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §27. 9-жаттығу. №3